Ізгілік-
асыл қасиет.
Өмір
–кеме,жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен
жасалмаса кемеңіз.
Халық
даналығы.
Адам
баласын игі істерге бастайтын асыл
қасиеті - ізгілік. Жақсылық жасау - күллі
тіршіліктің тұтқасы сияқты. Адам баласы
дүниеге келгеннен кейін айналсындағылардан
алған тәлім-тәрбиесі, әсері арқылы
сана-сезімі қалыптасып, әрнәрсені ойлап,
сана сарабынан өткізе бастайды. Ақ пен
қараны ажыратып, жақсылықтың, жамандықтың
не екенін ұғына бастайды. Анығында, адам
жаны жақсылыққа құмар, оны іздеп тұрады,
өзіне де, өзгеге де тілейді. Кейбір
адамдардың жамандық жасауға,қастандық
етуге ниеттері болады.Жануарлардың да
жамандық жасауы мүмкін. «Кірпі баласын
жұмсағым,қарға баласын аппағым дейді.»
Олар өз баласына мейірімділікпен
қарайды.Адамдарда бір-біріне
мейірімді,жанашыр болса екен деймін.
Мен
ізгілік ұғымын ең кемел, ең игі дүние
ретінде білетінмін. Әлденеден артығырақ
көрінетін, биік, игі көрінетіннің бәрін
жақсылық деп ойлайтынмын. Менің әкем
- адам баласына жамандық тілемейтін,
жамандық жасамайтын, жамандыққа қас,
жақсылыққа дос адам. Ол адамның бәріне
көмектесіп жүреді. Барлығымызға қамқор.
Ол кісі осы бейнесімен маған аяулы,
қамқор, ардақты аке үлгісі болып
көрінетін. Ол өз балаларына ғана емес,
өзгелерге де әкелік жылу, қамқорлық
бере білді.
Әкемнің
жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың
ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып
тұр. Әкеме қарап, жақсылығы үшін
масаттансам,
өмірде көрген бейнеті үшін жүрегім
езіледі. Ол - рухы мықты, күшті жан. Аяқтан
шалып, қастық жасағандарға да күле
қарап, ішіндегі іренішін ұмытып кетеді.
Тіпті, оған жақсылық тілейді. Бала
күнімнен әкемнің осындай жаны жайсаң
жан екенін, даналығы мен даралығын көріп
өскендіктен, жақсылықтың не екенін
біліп өстім. Біліп қана қоймай, әкемнің
мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы жақсылықтың
не екенін көріп өстім.
Жақсылық
- әлемге мейірін шашып, жылуына бөлейтін
үлкен қасиет. Жақсылық - игілік атаулының
түп бастау болғандықтан, ол қашан да
әлемге жылу сыйлайды. Бойыңдағы
жамандықты, арам ойды еңсеріп, жақсылыққа
жеңдірудің өзі оңай іс емес. Әр адамның
бойында өзіне деген махаббаттан әлемге,
адамзатқа деген махаббат жоғары тұрса,
оның адамгершілігі болмақ. Ал адамгершілігі
бар жан тек жақсылыққа құмар болады.
Өзін
өзі тану пәнінің мұғалімі Өтелбаева
Ақмарал