К унсафина
Айтжамал Рахметоллақызы
«М.Әуезоа атындағы орта
мектебі» КММ
Информатика пәні
мұғалімі
Тарбағатай
ауданы
Шығыс Қазақстан
облысы
Информатика пәнін ағылшын
тілінде оқытудың тиімділігі
Елбасымыздың Қазақстан халқына
жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру
үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін
атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет,
телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық
құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне
тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар
тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана
тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін,
халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін
сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер
технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет
тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт,
Вальтер Скотт сөйлеген.Поляк педагогы В. Оконь оқыту құралдарын
мұғалімнің іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың
әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты
жіктейді
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт
мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді
маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың
қарыштап дамып, өркениеттен қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз
қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Ендеше
қазіргі оқып жатқан курсымызды маңызы өте зор. Себебі, бірнеше
тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті
тұлғаға айналатыны сөзсіз.
Елбасымыз үштілді білім беру
жүйесін енгізе отырып қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс
тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде ал әлемдік экономикаға
үйлесімді тіл ретінде ағылшын тілін меңгерту мақсатын көздеп отыр.
Осы мақсатта тіл емес пәндерді ағылшын тілінде оқыту арқылы ел
болашағын дамытуды көздейтініміз сөзсіз. Пәндерді ағылшын тілінде
оқытуда тиімді әдістердің бірі.
Информатика пәнін ағылшын
тілінде оқытуда тақырыпқа сай терминдерді видеолар мен
мультфильмдер, оңай кинолар арқылы есте сақтауға үйретуге, мәтіндік
тапсырмалар, түртіп алу әдістерін пайдалану арқылы оқытуға болады.
Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру - жастарға әлем
танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу — біздің жастарға шексіз
мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың
кепілі.
Қазіргі кезде
аудиоақпарат алмасу, видеоақпарат алмасу, виртуалды
аудиторлық тақта,тақырыптық ақпарат енгізілген
клавиатуралар, файлды алмасу, көпжақты
конференциялар өткізу кеңнен таралған көпке
белгілі компьютерлік видеоконференция байланыстың әдістемесіне
жатқызылады. Бұл технологиялар ағылшын
тілін біршама меңгерген студенттің еншісі болып
табылады. Өйткені бұл материалдар тек
ағылшын тілінде ғана беріледі. Сондықтан ағылшын
тілінде оқытылуы тиімді деп ойлаймын.
Ақпараттық технология дамыған
қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі
халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену
үстінде. Сондықтан тиімді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқыту
нәтижеге жеткізеді.