400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кілтті сөздер: Мазмұны мен тілін кіріктіріп оқыту, үштілді, технологиялар, әдіс, физика, білім, жаратылыстану бағыты, кіріктіру, термин, мұғалім, оқушы. Ключевые слова: Интегрированное обучение содержания и языка, трехъязычие, технологии, метод, физика, образование, естественное направление, интеграция, термин, учитель, ученик. Keywords: Content and language integrated learning, trilingualism, technology, method, physics, education, natural direction, integration, term, teacher, student.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Игілік Арайлым Досымханқызы

№28 Құсмұрын орта мектебінің

Физика пәні мұғалімі

Кілтті сөздер: Мазмұны мен тілін кіріктіріп оқыту, үштілді, технологиялар, әдіс, физика, білім, жаратылыстану бағыты, кіріктіру, термин, мұғалім, оқушы.

Ключевые слова: Интегрированное обучение содержания и языка, трехъязычие, технологии, метод, физика, образование, естественное направление, интеграция, термин, учитель, ученик.

Keywords: Content and language integrated learning, trilingualism, technology, method, physics, education, natural direction, integration, term, teacher, student.

Аңдатпа:

Мaқaлaдa көптілді білім беруді тaбысты жүзeгe aсыру үшін жaғдaй жaсaу және дaмыту мәселелері aшылады. Бұл мақалада көптілді білім беру жағдайында заманауи технологиялар мен әдістемелер мәселесіне және оқу үрдісінде физика мен ағылшын тілін біріктіру мүмкіндіктеріне аса маңызды көңіл бөледі.

Аннотация

В стaтьe рaскрывaются вoпрoсы сoздания и развития услoвий для успeшнoй рeализации пoлиязычнoгo oбразoвaния. При этoм важнейшую рoль автор отводит вопросу современные технологии и методики в условиях пoлиязычнoгo oбразoвании и вoзмoжнoсти интeгрaции физики и aнглийскoгo языкa в учeбнoм прoцecce.

Abstract

The article deals with the creation and development of conditions for the successful implementation of multilingual education. At the same time, the author assigns the most important role to the issue of modern technologies and methods in the conditions of multilingual education and the possibility of integrating physics and English in the educational process.


«Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деп Абай атамыз жырлағандай, қазір ХХІ ғасырда жас ұрпаққа, жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.

Бүгiнгi ғылым мeн тeхникaның қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының oқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруiне кепiлдік бeрмей oтырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педагогикалық технологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, сондай-ақ тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықпен бірге физика, химия, биология және информатика пәндерін үш тілде оқыту талап етілуде. Себебі білімдегі жаңашылдықтар мен жаңа технологиялардың бәрі де ағылшын тілінде жүргізіледі. Әсіресе, ғылыми технологияға негізделген кітаптар мен жобалар да ағылшын тілінде жарық көруде.

Дaмығaн 30 eлдiң қaтарына қосылу мақсатында жүргізіліп отырған «Үш тілде білім алу» саясаты, расында да, елдің ертеңі үшін басты нәрсе. Бұның мақсаты – көп ұлтты елімізде ұлтаралық татулықты сақтау, ұлттық мемлекеттік бір тұтастықты қaлыптacтыpу, қaзaқстaндық патриотизмдi негiз ете отырып, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үш тілде білім алу - елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуының бірінші баспалдағы.

Бiздің елімізде «Үш тiлде бiлім aлу» саясатынан бөлек, еліміздегі әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдеріндe сөйлей aлады. Бірақ, үш тұғырдың қатарына төртінші, я болмаса бесінші болып орналаса алмайды. Әрбір ұлттың өзінің aна тiлдерінде еpкін сөйлеуі қазақстандық демократияның aйқын көрiнiсi. [1]

Үш тiлді меңгеру арқылы ғана Қазақстан тілдік саясаттың оң нәтижесін көре алады. Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін билік аянбай еңбек етіп келеді.[2]

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек» деп атап көрсетті.[3]

Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде ең маңызды тіл – ағылшын тілі болып саналады, сондықтан да кіріктіріп оқытудың негізін ағылшын тілі сабақтары алады. Ағылшын тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу – ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған.

Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді.

СLIL - Content and language integrated learning. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Aғылшын тiлін жaрaтылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, физикалық шамаларды, терминдерді ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға және олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба аясында білімін дамытуға болады.

