400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Жалпы сабақта есту қабілетін дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал дефектологтарга арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы сабақта есту қабілетін дамыту

Естімейтін, нашар еститін балалар арнайы мектепте оқу әрекетін ұйымдастыруда ең негізгі форма жалпы сабақ болып табылады. Естімейтін оқушылардың есту қабілетін дамыту әрқашанда негізгі міндеттердің бірі. Барлық жалпы сабақтар ұжымдық жеке түрдегі дыбыс күшейткіш аппараттарды қолдану арқылы өтеді. Жоғарғы сынып оқушылары жеке есту аппараттарын белсенді қолданатын кезең болып табылады. Есту қабілетін дамыту жұмыстары тікелей педагогикалық процесстің бөлігі ретінде қарастырылады. Арнайы сабақтардың нәтижесінде естіп қабылдаудың сапасы мектептің білімін оңай меңгеруге көмектеседі.

Сөйлеу тілін естіп қабылдау жүйесі естіп қабылдауға байланысты жұмыстарды тек қана арнайы сабақтарда ғана емес,сонымен қатар жалпы сабақтарда жүргізу қажет.

Есту қабілетін дамыту жұмысының негізгі мазмұны жалпы білім беру сабақтарында әртүрлі жағдайда берілетін сөйлеу тілін естіп қабылдауын дамыту болып табылады.Баланы мектепке оқытудың бастапқы кезеңдерінде алдымен балаға естіп-көріп қабылдауын дамытуға бұрыннан таныс материалдар беріледі.2-3 сабақты өткізгеннен соң,контексттік жағдайды ескере отырып, балаларға жеке таныс емес сөздерді берсек болады.Фронтальдық сабақта естіп қабылдауға берілетін тілдік материалдар мынандай болады:

-Сөзтіркестер,баланың сабақтағы іс-әрекетін басқаратын сөздер(Бүгін біз сабақта...;Дәптерлеріңе жазыңдар...;Кітапты ашыңдар...;т.б)

-Қандайда бір сабаққа байланысты терминдер(бастауыш,көбейту,қысқаша мазмұн,және т.б)

-Қарым-қатынасқа түсу үшін көбірек қолданатын материалдар

Тілдік бірліктер естіп қабылдауға толығымен және бөліктермен беріледі.Мысалы құрылымы:Дәптерлеріңді дайындаңдар,қазір жазамыз.

Сабақта естіп қабылдауды дамытудың арнайы қағидалары жоқ. Естіп қабылдау тіпті сабақтың басында да болуы мүмкін.Мысалы мынандай сұрақтардан бастасақ болады:

-Қандай әңгімені оқыдың?

-Бұл әңгіме не туралы?

Біріншіден сабақты балалар түсіну үшін толығымен құрылымын ойластыру керек,Бала құрылымын түсінсе,ары қарайда тапсырмаларды орындай алады (интонациямен оқыту жаттығулары,рөлге бөлініп оқу,әңгіменің құрылымына байланысты сұрақтар,әңгіменің тақырыбын қою)

Тілдік материалдардың үлкен көлемін есту арқылы қабылдауда дидактикалық материалдарды орынды қолдану мүмкіндігінше жеңілдетеді.

Жалпы сабақта есту қабілетін дамытуға әдістемелік ұсыныстар:

  1. Оқушының сойлеу деңгейіне байланысты есту жаттығуларын орынды қолдану;

  2. Жалпы сабақта сабақтың құрылымын оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне қарай құру;

  3. Сабақта тілдік материал алдын ала дайын болу керек; (мысалы: карточка, қима мәтіндер, жеке тапсырмалар)

  4. Әр сабақта тілдік материалдың деңгейін оқушының сөйлеу тілін дамытуға және естіп қабылдауын мүмкіндігінше қалыптастыруға байланысты құру керек.

Есту арқылы аралас сабақта, жалпылама жүйелеу сабағында, қайталау және бекіту сабағында беріледі. Яғни экран есту арқылы таныс материалдарды естуге бергенде қайталау сабағында , сабақтың ұйымдастыру және қорыту кезеңінде қолданады. Жалпы сабақта экранды жиі қолдану материал меңгеруін қиындатады. Сондықтан барлық сабақта материалдың кейбір бөлігін экран арқылы беру ұсынылады.

Материалды іріктегенде мынаны ескеру керек:

  • материал оқушыға таныс болу керек, яғни әр сабақ қайталанған материал: Қазір қай сабақ, сыныпта кім жоқ?

  • Сабақтың ұйымдастыру кезеңіне байланысты фразалар: оқулықты ашыңдар, тапсырманы оқы, тақтаға шық.

  • Сабақ бойы өтілген таныс фразалар: бекіту сабақтарында.

Жалпы сабақта оқушының есту қабілетін дамыту жұмысы сөздік қорының молайуына, ауызша сөйлеу тілінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Жалпы сабақта естіп қабылдауын дамыту үшін естіп қабылдау деңгейін дамыту жеткілікті. Мұғалім сабақта топтық және жеке жұмысты сәйкестендіреді. Жеке жұмыстың кезеңінде, сыныпқа алаңдамай, оқушымен сөйлесуге, жасаған жұмысын бағалауға, қатесін жөндеуге, мадақтауға, келесі тапсырманы беруге болады. Сабақтарда экран қолдану арқылы мұғалім оқушыларға сабақ барысында орындайтын тапсырма береді. Мысалы: ырғақ сабағы «бір – бірден тұрыңдар», «әнді тыңдаңдар», «сұрақ қойыңдар». Қосылып тұрған әннің ырғағын табу естіп қабылдауын дамытуға көмектеседі. Естімейтін оқушының тілдік материалды есту арқылы қабылдауының жетістіктері ең алдымен мұғалімнің кәсіби біліміне және мұғаліммен оқушының тығыз байланыста болуына байланысты.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12.06.2019
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі