ШҚО, Семей қаласы, «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ
Сагатбекова Жанар Каликановна - математика пәнінің мұғалімі,
Башенова Айнур Дауытбековна- химия пәнінің мұғалімі,
Баймаганбет Жадыра Кошербаевна - математика пәнінің мұғалімі,
Уразмухаметова Мейрамгуль Мубараковна - математика пәнінің мұғалімі,
«ГРАФИКАЛЫҚ ОРГАНАЙЗЕРДІ» ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫН ЖЕТІЛДІРУ
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study-де сабақты бірлесе жоспарлап, жұмыстарын талдай отырып, бірге жұмыс істейтін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін жинақталған жұмыстарын жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Біз осы мақсатта өз мектебімізде Lesson Study өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, «SMART» атты топ құрдық. Топ зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтау үшін сынып оқушыларынан сауалнама алынды.
Сауалнама төмендегідей мазмұнда болды:
1. Мұғалімнің сабақ беруі ұнай ма?
2. Мұғалім сенің оқуыңды әділ бағалай ма?
3. Мұғалім сенің оқуына қажетті қолдау көрсете ме?
4. Қалыптастыруша бағалау кезінде өзіңді шынайы бағалайсың ба?
5. Кері байланыс кезінде қиындықтар туындады ма?
Сауалнама қорытындысы:

Оқушы пікірін ескеру арқылы оқушылардан алынған сауалнаманың нәтижесін, пікірін, қалау-сұраныстарын ескере отырып, сабақта оқушылардың үйрену және қарым-қатынас әрекеттерін бақылау арқылы топ мүшелерінде мынадай ортақ сұрақ туындады: «Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары оқушыларға өзін-өзі шынайы бағалауына септігін қалай тигізеді ме?» Осы сұрақтың аясында оқыту мен оқытудағы кедергілерді шешу үшін топ мүшелері түрлі әдіс-тәсілдерді ұсынып, талдау жасай отырып, Блум таксономиясының барлық кезеңдерін қанағаттандыратын «Графикалық органайзерді» тиімді деп таптық. Бұдан зерттеу тақырыбымыз: ««Графикалық органайзерді» қолдану арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауын жетілдіру» болып шықты.
Зерттеу мақсаттары:
-
Сабақтың әрбір кезеңінде А,В,С оқушылар үшін өзін-өзі дұрыс бағалайтындай тиімді әдісті таңдап алу;
-
Оқыту үдерісіндегі өзін-өзі бағалаудың рөлін анықтау;
-
Оқытудағы ілгерілеуді қадағалау үшін қалыптастырушы бағалаудың тиімді түрлерін таңдау.
Өзектілігі: «графикалық органайзерді» қолдана отырып, оқыту дағдыларын дамытуды кері байланыс алуға бағыттау.
Жаңашылдығы: Lesson Study өткізу барысында графикалық органайзердің оқушылардың өзіндік пікір қалыптастыруына; кесте, диаграмма, схема жасауына; өзара көмектесуіне; өзара бағалауына; бірін-бірі қолпаштап, үйретуіне тиімді болып табылады.
Күтілетін нәтиже: оқушылар графикалық органайзерді қолдана отырып, өзіндік бағалауды жүргізе алады.
Тәжірибе құндылығы: 7 «А» сыныбында Lesson Study жоспарланған сабақтар тізбегін жүргізуді жоспарладық. Сыныпта - 26 оқушы. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші – 65 -70% құрайды. Топ мүшелері ақылдаса отырып осы сыныптағы зерттелетін үш оқушыны нақтылап, алдыда өткізетін сабақтарымызды жоспар бойынша 8 сабақ өткізу көзделді. Бүгінгі таңда 4 сабақ өткіздік. Бірінші алгебра сабағында таңдалған А,В,С деңгейдегі оқушыларды бақылай отырып сынып оқушыларымен бірге осы оқушыларды дамыту мақсатында графикалық органайзердің «Уақыт тізбегі» әдісін топпен оқулықтан берілген тапсырманы постер арқылы қорғады. Сабақ барысында бақылау жұмыстары жүргізілді. с
Сауаланама қорытындысы: Постер жақсы болды, бірақ топтық жұмыс кезінде кейбір оқушыларда қиындықтар туындады.
|
Талқыланған сұрақтар |
Талқылау нәтижесі |
|
Осы сабақта саған не ұнады? |
Челледж әдісі, табыс сатысында өзімді анықтау, топта пікірді дәлелдеу ұнады |
|
Не үйрендің? |
Өзгенің пікірін тыңдау, сұраққа толық жауап беру, формулаларды пысықтадым, жұппен жұмыс, қиын есептерді талдау |
|
Топпен жұмыс ұнады ма? |
иә |
|
Сабақта қай кезең ұнады? |
Есеп шығару, топқа бөлген кез, «Челледж» тапсырмасын орындау, постер жасау, нұсқамен есеп шығару |
|
Қандай кезде саған түсініксіз, қиын болды? |
Топта жұмысқа ілесе алмадым, түсініксіз сұрақтарға жауап ала алмадым, нұсқа бойынша берілген есептерді шығаруда, тақтадан көрінбеді, түсінікті, еш қиналмадым. |
Бақылаушылар өз рөлдеріне сәйкес А, В, С оқушыларына жүргізген талдау:
|
А оқушы |
В оқушы |
С оқушы |
|||
|
Күтілетін жауап |
Бақылау нәтижесі |
Күтілетін жауап |
Бақылау нәтижесі |
Күтілетін жауап |
Бақылау нәтижесі |
|
Топта белсенділігі төмен, бірақ білім бар. |
Үй тапсырмасы бар, формуланы біледі, бірақ топта белсенділігі төмен, топпен тапсырма орындауда өз үлесін қосты. Нұсқа бойынша берген 2 есептің біреуін ғана шығарды. |
Топта белсенді. Формулаларды біледі. Пікірін білдіре алады. |
Топпен жұмыс жасауда белсенділігі төмен, есептер шығарды. |
Топта белсенді, басшылық қасиеті жоғары, тапсырмаларды шапшаң орындайды. |
Топта лидер бола алды. Ортақ есептер шығаруда белсенділік танытты. |
1-ші сабақты талдап, оқушылардың сауалнама жауаптарын негізге ала отырып, оқушы үнін ескеру деген асқақ идея екенін ескеріп топтық жұмыста кездескен кемшіліктерді шешу үшін келесі сабақта графикалық органайзерді жұптық жұмыста қолдануды жоспарладық.
2-ші геометрия сабағына графикалық органайзердің «Фрейер кестесін» толтыру қолданылды. Бұл сабақ жұппен жұмысқа арналды.

Жұпта белсенділігі артады, кестені толтыруда үлес қосады. |
Жұппен жұмыста кесте толтыру барысында белсенділігі орташа болды. Пікірін дәлелдей алмады. |
Белсенді жауап береді. Пікірін білдіре алады. |
Жұппен жұмыс жасауда белсенділігі артты, кесте толтыруда қиналмады, сұрақтарға жауап берді. |
Жұпта белсенді, ұйымщылдық қасиеті жоғары, тапсырмаларды шапшаң орындайды. |
Сұрақтарға жауап берді, кесте толтыруда өзінің ой-өрісін көрсете алды. |
Бұл сабақтан соң да оқушылардан сауалнама алынды.
Сауалнама төмендегідей мазмұнда болды:
1. Мұғалімнің сабақтың тақырыбын ашуы ұнады ма?
2. Мұғалім сенің сеніміңді ақтады ма?
3. «Фрейер кестесін» толтыруда қиындық болды ма?
4. «Фрейер кестесін» толтыру пайдалы болды деп ойлайсың ба?
5. Жұпта кесте толтыруда қиындық болды ма?
Сауаланама қорытындысы:

Бұл сабақтан кейіңгі алаңдататын жайт – ол жұпта қиындықтың кездесуі. Яғни оқушылар бір парақты партада отырып толтырады. Демек, парақтың екі жағында екі оқушы отырады да, бір-бірінің жағындағы сұрақтарға қалаған сұраққа жауап жаза алмаған кездер болды.
Сынып бөлмесі үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Әдетте оқушылар партаға екеуден отыру, тиімді қарым-қатынас жүргізуіне жәрдемдеспейді, өйткені олар бір- бірімен қоян –қолтық араласып, алда немесе арт жақта отырғанмен әңгімелеседі. Сондықтан келесі, 3-ші зерттеу сабағында бірлесе оқудың бетпе-бет тұрғыдан өзара әрекеттесу түрін, парталарды қоюдың бетпе – бет отырысты таңдадық. Оқушылар бір-біріне бет қаратып отырып, «Ұғымның картасы» графикалық ұйымдастырушы кестесін жұптық форматта бірлесе жұмыс жасай отырып толтырды. Нәтижесінде бір–біріне жәрдемдесіп,демеп, өзара пікір алмасып, бірін-бірі үйрету арқылы өз оқуларын жақсарта түсті. Алайда әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Топтық жұмыстар үйренушілерде бірлік, бірегейлік сезімдер қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартып, бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді.Оқушылар өмірде «МЕН» қағидасынан гөрі «БІЗ» тұжырымының анағұрлым пайдалы екендігін біледі. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» екендігі баршаға аян сондықтан келесі зерттеу сабағында оқушылар бірлескен топтық жұмыс жасап, тапсырманы қызық та тартымды орындады. Тапсырманы топ құрамында орындау үйренушілердің барлығын дерлік белсенділендіреді.
Сабақ соңында оқушылардан «Өзін-өзі және жұбын бағалау» парағы алынды. Мұнда оқушылар соңындағы үш сауалға жауап берді.
|
Мені қызықтырған мағлұмат... |
|
«Ұғымның картасы» графикалық кестесін қарама-қарсы отырып толтыру, |
|
Бұл туралы мен әлі де көп білгім келеді… |
|
Валенттіліктің қолданысын, қалай шатаспай есептеуге болады |
|
Мен үшін түсіну қиын болған… |
|
Формула құру, топта талданса жақсы болар еді, достарымнан сұрар едім. |

Жұпта белсенді, кестені толтыруда үлес қосады. |
Қарама-қарсы отырып, сасқалақтау болды. |

Жұпта белсенді, өз ойын жазды. |

Сұрақтарға жауап берді, кесте толтыруда өте белсенді. |
4-ші алгебра сабағында «Мозайка» графикалық әдістерін қолдандық. Әрбір сабақта оқушыларға топтың бірігіп, жұптың, жеке оқушының еркін жұмыс істеулеріне мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, әр сабақта белсене қатысқандарын байқадық. Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай сабаққа деген ынталары жоғарылап, белгенділіктері артты. Сабақ соңында оқушылармен сұхбаттасқан кезде бақылауға алынған оқушылар сабақты меңгеруге және өз білімдерін көрсетуге осы қолданып жүрген «Графикалық органайзердің» тиімді болғанын айтты.
Қорытындылай келгенде ««Графикалық органайзерді» қолдану арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауын жетілдіру » тақырыбы бойынша зерттеу әрекетіміз оқушыны төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздік:
− Оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін түсінді;
− Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалау арқылы өзіндік белсенділігі, оқуға ынталары артты;
− Өзін-өзі және өзара бағалау оқушылардың өзара ынтымақтаса жұмыс жасауына ықпал етті;
− Пәнге деген қызығушылықтары жоғарылады;
− Өздеріне, сыныптастарына деген сенімділіктері артты;
− Өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға қалыптасты;
− Алған дағдылары мен білімдерін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауларда қолдана алды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала «ГРАФИКАЛЫҚ ОРГАНАЙЗЕРДІ» ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫН ЖЕТІЛДІРУ

шағым қалдыра аласыз