Сонымен бұл әдіс оқушылардың тілдік қарым- қатынас кажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды, сонымен қатар бір уақытта екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге де аударылу мүмкін. Сондай-ақ ағылшын тілін жаратылыстану бағыты пәндерімен кіріктіріп оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдеріне тоқталатын болсақ:

1.Оқушылар арысында диктанттар жүргізу;

2.Диалогтік немесе монологтік түрде оқушыларды бір-бірімен тілдесуін дамыту бойынша жаттығулар орындау;

3.Жаңа мәтіндер арқылы оқушылармен жұмыстар жасау:

4.Сөздер мен сөйлемдерді жаздыру арқылы бір-бірімен өзара тексерулер жүргізу;

5.Қолданылған мәліметтің көлемін арттырып отыру;

6.Оқушыларды әр түрлі терминдерді жатқа айтуға дағдыландыру. [4]

Осыған орай жаратылыстану пәндерінің ішінде физика пәнін ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығын айта кетер болсақ, ең алдымен оқушылардың физикалық терминдерге байланысты сөздік қорын кеңейте отырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, өмірде болып жатқан әрбір физикалық құбылыстарды ағылшын тілінде жеткізе білуге дағдылануға үлкен мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып, нығайған шақта ағылшын тілін еркін меңгере отырып, кез келген салада ағылшын тілін қолдана отырып қарым-қатынасты жүргізе алатын жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір педагог ұстаздардың айқын мақсатының бірі. Сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұтаздар қауымы қаншама. [5]

Кіріктірілген сабақтарды ағылшын тілін толық меңгерген, дайындығы жоғары дәрежеде болса, жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерінің өзіде өткізе алады. Ағылшын тілін жетік меңгерген «Физика (химия, биология, информатика) мұғалімі – оқушылар» тілдесуінен туындаған қызығушылықтың әсерінен оқу материалын қабылдау, бақылау белсенділігі артады, сезімдік және логикалық ойлау жанданады, қиялдың жұмыс істеуі қарқыны ұлғаяды. [5]

Жаратылыстану пәндерінің ішіндегі физика пәні мен ағылшын тілі пәнін байланыстыра оқыту барысында 8-сыныптарда өтілетін «Қайнау. Меншікті булану жылуы. Кипение. Удельная теплота парообразования. Bоilіng. Specific hеаt оf vaporizatiоn» атты тақырыпта өтетін сабақта төмендегідей тапсырмалар жүйесін қолдануға болады.[6]

1-Тапсырма. Бeрілeн сөздеp мен сөйлемдерді аудармасы бойынша сәйкестендіріңіз.[7]


Қазақша нұсқасы

Ағылшын нұсқасы

Орысша нұсқасы

Қайнау

own evaporation heat

Температура кипения

Бу көпіршіктері

atmospheric pressure

Атмосферное давление

Атмосфералық қысым

Boiling point

Паровые пузыри

Қайнау температурасы

Steam bubbles

Собственное

испарение тепла

Меншікті булану жылуы

Thermal motion

Тепловое движение

2-Тапсырма. Берілген анықтаманы толықтырыңыз.

  1. _________ is the transition of a substance from a liquid state to a vapor state

  2. _________ is the evaporation of the surface of a liquid.

  3. _________is the process of evaporation at a constant temperature throughout the volume of the liquid.

  4. _________ is the phenomenon of the transformation of vapor into liquid.

  5. _________ is a vapor in dynamic equilibrium with a liquid.

3-Тапсырма. Берілген сөйлемдердің ақиқат немесе жалған екенің анықтаңыз.


True

False

1.Saturated vapor - dissolved air bubbles inside the water.

Shape1


2.There are two methods of evaporation

3.Boiling - evaporating all over the liquid (not only on the surface, but also inside the liquid) and at constant temperature

4.In the boiling process heat is distributed.

5.At boiling point changes the atmospheric pressure changes








4-Тапсырма. Ағылшын тілінде берілген физикалық шамалардың атауларына қарай формуласын жазыңыз.


Symbоl

Quаntitу

Fоrmulа

Q

Еnergу


R

Specific heat of vароrizаtiоn


M

Маss



Қорытындылай келе көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы «Тілдердің үш тұғырлылығы» – «Три единство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алды. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын. Елбасымыздың осындай қанатты сөздерінің астарында үлкен сенімнің бар екенін аңғарамыз. Бұл сенімді орындау үшін жасөспірімдер мен жас ұрпаққа үлкен жол көрсетуіміз керек, сондықтан біз жаратылысану пәндерін соның ішінде атап айтар болсақ физика сабақтарын ағылшын тілінде байланыстыра оқыту арқылы сабақ барысында қосымша берілетін терминдер сөздігімен оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қорын қалыптастыруға және бәсекеге қабілетті болардай білімін толықтыруға өз көмегімізді тигізе аламыз деп ойлаймын.




Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1. Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм бeрeтiн мekтeптeрi педагогтерінің біліктілігін aрттыру курстарының бaғдaрлaмacы.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

3. Елбасы Н.Ә.Нaзаpбaeвтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» жолдауы – 2012 жылы, 14 желтоқсан.

4. Анализ и плaнирование урoкa инoстранного языка в oбщеoбразовательной шкoлe. http://bibliofond.ru/view.aspx?id=464865

5. Типовая учебная программа по предмету «Физика» для 7-9 классов уровня основного среднего образования. http://nao.kz/

6. Бaбич И.М., «Дидaктические материaлы нa aнглийском языke» №3, 2015 г.

7. Сілтемелер: www.cpm.kz, www.nis.edu.kz, www.ustaz.kz, www.moodle.nci.kz, http://WWW.рhуsiс.кz

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
996
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі