400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Мақала "Ізгілік нұры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігін өткізуге көмегі зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Берген ауылы К.Омаров атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Нурбек Салтанаттың «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»атты дәстүрлі онкүндігінде өткізген іс-шаралары туралы

Анықтамасы

Өзін-өзі тану адамгершілік,махаббат,мейірім мен шапағат,өзгелерге деген қамқорлық,өзіне деген сенім мен айналаны қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті тұлға бойына сіңіретін пән болғандығына дән ризамын. Бала бойына асыл қасиеттердің қалыптасуына,өз көңіл-күйлерін басқара білу мен сыни тұрғыда өзін бағалай алуына,өз сөзі мен ісіне жауапкершілікпен қарай білуіне өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің сіңірер еңбегі зор.Ата-анамен тығыз байланыста бола отырып,бірлесе атқарған әр іс өз нәтижесін беретіні анық.

1.02 .2019 күні “Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылық педагогикасы”дәстүрлі онкүндігінің ашылу салтанаты болды.Оқушылар саптық жиынға шығып,онкүндікте атқарылатын іс-шаралармен танысты.Оқушылардың ұйымдастыруымен Сара Алпысқызының өмір жолы,еңбектері,атқарып жатқан қайырымдылық шаралары, жеткен жетістіктері туралы ақпараттар берілді.Сонан соң5 сабақтан соң бүкіл сынып жетекшілері сынып сағаттарын өтті. 8 сыныпқа “Балаға жүрек жылуы!” атты ашық тәрбие сағатын өттім.Ашық тәрбие сағатында Оқушылар Сара Алпысқызының өмірі, шығармашылығы мен еңбек жолдарымен,атқарып жатқан қайырымдылық шаралары,жеткен жетістіктерімен танысты.Бейнебаяннан Сараның айтқан өлеңін тыңдады,топта шығармашылық жұмыстар жасап,қорғады. Оқушылардың барлығы үнтспаға қосыла отырып ән шырқады,бір- бірлеріне,Сара Алпысқызына арнап тілектерін айтты. 4 ақпан күні мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін - Ана» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Мектеп кітапханашысы Байнурова Нұргүл оқушыларға Сара Алпысқызы туралы толыққанды түсінік пен мағлұмат берді. 11сынып оқушысы Жұмағұл Индира кітап көрмесінде оқушыларға Сара Назарбаеваның «балалар үшін жасаған жақсылығын» айта келе, президенттің отбасымен таныстырды. 7 сынып оқушысы Күмісбек Малика: Сара Назарбаеваның мүгедек, жетім балаларға жасаған жақсылығы мен еңбектерін барлық оқушылар талқылап ортаға салдық. Жазған еңбектерімен таныстық. «Бір жетім баланың басынан сипасаң, қырық періште күліп тұрады» дейді. Ал ол қаншама жетім балаларды өз қамқорлығына алды. Мен баспасөз беттерінде шыққан Сара Назарбаева туралы мақалаларды оқып жүремін, - деді. 4.02.2019 күні К.Омаров атындағы жалпы орта мектебінде 2-11 сыныптар аралығында «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты әңгімелер мен әлеуметтік жобалар презентациясы болып өтті.Оқушылар сүйіспеншілікпенөмір сүрудің маңызы мен жолдарын әңгімелер,жобалар көрсету арқылы қорғап шықты. Оқушылардың қызығушылығы олардың ізденістерінен көрініс тапты. 2019ж 5 ақпан күн “Алтын жүрек анамыз” атты оқырмандар байқауы болып өтті.Байқауға оқушылар өздері жүректерінен шығарып келген өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.Оқырмандар байқауына 2-11 сынып аралығындағы оқушылары қатысты. 5 ақпан күні “Руханилықтың мөлдір бұлағы”тақырыбында сурет көрмесі өтті.Оқушылар өздерінің қолымен салған суреттерін ,қолөнер бұйымдарын көрмеге әкелді. 6-8 сынып оқушыларының суреттері ,5 сынып пен 4 сынып оқушыларының суреттері үздік деп танылды. 5 ақпан күні “Руханилықтың мөлдір бұлағы” тақырыбында сурет көрмесі өтті.Оқушылар өздерінің қолымен салған суреттерін ,қолөнер бұйымдарын көрмеге әкелді. 6-8 сынып оқушыларының суреттері ,5 сынып пен 4 сынып оқушыларының суреттері үздік деп танылды. 6.02.2019 күні сыныптың ата-аналарымен бірге «Күннің нұры анадан тарайды» атты отбасылық сайыс өтті.Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Нурбек Салтанат және психолог Жәңгір Камиланың ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру, бірін-бірі қолдауға, бірліккежетелеу. Сайысқа Аманбаевтар,Алтынбековтар, Әшіровтар, Абдусаламовтар, Әбдірашовтар отбасы қатысты.Сайыста тренингтер де ойын да сайыста болды.Сайыс өте тартысты өтті.Даму ағашына әр сайыстың кезеңдерінде жинап отырған жемістерін жабыстырып отырды. Салт-дәстүр,мақалдың жалғасын табу,«Менің анамның заты» атты ойын,музыкаларды тыңдай отырып авторын және әнді табу,ата-аналар«Біз біргеміз!» кезеңінде сұрақтарға сәйкес жауапты дұрыс табу, «Сәйкесін тап!» атты кезеңдер болды.Дегенмен өздерінің шапшаңдығы мен тапқырлығы, отбасының бірлесе отырып жұмыс жасауының арқасында Әбдрашовтар отбасы «Өнегелі отбасы» атанып бас жүлдені иеленді.Қалған отбасылар «Тапқыр отбасы», «Өнерлі отбасы», «Бірлігі үлгі отбасы, «Көңілді отбасы» номинациялары бойынша марапатталды.6 ақпан күні оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту, әнсүйер аға буынмен талантты жас әншілер арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Ән – көңілдің ажары» ән байқауы өтті. Байқауға оқушылар белсене атсалысты. «Ана», «Отан», «Достық», «Құрмет» тақырыптарында айтылған әндер көпшіліктің көңілін көтерді. Әділқазы алқалары жанды дауыста «Самға » әнін орындаған 7 сынып оқушысы Күнғозы Нұржігітке бас жүлде (1 сурет) , 6сынып оқушысы Садық Мөлдір 1-і орын, 2-орынды 4 сынып оқушысы Балтабек Ақниет , 3-орынды 11 сынып оқушысы Жұмақұл Индира мен 4 сынып оқушысы Мұқаш Дәуіт иеленді.Ақпанның жетісі күні мектептің спорт залында «Қайырымдылық жер бетінде!» Флеш-моб болды.Оқушылардың барлығы флешмобты тамашалап қана қоймай бірге биледі. Ақпанның сегізі күні мектептің мәжіліс залында концерттік бағдарлама болды.Оқушылар бар өнерлерін ортаға сала отырып ән айтып,би биледі.Оқушылардың көңілдері көтеріліп,шапалақ соғудан қолдары талмады. Ақпанның сегізі күні оқушылардың бойына танымдық қасиеттер мен ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында 4 сынып оқушыларын Темірландағы «Қажымұқан Мұражайына» саяхат жасауға өлкетану үйірмесінің жетекшісі Есенбаев Мейірбек пен сынып жетекшілері Сәулебаева Камила , Құлжанова Эльмира алып барды. Мұражайдан оқушылар күш атасы - Қажымұқан туралы толыққанды мағлұмат алып,қуанышты көңіл күйде қайтты. 9- ақпан күні “Қызығы толы бұл әлем” атты сахналық қойылым болып өтті.Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің киімдерін кие отырып,сахнада өз шеберліктері мен шығармашыл қасиеттерін көрсете білді. “Шалқан”, “Қызыл телпек”, “Әдепті бала” ертегілерін сахналап көрсетті.Қойылымды көрген оқушылар дән риза болып, алғыстарын білдірді. 9- ақпан күні “Қызығы толы бұл әлем” атты сахналық қойылым болып өтті.Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің киімдерін кие отырып, сахнада өз шеберліктері мен шығармашыл қасиеттерін көрсете білді. “Шалқан”, “Қызыл телпек”, “Әдепті бала” ертегілерін сахналап көрсетті. Қойылымды көрген оқушылар дән риза болып,алғыстарын білдірді. Сонымен қатар 11 ақпан күні “Жүректен жүрекке” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға мектеп мұғалімдері жұмыла бір жеңнен бас,бір жеңнен қол шығара отырып біркісідей атсалысты.Мектебіміздің директоры Е.Қалмағанбет жәшікке бірінші болып ақша салып, өзгелерге үлгі бола білді.Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Жанқараш Жомарт жартылай жетім,тұл жетім және көмекті қажет ететін оқушылар тізімін жасап балаларға дәптер,қалам,фломастерлер,сурет дәптерлері,түрлі-түсті қағаз дарды үлестіріп берді. К.Омаров атындағы жалпы орта мектебінде 11 ақпан күні “Кім шапшаң?” тақырыбында спорттық сайыс өтті.Сайыс 7 сынып оқушылары арасында өтті.Сайысқа қатысқан “Шымырлар” және “Желаяқтар”командалары уақытқа жүгіру,доппен секіру,арқан тартыс тан жарысқа түсті.Нәтижесінде шапшаңдықт пен бірліктің арқасында шымыр командасы жеңіске жетті. 12 ақпан күні 9“А” сыныбында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Нурбек Салтанат Жуманазаровна “Өнеге отбасынан” атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Оқушылар Сара Алпысқызы туралы мағлұматтар алды, сонымен қатар “Берік отбасы” атты бейнефильмді көріп,ойларын ортаға салып,бейнефильмнің мағынасын аша түсті. “Ананың сүйіспеншілігі” атты өсиет әңгімені тыңдап, тәжірибе жүзінде шырақты жағып жұмыс жасады.Топта шығармашылық жұмыс та жасалынды.1-топ “Сыңарын тап”, 2-топ: “Кім тапқыр”, 3-топ: “Ойды аяқта...” тапсырмаларын орындады.Еркін нұржановтың “Анашым” әнін барлығы бірге үнтаспаға қосыла отырып орындады.сабақтың соңында бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп,ортаға салды. 12 ақпан күні “Өзін-өзі тану :Махаббат пен шығармашылық педагогикасы” атты дәстүрлі онкүндіктің жабылуы болып өтті.Оқушыларды саптық жиынға шақырып , онкүндікте жасаған еңбектерінің қорытындысын шығарып, сый-сыяпаттар ұсындық.



Дайындаған:

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Нурбек Салтанат















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.02.2019
415
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі