Грамматиканы және жаттығу жұмыстарын
жүргізуге байланысты тіл ұстарту
Басқа тілді үйренуде, дұрыс сөйлеп, сауатты жазу
мақсатында сол тілдің грамматикалық заңдылықтарын меңгерту – басты
шарттардың бірі. Оқушы екінші сыныптан бастап қазақ тілінің
грамматикалық құбылыстарымен танысады, үлгі бойынша дұрыс сөйлеуге,
сауатты жазуға үйренеді. Сынып озған сайын сөйлемді стильдік
жағынан дұрыс құрастыруға, сонымен бірге салыстыру, теңеу, антоним,
синоним, синонимдік құбылыстарды да қолдануға жаттығады. Қазақ
тілінің грамматикалық тұлғаларын сөйлеу тілінде түсініп қолданған
оқушының сөздік қоры да мол болады.
Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабақтарында
оқушыларға теориялық мағлұматтарды түсіндіру, жаттығу,
тапсырмаларды орындау, тіл үйрену, байланыстырып сөйлей білу, тіл
дамыту жұмыстарын іске асыру секілді жұмыстар атқарылады. Бұл әдіс
– тәсілдердің бәрі өз алдында жеке – жеке жүргізілетін дара
дүниелер емес, қайта бір – бірімен тығыз бірлікте болады, сабақ тек
қана теориялық, немесе практикалық болып бөлінбейді. Орыс
мектебінің барлық сыныптарындағы әр сабақ әрі теориялық әрі
практикалық мағлұматтар, сөйлеу дағдысына үйрену сабағы болып
есептеледі.
Грамматикалық тұлғаларды меңгеру тіл дамыту
жұмысымен тығыз байланысты жүргізіледі. Ал тіл дамыту жұмысы
байланыстырып сөйлеумен сабақтас. Сабақта оқушылар сұраққа жауап
беру, мәтін мазмұнын өз сөзімен айту, жоспар жасау, сұрақ қоя білу,
қиын сөз, сөз тіркестерін бөліп жаза білу, грамматикалық өзгерістер
жасау (бірінші жақта берілген әңгімені екінші, үшінші жаққа қою,
немесе хабарлы тұлғада берілген әңгімені, сөйлемді сұраулы тұлғада
қойып, т.б ) сияқты жұмыстарды атқарады. Мұғалім әр оқушымен жеке
жұмыс жүргізгенде ғана тілді меңгертуге, өз ойын түсінікті етіп
айтып беруге, яғни әр оқушыны өз шамасына қарай сөйлетуге
дағдыландырады.
Грамматикалық анықтамаларды түсіндірудің екі
түрлі әдісі бар. Олар – дедукциялық және индукциялық
әдістер.
Дедукциялық әдіс дегеніміз – білгілі
грамматикалық анықтаманы (ережені) айтып, соңынан мысал келтіре
отырып түсіндіру, яғни жалпыдан жалқыға қарай.
Индукциялық әдіс дегеніміз – белгілі бір
грамматикалық анықтаманы (ережені) мысалдарды талдағаннан кейін
барып айту, яғни жалқыдан жалпыға қарай болады. Грамматикалық
анықтаманы түсіндіргенде бұл екі әдіс те қолданылады. Дегенмен орыс
мектебінде өтілетін қазақ тілі сабағында, көбінесе, дедукциялық
/жалпыдан жалқыға, анықтамадан мысалға/ әдіс
қолданылады.
Ал индукциялық әдіс ана тілі сабақтарында басым
орын алады, өйткені оқушы мысалдарды талдағаннан кейін соған
сүйеніп, өзінше анықтама шығара алады, оған оқушының сөздік қоры
жетеді. Орыс мектебінде оқитын оқушы өз бетінше анықтама, ереже
шығаруға сөздік қоры жетпейді, сондықтан оларға мұғалім алдымен
грамматиканы айтып, оны мысалмен бекітеді.
Тіл сабағының жаңа тақырып түсіндіру, өткенді
қайталау, қорытынды жасау кезеңдерінде грамматикалық анықтамаларды
мысал келтіру арқылы, оқушылардың өздерін де қатынастыра отырып
пысықтап, қорытынды жасаймын. Грамматикалық ережелерді оқыту арқылы
тіл үйрену жұмысы да іске асырылады. Мысалы, көмекші есімдер (6
сынып ) деген грамматикалық анықтаманы оқыту арқылы тіл үйренеді,
тіл дамыту жұмысы жүргізіледі, ол үшін көрнекі құрал әзірленеді
(кесте, сурет). Кіріспе ретінде көмекші есімдер дегеніміз не, оның
қызметі, сөйлемдегі орны туралы мысал келтіре отырып, орыс тілінде
әңгіме жүргіземін. Екінші кезекте кестемен жұмыс жүргіземін.
Кестелерді талдай отырып, көмекші есімдердің қызметі, оның
практикалық мәні, не үшін көмекші аталатындығы, олардың септелу,
тәуелдену, орыс тіліне аударылу ерекшеліктері айтылады. Сондай-ақ
ондаған сөйлемдер құрылып, қазақша сөйлеугу оқушыларды
жаттықтырымын. Кестелердегі сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер оқылып,
аударылады. Үйге тапсырма ретінде көмекші есімдерді сөздік
дәптерлеріне жазып, жаттап , оған он сөйлем ойлап келу
тапсырылады.
Грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарымен
жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бірі- сөйлеммен жұмыс. Сөздік
қоры жеткілікті, қазақ тілінің грамматикалық құрылысын меңгерген
оқушы ғана сөйлемді дұрыс құра алады. Сонымен қатар әр сыныпқа сай
шығарма, мазмұндама, ауызша әңгіме жұмыстары, мәтін, сурет, саяхат,
кітап төңірегінде өткізіледі. Алғашқы жаттығу жұмыстары үшін
оқулықтағы мәтін, сурет алынады, кейін сабақ мақсатына қарай жұмыс
бірте-бірте күрделене келе жеке әңгімелер, мазмұнды суреттер,
кітаптар ұйымдастырылады.
Сабақта жаттығулармен жүргізілетін тіл дамыту
жұмыстары:
-
Белгілі бір
грамматикалық тұлғаны қатыстыра отырып, сөйлем құрастыруға
жаттығу;
-
Сұрақ қою, жеке сөз
қосу арқылы берілген сөйлемді өрбіту, толықтыру, кеңейтіп айту
әдісімен тіл дамыту;
-
Жеке сөздерден
сөйлем құрау жолымен тіл
дамыту;
-
Бір тұлғада берілген
сөзді, сөйлемді екінші тұлғадға қойып айту, жазу жұмыстары
арқылы;
Мәтінмен байланысты
жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында көрнекі құралдар
қолданылады.
-
Тақырыпқа байланысты
түрлі сүреттер;
-
Грамматика мен
жаттыға жұмыстарына байланысты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында
қолданылатын көрнекі
құралдар;
-
Грамматикалық
ережелерге арналған түрлі қима
қағаздар;
Грамматикалық
материалды оқытқанда түрлі жаттығулар жүйесін қолданамын. Жаңа
грамматикалық тақырыпты меңгеру әрі аудармаға жаттығу мақсатында
мынадай жұмыс түрлерін үнемі жүргізіп
отырамын.
1. Шашырынды түрде
берілген сөздерді бір ізге келтіріп барып
аудару.
2. Мәтін ішінен жаңа
грамматикалық анықтамаға байланысты тұлғаны тауып, сол сөйлемді
тұтас аудару.
3. Оқушылармен
өздігінен жазба жұмыстарын
жүргізу.
Сонымен қатар жаңа
анықтамалар орыс тілінің грамматикасымен салыстырылып (ұқсастығы,
айырмашылығы) түсініп барып жатталатын, сөйлемде қолданылатын
болады.Екі тілдің ұқсастығы мен ерекшеліктерін салыстыру арқылы
жаңа материалды түсіндіруде төмендегідей тапсырмалар
беріледі:
-
Қазақ тілі мен орыс
тіліндегі ұқсас әріптерді теріп жазып
келу;
-
Орыс тілінде жоқ
әріптерді теріп жазу;
-
Орыс тілінде бар
әріптерді атау;
-
Екі тілдегі кейбір
сөз тіркестерін салыстыру;
-
Кейбір дыбыстардың
ерекшелігіне мысалдар
келтіру;
-
Жаңа сөз тудырудың
жолдарын салыстыру;
-
Екі тілдегі ұқсас
грамматикалық құбылыстармен
таныстыру;
-
Сұрақ қою, мысал
келтіру арқылы грамматикалық анықтамаларды
түсіну;
Екінші сыныптан
бастап оқушылар Мынау не ? Мынау кім ? Кім келді? деген екі сөзден
құралған сөйлемдерді және оның жауабын меңгереді. Сынып жоғарылаған
сайын оқушыларға осы сұрақтарды кеңейте қоюға болады. Сыныпта кім
отыр? Үйде кімдер бар? Асан қайда барды? т.б. Жоғары сынып
оқушылары қазақ тілінің грамматикасымен біраз таныс - шақ
формалары, шылаулар, жалғаулар, есімдік, т.б, сондықтан бір
тұлғадағы сөз ,сөйлемді екінші тұлғаға қою жұмысы арқылы олардың
грамматикадан білім дәрежесі, сөздік қоры анықталады, байланыстырып
сөйлеуге дағдыланады, сөзді, сөйлемді өз орнына пайдалануға
төселеді.
Оқу орыс тілінде
жүргізілетін мектептерде қазақ тілінің әр сабағы көрнекі құралмен
өтетіндігі белгілі. Көрнекі құралдардың түрі, көлемі, аз-көптігі
сабақтың тақырыбына қарай белгіленеді. Кйбір жағдайларда оқулықтың
өзіндегі материалдарды көрнекі етіп пайдалануға болады. Көрнекі
құралмен өткен сабақтың тиімділігі материалды түсіндіруде мұғалім
көп қиналмайды, оқушылардың жаңа материалды қабілдауы, меңгеруі
жеңілденеді, сабақты түрлендіру арқылы оқушылардың қазақ тілін
оқуға деген ынтасы артады, тіл дамыту жұмысы еркін жүргізіледі,
сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды. Мәтінмен байланысты
жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында қолданылатын көрнекі
құралдар:
-
Тақырыпқа байланысты
түрлі суреттер.
-
Грамматика және жаттығу жұмыстарына байланысты жүргізілетін
тіл дамыту жұмыстарында қолданылатын көрнекі құралдар.
-
Грамматикалық
ережелерге арналған түрлі қима
қағаздар.
Осы жұмыстардың
әрқайсысында тіл дамытудың элементтері
бар.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
-
Адамбаева Ж. – «Орыс
мектептерінде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері». Алматы:
Рауан, 1993.
-
Оралбаева Н.,
Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту
әдістемесі.- Алматы: Рауан,
1996.
-
Нұржанова Ж. Қазақ
тілін тиімді оқыту жолдары: (әдістемелік құрал). – Алматы:
Ғылым,2001