Материалдар / мақала "Информатика" Бастауыш сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала "Информатика" Бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың тиімді тәсілдері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
758
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


2 Қосшы орта мектебі

Информатика пәні оқытушысы

Ыбырайқызы Рыскүл



Бастауыш сыныптарда информатика пәнін оңтайлы оқыту


Елімізде үштілдік даму бағдарламасымен қоса ақпаратпен қамтамасыз ету қосымша дамып келе жатыр. Оған куә қазіргі таңда мектеп қабырғасында вариативті сабақ ретінде«Робототехника» сабаға өтілуде.

Қазіргі қоғамға сай әрбір бала өз ойын кез келген ақпараттыөқ технология арқылы жариялай алады. Соны ескере отырып бастауыш сынып оқушыларына кез – келшег техниканың пайдасы мен зияны жөнінде ақпаратты беру дұрыс деп санаймын.

Ақпарат ағымы қарқындап, ғылым мен техниканың өркен жаюы өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын ерекше қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі күнгі  еліміздің білім жүйесінде  оқыту үрдісін тың идеаларға  енгізілген жаңа мазмұнға қамтамасыз ету  міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің  жалпы ұлттық  деңгейдегі  басты мақсаты- Қазақстан Республикасын  әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық - саяси  өміріне белсене араласуға дайын,  құзіретті тұлғаны  қалыптастыруға ықпал ету.

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бастауыш сыныптарының оқушылары қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан- жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде. Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек.

Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5 - 11 жаста қалыптасады. Бұл жастағы баланың алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге қолайлы. Олардың психологиялық өзгерістері, іске іштей жоспар құра білуі қалыптасып, оқытуға жақсы жағдай туғызады.

Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәлелденіп отыр.

Ғалымдардың, практик-мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

  • бастауыш сынып оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

  • ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;

  • бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау;

Ресей ғалымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек, бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:


Қолданушылық


Ақпаратты-логикалық


Шығармашылық

Оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады.Сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне  қарай еркін пайдалана білуі, сондай-ақ техникаға сауатты, ұқыпты қарауы.

Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың онтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетініңдамуына әсері мол.

Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты-оқушы зерттеуші есебінде ұжымдық жобаны жасақтауға және оны іске асыруға қатысады.

 

Информатика пәні баланың техника құлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал-жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңартуда. Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады: (7 слайд)

  1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;

  2. Ойды логикалы түрде дамыту;

  3. Алгоритмдік бідімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;

  4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.


Информатика пәнін бастауыш мектептегі оқу-үрдісінде жүйелі түрде пайдалану мынадай артықшылықтарды аңғартады.

  • оқу-тәрбие үрдісінің қарқынын жоғарылату;

  • оқытудың сапасын арттыру;

  • оқушылардың дүниетанымын, кеңейту;

  • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын және білімге құштарлығын арттыру;

Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу керек. Информатика пәні күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша әрбір сыныпқа аптасына 1 рет, ал жыл бойына 34 сағаттан жүргізіледі. Бастауыш сыныптарында жүргізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып  алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.

Бастауыш сыныптарға арналған бұл бағдарламада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым – қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді, шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындап, медиасауаттылық портфолиосында сақтайды.

Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында қамтылған материалдар – математика, қазак тілі, сурет, ана тілі пәндерінің элементтерін қамтиды. Демек информатика пәнінің басқа пәндермен пәнаралық  байланысы жаксы сақталған.

Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн.

Компьютерлік сыныпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс шаршамас үшін бастауыш сынып оқушыларының компьютерде үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Балалардың көздері талмас үшін компьютерде жұмыс істеп болған соң, олардың көзге арналған арнайы жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар экранға қарамай тұрғанда, қалыпты күйде демалдырып, көз жаттығуларын барынша үлкен етіп орындауға тырысу керек. Балаларға қызықты болуы үшін жаттығулар ойын түрінде орындалады.

Информатика сабағынан төмендегідей мысалдар келтіруге болады

Логикалық тапсырмаларды оқушылар бірінші сынып тан бастап меңгеріп келеді.

Сол себептен басқа да пәндермен байланыстыра отырып сабақты түсіндіруге болады.

Мысалы:

Математикамен байланыстырып:

Түсіп қалған сандарды жаз:

а) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

ә) 9, 8, 7, 6, 5, 5, 4, 3, 2, 1.

Тiзбектi жалғастыр:

а) 2, 4, 6, 8, 10, 12.

ә)  1, 3, 5, 7, 9, 11.

б) а, б, в, г, д, е.

<”немесе “>” таңбаларының қажеттісін қой :

а) 2 < 5 < 7 < 9

ә) 8 > 7 > 4 > 1

б) 1 < 5 > 3 < 7

Жиын бойынша топтастыру

Топқа жатпайтынын сыз

Балық, шаян, кит, домбыра

Ағаш, гүл, өсімдік, орындық


Жаратылыстану пәнімен байланысы

Қандай сезім мүшелерінің көмегімен ақпараттар аламыз?

Есту_______________________

Көру_______________________

Дәм сезу ___________________

Иіс сезу____________________

Сипап сезу _________________


Тапсырманы оқып, ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап бер.

Компьютерде ойнауға болады    — ИӘ

Компьютер сыныбында ойнауға болады — ЖОҚ

Компьютер көмегімен сурет салуға болады – ИӘ

Сымға және токқа тиісуге болмайды – ИӘ


Алгоритм сөзін ұғындыру үшін қарапайым мысалдар да жеткілікті.

Мысалы:

Кітап оқу алгоритмін алатын болсақ.

Кітап сөресіне жақындау

Қажетті кітапты таңдау

Таңдаған кітапты алу

Кітап оқитын столға жақындау

Орындыққа отыру

Кітапты ашу

Қажетті ақпаратты оқу


Бұл нысандар бір сөзбен қалай аталады?

Нысандарды атау арқылы аэжырата білу.

Өсiмдiк, ойыншықтар, киiм, аңдар.

Компьютермен таныстыру

Негізгі құрылғалары

Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары


Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту компьютердің  мүмкіндіктерін пайдалану  арқылы жүзеге асырылады. Компьютерді пайдаланып оқытуда бастауыш сынып оқушылары мынадай тапсырмаларды жеңіл орындайды.

  • Қарапайым арифметикалық амалдарды орындауға арналған есептер.

  • WORD мәтіндік редакторды кеңінен қолданып, тақырыптық шығарма, құттықтаулар жазады. Бұл балалардың тіл байлығын, ойын тиянақты жеткізе алуын, шығармашылық қабілетін және салауаттылығын айқындайды.

  • PAINT графиктік редакторды пайдаланып сурет салу. «Тінтуір манипуляторымен жұмыс істеп үйренген оқушы қарындаш, ластик, бояу түстерін,      қылқаламды таңдап, әртүрлі геометриялық фигураларды, әртүрлі суреттерді сала алады, түрлі түске бояу дағдылары қалыптасады

 

Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой – өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді. Мысалға мынандай ойындарды атап өткім келеді: zeek, гав два три, мудрый крот ойындары пәнге қызығушылығын артып қана қоймай олардың логикалық ойлауын қалыптастырады.

Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда демек болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!