Мақала "Функциональдық сауаттылықты арттыру – заман талабы"

Тақырып бойынша 29 материал табылды

Мақала "Функциональдық сауаттылықты арттыру – заман талабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден - бір нұсқа сабақ бол¬са, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс- тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Соның ішінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Функциональдық сауаттылықты арттыру – заман талабы


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің

Б. Момышұлы атындағы

5 жалпы білім беретін мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Купобаеа Айнаш Кужубаевна


ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдары қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Осыған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы.Осы орайда оқушының функциональдық сауаттылығын арттыру қажеттілігі туындайды.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден - бір нұсқа сабақ бол­са, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс- тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Соның ішінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеттің алатын орны ерекше. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты дамыту үшін келесі стратеги­яларды өз сабақтарымда қолданып жүрмін: «Мен көріп тұрмын», «Мен ойлаймын», «Білгім келеді», «Инсерт», «Синквейн», "Венн диаграммасы" «Зертте» т.б. Сабақ барысын­да функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған әдіс-тәсілдер еркін ойлауға, пай­ымдамалар жасауға мүмкіндік береді, алған білімін өмірде қолдануға үйретеді. Тақырыптың негізігі өзегін, бағытын, мән- мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады. Қазіргі таңда тәжірибе барысын­да «Ассоциация» , «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау», әсіресе, «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдіс- тәсілдерді қолдану оқушының өздігінен білім алуына өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдыр­ды. Сондай-ақ, «Кейіпкерге хат», «Кубизм», «Т кестесі» т.б. әдіс-тәсілдерді әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай сара­лаймын. Функционалдық сауаттылықтың тағы бір тетігі шығармашылық жұмыстарға, дебатқа аударылады. Сабақ барысында дебат ұйымдастырып шығармашылық табыстарға жетуге болады. Дайындалған сұрақтарға оқушыларды өз ойларымен жауап беруге ұйымдастыра отырып, мысалы, мәтінді игер­туде, өмірмен байланыстыруды ұсынып, “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын жүзеге асырамын.

Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір- сайыс өткізуге немесе “Бес жолдық өлең” жаздыруға болады. Мұндағы мақсатым – оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Өйткені, функционалдық сауаттылықты арттыру - заман талабы. Сөз соңында функционалдық сауаттылықты да­мытуда инновациялық әдістерді ұтымды қолдана білейік дегім келеді. Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тап­сырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Демек, жаңаша әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы деп қорытынды жасаймын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2023
256
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі