Ұстаз...
Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне
ерекше жылулық нұрын себетін аяулы
тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам
баласының жүрегінде қадір тұтып,
құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі
Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін
қашанда қасиетті, қадірлі болған.
«Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз
алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана
тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып
жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр
сырын білуге, сан қилы құбылыстарын
терең түсінуге мұрындық болып, жан
дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке
баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл
төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның
жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін
аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын
қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды
өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін
бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне
сіңіріп, тер төгеді.
Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз
бола алмайды. ,Шын ұстаз болу үшін табиғи
дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке
ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз
тұл» деген тегін айтылмаса керек.
Дүниедегі сыйлы адам ол ұстаз. Себебі,
шәкіртіне өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп
үйреткен адамының алдында өзін өмір
бойы қарыздармын деп санайды. Бірақ
қазіргі таңда ұстазға жүктелер міндетөте
көп. Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ
ел тағдыры тұрады,өсіп келе жатқан
ұрпақпен жұмыс істейді.Оқушыларға
сапалы білім мен саналы тәрбие беруде
ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік
жүктеліп отыр.Қазақ мектебінің болашағы
туралы М Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі
мектебіне байланысты» деген.Мектебімізге
титтей болса да өз үлесімізді қосамыз
, өзімізді, әріптестерімізді өзгермелі
өмірге дайындаймыз деген мақсатта біз
Талдықорған қаласындағы педагогикалық
шеберлік орталығына 3 айлық оқуға
келдік.Бұл қандай оқу тренеріміз кім
болады ? деген сұрақтар мазалап жүрексіне
аудиторияға кірдік. Біздң тренеріміз
Төреханова Гүлшат Бейсенбековна өте
жылы қарсы алды.Сол сағаттан жұмысымызды
бастап та кеттік.???????????
Ол
кісіден көп білім алып, нақты алдымызға
мақсат қойып деңгейлік бағдарлама
бойынша жұмысымызды жалғастырып
жатырмыз. Биылғы оқу жылынан бастап
мектеп тренерлерін дайындайтын курстар
басталды.Курсқа алғашқылардың бірі
болып бардық. Ол курста Талдықорған
қаласындағы педагогикалық шеберлік
орталығында өтті. Тағыда өзіміздің
тренерімізден білім алу бақыты
бұйырды.Қуанышымызда шек болмады,өйткені
ол кісіден үйренеріміз әліде көп болды.
Гүлшат Бейсенбековнадан үйренгенімізді
бүгінде әріптестерімізге үйретіп
жүрміз.Жоғарыда айтқанымыздай ,
шәкіртіне өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп
үйреткен адамының алдында өзін өмір
бойы қарыздармын деп санайтындай бізде
өз тренеріміздің алдында қарыздармыз.