Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мақала. Информатика пәнін ағылшын тілінде кіріктіре оқытудың маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала информатика пәнін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл ауданы

Қарғалы №4 орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Ыгылманова Кулаш Абилашовна


Информатика пәнін ағылшын тілінде кіріктіре оқытудың маңызы


«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп атап өткен Елбасы Н.Ә. Назарбаев.

Көптілде оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі таңда ең басты қажеттілік болып табылады.

  Қазіргі таңда білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, тілдің білім мазмұнын құрудың әдіс тәсілдерін дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай тілдерді меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару - еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.

Үш тілде білім берудің ерекшелігі - ағылшын тілін оқып үйреніп қана қоймай, сонымен бірге осы тілде жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерін оқытуға маңыз беріледі. Үш тілді оқытуды қолдана отырып белгілі тапсырмаларды бір тілде оқып, екінші тілде орындап, бейнежазбаны көріп, үшінші тілге аудару арқылы талқылау жүргізіліп отырады. Оқушыларды ағылшын тілінде және ана тілінде оқытудың арасында ерекшелік ескеріледі. Оқушыларға ағылшын тілін үйрету сабағынан бөлек, пәнге қатысты өзінің танымын дамытуы үшін оқытушылардың CLIL әдісін қолдана білуі өте тиімді.

СLIL әдісі қазіргі уақытта көптілділікті қалыптастыру мен оны іске асырудың негізгі құралы болып табылады. Бұл екі жақты мақсатты көздейді: біріншісі – оқу пәнін меңгеру; екіншісі – шетел тілін (екінші тіл ретінде) меңгеру.

Ең алдымен, бұл әдіс оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып, өз мәдениетін бағалап, басқа мәдениеттерді құрметтеуге үйретеді. Оқушылардан бірден екінші тілде сөйлеп кетеді дегенді күтпеу керек. Уақыт өте келе, тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай бағыттауды қолдану қажет. Оқушылар «мен бұл тілді меңгере алмаймын» деген ойда болмау керек. Скаффолдинг тапсырмалары арқасында оқушылар тілді базалық қарым-қатынас дағдысынан (BICS) академиялық тіл білу дағдысына (CALP) біртіндеп көшеді. Бастапқы кезде оқушылар ауызекі сөйлеу тілінде грамматикалық қателер жіберуі мүмкін, алайда бұл қателердің барлығын түзетіп, оқушылардың ойын бөлмеу керек. Олар сұрақты бірінші тілде қойса, біз, ұстаздар, екінші тілде жауап беруге тырысуымыз керек. Ең басты қағидат - оқушылардың меңгерген дағдысын өмірде қолдана білуі.

Осы бағыт тұрғысынан өз тәжірибеме тоқталар болсам, сабақтың жоспарын құрған кезде, оқушыларға қоршаған ортада болып жатқан жағдаяттарды ұсынып, оларды топта, жұпта жұмыс жасауға дағдыландырамын, себебі топқа жұмылған балалар бір-бірін үйрету, жетелеу арқылы тілді тез меңгере алады. Оқушылар көбінесе екінші тілде жауап беруге қиналған кезде, сөздердің аудармасын өздерінің айтуына бағыт-бағдар беріп отырамын. Оқушылар берілген сөзді білмей жатса, оған сыныптастарының көмектесуіне жағдай туғызамын. Өйткені оқушылар әр сөзді ой елегінен өткізген жағдайда ғана есте сақтап, көкейге тоқитыны анық. Екінші тілде күнделікті қарым-қатынас үлкен жетістік әкеледі. Сабақ барысында оқушылармен қарапайым тілде сөйлесіп, ойлануға көп уақыт беруге тырысудың маңызы зор. Аудармасын бірден айта салмай, оны ым-ишара түрінде немесе суретін көрсету арқылы оқушылардың есте сақтауына мүмкіндік беремін. Оқушыларға ой еркіндігін беріп, көбірек сөйлетуге зер саламын.

Мен сабақта сурет, кесте, диаграмма арқылы ақпаратты бірінші тілде оқып, оны екінші тілде айтып беру тапсырмасын қолданамын. Мысалы, күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген сусын дайындау алгоритмін сурет арқылы беріп, оны екінші тілде айтып бере алады.

Қосымша  берілетін терминдер сөздігімен оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қорын қалыптастыру үшін  «From Start to Finish» ойынын ойнатамын. Ойын кезінде оқушыларды топтарға бөліп, терминдердің қазақша, ағылшынша аудармаларын дұрыс тауып, баспалдақ түрінде орналастыру арқылы есте сақтайды. «Find the terminology» (терминдерді тап) ойын әдісін сабағымда қолданамын. Ағылшын әріптерінің орындары ауыстыру арқылы, оқушылар дұрыс жауабын жазады.

Менің сабақта қолданған әдіс-тәсілдерімнен:

оқушы білімді өзі жинақтайды;

олар бірін-бірі оқытады;

топта жұмыс жасайды;

өз бетімен жұмыс жасайды;

өзара ой бөліседі;

бірін-бірі тексереді. Бұл әдістермен жұмыс жасаған соң, біздің өмірге деген көзқарасымыз өзгереді, өмірге жаңа көзқараспен қараймыз. Оқушыларымыз болашақта бірнеше тілде еркін сөйлеп, әлемнің алып елдерімен бірлесе жұмыс жасап, техника мен ғылымды жетік меңгерген тұлға қалыптасатынына сенемін. Информатика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы, оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын. Елбасымыздың осындай қанатты сөздерінің астарында үлкен сенімнің бар екенін аңғарамыз. Бұл сенімді орындау үшін жасөспірімдер мен жас ұрпаққа үлкен жол көрсетуіміз керек, сондықтан біз жаратылысану пәндерін   ағылшын тілінде байланыстыра оқыту арқылы сабақ барысында қосымша  берілетін терминдер сөздігімен оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қорын қалыптастыруға және бәсекеге қабілетті болардай білімін толықтыруға өз көмегімізді тигізе аламыз.  





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.02.2021
518
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12