400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: Family and friends. My family (Отбасым және достарым. Менің отбасым)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарының, оның ішінде 3 сыныптардың “Family and friends” оқулығы бойынша мақала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Family and friends. My family

(Отбасым және достарым. Менің отбасым)


Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!..


Ақын Қадыр Мырза Әлидің осынау өлең жолдары әрбір жасқа ой салып, Ана тілімен қатар шетел тілін оқу мен оқытудың маңызы мен білімді адамның алар асуы биік екенін айтып тұрғандай. Мемлекетіміздің мектептерінде қазақ тілін оқытуға айрықша назар аударылуда. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақстан Республикасы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдаған бірден-бір мемлекет. [1] Әлемде 95 тіл мемлекеттік тіл болып табылады. Ал 56 мемлекет ағылшын тілін мемлекеттік тіл ретінде таныған. Соның ішінде біздің еліміз мектептерінде ағылшын тілін оқытылады. Ағылшын тілі - халықаралық тіл (де-факто - лингва франка). Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай және испан тілінен кейінгі халық саны бойынша ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі -БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Интернетте ең көп қолданылатын тіл, барлық веб-сайттардың 55 пайызы ағылшын тілінде жасалған. Тіл авиацияның ресми тілі болып табылады. Аспанда ұшқыштар ұлтына қарамастан дәл осы тілді қолданады. [1]

Сондықтан, еліміздегі әрбір бүлдіршін мектептің бастауыш сыныбынан бастап ағылшын тілін үйренуі қажет. Мен бастауыштың 3 - сыныбына ағылшын тілінен сабақ беремін. Әлем халықтары сөйлеген тілді балаларға үйретудің оңай тәсілі арқылы қызықтыра отырып, сабақ өтемін. Ағылшын тілін үйрену мен сөйлеудің де ерекшеліктері бар. Бүгінде технологиялардың дамыған кезінде ағылшын тілін үйретерін офлайн, онлайн курстар көп. Тіл үйрету орталықтары қаланы айтпағанда, ауылдық жерлерде де ашылып, тілге қызыққан жасөспірімдермен сабақ өткізуде. Соған қарап көпшілік тілді тез үйреніп алады деп ойлайды. Әрине, ең алдымен тілдің лексикасын меңгермей жатып, сауатты сөйлеу мүмкін емес. Бастауыш сынып оқушыларына тіл лексикасын үйренуіне көп көңіл бөлу керек, өйткені лексика сөйлеу әрекетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Гимназияның 3 – сыныбында «Family and friends» оқулығын пайдаланамын. Оқулық отбасы мен оның құндылықтарына арналған. Отбасы – шағын мемлекет. Family and friends. My family (Отбасым және достарым. Менің отбасым) тақырыбын алайық. Отбасында ата-ананың алатын орны ерекше. Бүкіл тәрбие бастауы отбасында өрбиді. Құрмет, сыйлластық, мейірім мен қайырымдылық, бауырмалдылық, Отансүйгіштік, еңбекқорлық қасиеттері қалыптасады. Міне, осы үрдістерді шәкірттерге ағылшын тілінде айта білуге үйретемін. Алдымен қазақ тілінде айтып, оның ағылшын тілінде аудармасын айтады. Басты назарды сөйлеу техникасына аударамын. Әрі ағылшын тілінде дұрыс айтылуын қадағалаймын. Әр оқушыда отбасы, достары туралы еркін сөйлеудің негізі қаланады.

My free time. I can do. (Менің бос уақытым. Мен жасай аламын). Оқушы сабақтан тыс уақытта немен айналысады. Үй тапсырмасын қалай орындайды. Достарымен қалай араласады. Осы сұрақтарға жауап бере отырып, атқарған жұмыстарын арнайы суреттер арқылы көрсетеді. «Мен жасай аламын» - деген тақырыпта оқушы ата-анасына қолғабыс етеді. Дүкенге барады. Арасында әлеуметтік желілердегі құрбыларымен араласады. Адам баласы үшін ең маңыздысы – денсаулық. Денсаулықты бала жаздан күтуі керек. Сыныптағы оқушылар денсаулығын қалай күтеді деген сұраққа жауап береді. Оны «Health. Parts of the body (Денсаулық. Дене мүшелері)» - деген тақырыпта өрбітеміз.

Ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінде мұғалім келесі ережелерді басшылыққа аламын.

Коммуникативті бағыт принципі:

1 ереже-жағдайды таңдау.

2 ереже-қайталану және жаңашылдық.

3-ереже-әркімнің шет тіліндегі қарым-қатынасқа қатысуы.

4 ереже-шет тілінде сөйлесуге қолайлы жағдайлар.

5 ереже -тапсырмалардың коммуникативтілігі.

Ағылшын тіліне әр 3 – сыныптағы әр оқушының қызығушылығын арттыру үшін үнемі әңгімелесемін. Оқушылар алдымен сөздерді көрнекілік құралы арқылы айтады. Кейіннен сөзден қысқа сөйлем құрып үйренеді. Одан кейін бір-біріне сұрақ қойып, жауап беріп сұхбаттасады. Үйде немен айналысты. Қандай үйірмеге қатысады. Әке мен ана туралы қысқа-қысқа сөйлемдермен айтып береді. Қала балалары болғандықтан, отбасымен, достарымен бірге барып демалатын орындарында өткізеді. Достық, отбасылық бірлік, татулық туралы да қысқа сөйлеммен айта алатын деңгейге жетті.

Тіл үйрену – шыдамдылықты, ізденісті талап етеді. Сондықтан, оқушының ағылшын тілінде сөйлей алуы үшін ана тілімізде сауатты, көркем сөйлеуге міндетті. Әр оқушы жасына лайық әдеби кітаптарды оқуымен қатар отбасында ата-анамен, бауырларымен, достарымен көп сөйлесуі керек. Бала сөйлеген сайын оның тілдік қоры көбейеді, тақырыпты тез меңгереді және кез келген сұраққа мүдірмей жауап бере алады. Ағылшын тілін бастауыш сыныпта айтарлықтай меңгерген оқушы орта және жоғары сыныпта грамматика тұрғысынан да, лексика мен фонетика саласынан да үздік болады.


ҚАРСЫБЕК Гүлжан Темирланқызы,

Алматы қаласы, Алмалы ауданы

«№15 гимназияның» ағылшын тілі пәні мұғалімі

[1] Мәлімет ашық дереккөздерінен алынды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.03.2025
321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі