400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Мақала "Химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамытудың әдістемелік жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық сауаттылық - ол дәстүрлі дағдымен химиялық тілінің негізін оқу, заттардың массасын табу, ерітіндідегі заттың массалық үлесін, зат мөлшерін анықтауға байланысты есептеулерді орындаумен қатар оқушылардың теориялық білімдерін, химия тілінің негізін, логикалық ойлау элементтерін меңгеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамытудың әдістемелік жолдары


Функционалды сауатты адам әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласады, яғни жаңа дәуірдің заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отырады, мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отырады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің басты мақсаты зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Химиялық сауаттылық - ол дәстүрлі дағдымен химиялық тілінің негізін оқу, заттардың массасын табу, ерітіндідегі заттың массалық үлесін, зат мөлшерін анықтауға байланысты есептеулерді орындаумен қатар оқушылардың теориялық білімдерін, химия тілінің негізін, логикалық ойлау элементтерін меңгеру.

Химия пәнінің оқу міндеттері:мектепті бітірушінің әрі қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту. Осы принциптерді, және мемлекеттік оқу стандарт бағдарламаны басшылыққа ала отырып, химия пәнінен оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен  танымдық белсенділіктерін қамтамасыз ету үшін модульдік технология арқылы оқу бағытын құрып, оқу үрдісінде қолдандым.Кесте кішірек блоктардан – оқу элементінен тұрады. Әрбір элементте оқудың мақсаты, мазмұны, оқушының іс-әрекеті көрсетілген.

8-сыныпта «Химиялық реакция типтері», «Химиялық реакция теңдеулері бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеу»тақырыбы бойынша сабақты модульдік бағыт парағын қолдану арқылы өткіздім.

Сабақтың тақырыбы: «Химиялық реакция типтері», «Химиялық реакция теңдеулері бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеу»

Құрал-жабдықтар мен реактивтер: спирт шамы, сіреңке, сынауықтар, мыс, малахит, темір, мыс (II) хлоридінің ерітіндісі.

1- сабақ.

Оқу элементі

Модульдің танымдық бөлімі

Оқушының іс-әрекеті

ОЭ-0

Берілген модульді зерттеп, сіз:

  1. химиялық реакция туралы біліміңізді толықтырасыз;

  2. химиялық реакия құрастыруда, реакция теңдеуі бойынша біліміңізді бекітесіз;

  3. химиялық реакция типтерін зерттеп, реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеуде қолданасыз.


Оқулықтағы параграфты мұқият оқыңыз

ОЭ-1

Мақсаты: химиялық процесстің заңын білу, реакция теңдеулері бойынша білімдерін тексеру.

  1. Мынандай ұғымдарға сипаттама беріңіз: химиялық құбылыс, химиялық реакция, реакцияның бастапқы заттары, реакция өнімі, реагенттер, реакция теңдеуі

  2. Химиялық реакция қандай заңдарға бағынады

  3. (Үй тапсырмасы) берілген кесте бойынша реакция теңдеулерін теңестіріп, коэффициенттерін қойыңдар және теңдеуді оқыңдар:

СDrawObject1 а+Р Са3Р2

FDrawObject2 e + Cl2 FeCl3

ADrawObject3 l+O2 Al2O3

KDrawObject4 2O+H2O KOH

HDrawObject5 2+ N2 NH3

BDrawObject6 2O3 +H2O H3BO3


Топпен біргіп жұмыс істеу, ауызша жауап беру





Тақтаның алдына шығып жауап беру, және үй тапсырмалары тексеріледі

ОЭ-2

Реакция теңдеуі бойынша есеп шығару дағдысын бекіту. Тапсырма «Кім есептерді дұрыс және тезірек шығарады»

1 нұсқа - № 1-160

2 нұсқа -№1-161

3 нұсқа – №1-152

Әр жұп оқушылары есепті шығарып, дәптерлеріңіздегі кестені толтырып және шешімін жалпы параққа (постер) жазыңыздар.

Жұппен немесе топпен өз бетінше жұмыс істеу (есептер жинағы)

ОЭ-1 және ОЭ-2 бір уақытта (тексеру жұмысымен бірге -20 мин артық болмайды) өтеді.

ОЭ-3

Мақсаты: химиялық реакциялардың типтерімен танысу.

  1. Көрнекті «Химиялық реакция типтері» кестесіемен танысып, лабораториялық тәжірбиені техникалық қауіпсіздікті сақтап, нұсқау бойынша орындаңдар.

  2. Кестені дәптерге толтырып, реакция теңдеуін жазыңдар.

  3. Реагенттер

    Реакция өнімі

    Мысалдар

    типтері

    Жай немесе күрделі зат, реакция теңдеуі бойынша зат мөлшері

    Жай немесе күрделі зат, реакция теңдеуі бойынша зат мөлшері

    Реакция теңдеуін дәптерге жазыңыздар

    Реакция типтерін көрсетіңіз

    .................

    ..................

    .............

    ...........

  4. Лабораториялық (демонстрациялық) тәжірбиелер:

  1. Сu +O2= 3) Cu(OH)2CO3=CuO+ CO2+…;

  2. CuCl2+ Fe= 4) CuCl2 + NaOH=Cu(OH)2+.....

Топпен жұмыс жасап, бірге талқылаңдар.



Кестені дәптерге толтыр,. Кестенің дұрыс толтырылуын оқулық бойынша тексеріңдер.

ОЭ-4

Үй тапсырмасы: § 18 анықтаманы жаттау, 51 беттегі тапсырма (рекция теңдеуін теңестіру)


Осындай бағыт парағын тиімді қолдану арқылы, деңгейлік тапсырмаларды қолдана отырып, оқушылардың функционалды құзыреттілігін арттыруға болады деп ойлаймын. Осы тақырып бойынша білім мониторингі келесі кестеде көрсетілген.

Модульдік технологияны қолданудағы мақсатым- оқушылардың қызығушылығын, өз бетімен жұмыс жүргізу, іздену қабілетін дамыту.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Е.Т.Акитбаев .Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» 2006

  2. Евстифеева А.Г. Дидактические материалы к уроку химии





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
746
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі