Мақала Есірткіге жол жоқ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Есірткіге жол жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілері, оқушылар тәрбие сағаттарында пайдаланса болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есірткіге жол жоқ!

 

 Бүгінгі күні жалпы қоғамның  негізгі басты  мәселелерінің бірі – есірткі.Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі.Менің есірткі жайлы толық білмейтіндігім белгілі, себебі мен ол туралы тек қана теледидар беттерінен, мектептегі сынып сағаттарынан және баспа беттерінен кездестіріп, көріп қаламын. Ал жалпы ол тақырып бойынша белгілі бір тапсырмаларды орындау барысында болмаса, оған қызығушылық тудырып танысып көрген жоқпын. Мен оның соншалықты қасіретті дерт екенін ата-анамыздан, мұғалімдерімізден естігеннен соң ба, білмеймін тіпті ол туралы ойлағым да келмейді.  Мен осы шығарманы жазу барысында есірткі жайлы бірнеше мағлұматтар іздестірдім. Есірткі «біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды» деген дерек бар екен. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алыпты. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болған. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл   жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.

  Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілген. «1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар   Ұйымының құзырына көшкен»,- деген мәліметтерді таптым.  Жалпы нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады екен. Себебі бұл жерде жасөспірімдердің білімсіздігі: яғни есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңіл желпі қарауы; қызығушылығы: қызығушылықтың туындауына БАҚ себеп болады дей аламын; ойын-сауық орындары; жаман достардың қысым жасауы; әуестік: "бір рет көрейін, сосын тастаймын” деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады екен. Сонымен қатар «Есірткі шеккен адамның мінез-құлқы да өзгереді, есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады. Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды. Есірткінің организмге тигізетін әсері. Есірткі заттар ми және орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян келтіреді. Сондықтан миға тәуелді ақыл-ой мен ерік күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай қауіпті мінез-құлық пен әрекеттерден айрылады. Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен, жүйке және психикалық ауруларға шалдығады. Ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар (сандырақтау, қисынсыз әрекеттер жасау), галлюцинациялар (бос қорқыныш, елес көру, дыбыстар есту), ұмытшақтық, қысқаша айтқанда психикалық ауытқулар.

- Ас қорыту жүйесінің бұзылуы;

- Бауыр және бүйрек аурулары;

- Көз көруінің нашарлауы;

- Тыныс алу жүйесінің өзгерістері;

- Қан аздық, қанның улануы, қан талшықтарының түрі мен мөлшерінің өзгеруі, қанның ұюы және бұдан туындаған гангрена.Есірткінің ең басты болымсыз жақтарының бірі өлімге апаратын улану болып табылады»,-деген мәліметтерді де оқи отыра, ұсынып отырмын.

   Мен өзім жасөспіріммін, жасым 14-те. Мен қарапайым негізгі мектепте оқимын. Әр түрлі үйірмелерге, секцияларға қатысамын. Бос уақытымда музыка тыңдаймын, сурет саламын, романдар, поэмалар оқимын және Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқығанды ұнатамын, достарыммен кездесемін. Маған өзімнің және жақындарымның өмірі қымбат, сондықтан мен бар күш-жігеріммен есірткіге қарсы күресетін боламын. Себебі, достарымды, жақындарымды  және құрдастарымды дені сау және бақытты болғанын қалаймын. Мен темекі шекпеймін, алкогольді сусындар ішпеймін, ешқандай есірткі қолданбаймын, тіпті мен ол туралы ойлаған емеспін және ойлағым да келмейді. Мені қазіргі өмірім қанағаттандырады, ал мұндай өмір кейбіреулерге қызықсыз болуы да мүмкін. Маған «қас қағым сәттік» бақыт керек емес, мен онсыз да бақыттымын, себебі менің отбасым, достарым, армандарым, алға қойған мақсаттарым бар. Мен өмірімнің әр минутына қуанамын. Меніңше, бұл қатерлі де жаман әдеттен сені, тек сен өзің ғана және сенің жақындарың ғана алып шығатын сияқты. Көбіне нашарқор адамдар – олар өмірге деген ынталары төмен, ештеңе ойламайтын, алдына ешқандай мақсат қоймайтын, кез-келген қиындықтан оңай жеңіле салатын болып келеді. Олар соңында өздерінің денсаулығынан, отбасынан және достарынан, оқуынан, үйінен, тіпті өмірінен де айырылады. Сондықтан әр жасөспірімге «Есірткі – құрдымға апаратын жол» екенін есіңнен шығармағаның абзал, дегім келеді.

 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1494
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі