«Халықаралық
интернетсіз бір күн» акциясы аясында
Мен
бастауыш сыныбы мұғалімі Айтбаева
Қаракөз Жамалбекқызымен. Қазіргі таңда
4- сынып жетекшісімін.
14
қаңтар күні 4- сынып оқушыларымен акция
аясында «Менің интернетсіз бір күнім»
тақырыбында сынып сағаты болып өтті.
Сынып сағаты өте қызықты және әсерлі
шықты. Балалардың білетіні біздің
білетінімізден , оларды біледі ау деп
ойлайтынымыздан да көп екен. Ойпырмай
интернет туралы сөз болғанда ,сұрақтар
қойылғанда сабақ кезінде сөзін суырып
алғандай қып жауап беретін оқушылардың
өзі көздері жайнап сала берді. Рас,
ауылымызда интернетке өкінішке орай
ма әлде, қуанышқа орай ма қолжетімділік
мүмкіншілігі аздау болып тұр. Десек те
балалардың интернетпен жұмыс жасай
алатыны көрініп тұр. Жақсыны ит пен бала
ажыратады деуші ме еді интернеттің
пайдасы мен зияны туралы да бір кісідей
біледі екен. Олар ғаламтор арқылы керекті
ақпараттарды, өздері ұнатқан өлеңдерді
,минус ,плюстарын жүктеуге болатындықтарын,
бір-бірінен үй тапсырмасын жазбай
қалғанда сұрайтындықтарын,теледидардан
уақытында көре алмай қалған хабарларын
ютубтан көруге болатынын, керекті
видеоларды жүктеу үшін ютуб гоуды
алдымен жүктеу керектігі туралы жарыса
,таласа айтып жеткізді.
-
Ойын ойнайсыңдар ма?- деген сұрағыма
алдымен ұрсады ау деген күдік болды- ау
деймін бәрі бір мезет үнсіз бола қалды
да менің шын ниетіммен, әрі сағатымыз
сол туралы болғандықтан қайтадан таласа
тармаса айта жөнелді.
Ойнай
алатын ойындары туралы ,ойынды жалғыз
да екеу болып және де топпен де ойнауға
болатынын және неше түрлі менің тілім
келмейтін ойындардың атауларын
айтқандарын естігенімде
таңданбасқа
лажым қалмады. Көбінесе жауап беріп
отырған ұлдар болды. Қыздардың өздеріне
арнайы көңіл бөліп сұрағанымда олардың
да ойындарының жеті атасы бар екеніне
көзім жетті. Көңілімде көп білетіндіктеріне
қуаныш ұялатса да ,қорқынышсыз да
қалмадым. Қуанарлығы олар ғаламторды
дұрыс пайдаланса көп қажеттіліктерін
шешетінін біледі. Ағылшын тілі сабағының
тапсырмаларында аударма сөздіктерді
пайдалана біледі екен.
Интернетсіз
бір күніңді қалай өткізер едің деген
тақырыпқа сурет салуды ұсынып ,сол
бойынша әңгімелеулерін сұрадым.Ол кезде
кітап оқитындарын , достарымен бірге
ойнайтындарын, кітапханаға бірге
баратындықтарын, сырғанаққа сырғанап,
атқа мініп ,асық ойнатын едік деп
айтқанда еріксіз балалық шағың еске
түсті .Қайран алаңсыз кездер-ай десеңші...
Сонымен
қатар зияны туралы бейхабар емес
екендіктерін көрсетті. Атыс-шабысы көп
ойындардан кейін ұйықтағанда түстеріне
кіріп ,жалғыз жатуға қорқатындықтарын
,көп отырса үй тапсырмасын орындауға
уақыттары болмай ,қалай уақыт өтіп
кеткенін сезбей қалатындарын ,сол үшін
ата –аналарынан ұрыс еститіндерін,көп
отырған жағдайда көз ауруына ,басқа да
ауруларға ұшырауы мүмкін екенін керемет
біліп тұр. Дегенмен бастарына түспей
сол айтып тұрған ауруларының қандай
зардап әкелетінін сезінбейді ау ....
Аулымызда ғаламторға қолжетімділік аз
болып тұрғанда осындай болып тұр ,
ғаламторға қолжетімділік артқан кезде
қалай болатыны ойласам көңілім бей-жай
күйге енеді. Енді еліміз дамып, санамыз
артып , ұрпағымыз мәдениетті болды ау,
ата-балаларымыз «Оян,қазақ» деп
айқайлағанда енді оянды ау дегенде
басым бөлігіміз интернеттің жетегінде
кетіп болашағымызға алаңдар ұрпағымыздың
уақыты текке өтіп кетпесе екен деген
үрей де жоқ емес.
Дегенмен
өзім интернеттің пайдасы мен зияны
туралы видеолар көрсетіп ,дұрыс
пайдаланған жағдайда қандай жетістіктерге
жетуге болатынын,бұрыс пайдаланса
қандай сорақылықтарға жолығатынына
тоқталып саналарын дұрыс жолға бағытауға
тырыстым.
Әрине
заман дамып сандық технологияның заманы
жүріп тұрғанда бұл дүниені меңгермесек
озық елдің қатарына қосыла алмақ түгілі
жиегіне де ілесе алмайтынымыз тағы бар.
Қайтпек керек? –деген сұрақ көкейімде
түйін болып қалды.