жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала "Жаңа бағдарлама жаңа бағыттарды көздейді"
Аңдатпа.Мақалада жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялауда оқытудың белсенді әдістерін бастауыш мектепте тиімді қолдану мысалдары көрсетілген.
Аннотация.В статье представлены примеры использования активных методов обучения в начальной школе.
Abstract.The paper presents examples of the using of active learning methods in primary school.
Кілт сөздер:Апробация,оқу бағдарламасы,оқыту,тәрбиелеу.
Ключевые слова:Апробация,учебная программа,обучение,воспитание.
Key words:Testing,training program,training.
Жаңа бағдарлама жаңа мақсаттарды көздейді.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде. «Адамның ақылдығы ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай айтқанындай,Елбасы жолдауында да «Білім беру жүйесінің басты міндеті-оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттындыру,халықаралық коммуникациялық желілерге шығу,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп ерекше атап көрсетілген.Бүгінгі мұғалім ата-ана,бала-бағбаны,қоғам қайраткері.Мұғалім-оқытушы,мұғалім-ұстаз,мұғалім-оқулық авторы,мұғалім-жаңалықты дәріптеуші,таратушы.Мұғалім-қоғам айнасы.Мұғалім-мектептің бәйтерегі.Тәуелсіз ел атанып,төбемізге ту тігіп,тіліміздің мәртебесі артып,әлемге атымызды танытып жатқан кезде ұлттың,елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлуші мұғалім. Білім сапасын арттырып,оқушылырдың дарындылығын айқындап,өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан шығармашыл тұлға дайындау әрбір жаңа тұрпатты мұғалімнің негізгі міндеті болса,сол міндетті мектепте бірінші болып,іске асырытын бастауыш сынып мұғалімі.
Бастауыш сынып мұғалімі-ерекше тұлға.Өйткені оған әрбір ата-ана мен қоғам өзінің перзентін үлкен сеніммен және үмітпен тапсырады. Бұл кезеңде мұғалім оқушы үшін идеал, яғни ұқсап бағар мұрат , мұғалімнің талабы оқушы үшін –бұлжытпас заң. Кейде ата- ананың да дәйекті сөзін місе тұтпай «апайым», «ағайым осылай істесін деді» деп тұрып алатыны баршамызға мәлім.Міне осыдан оқушының бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуында мұғалімнің алар орны ерекше екендігін көруге болады. Дәрігер өзінің білместігінен бір ғана адамға зардап әкелуі , ал мұғалімнің төмен болуы бір ұрпаққа зиянын тигізуі мумкін.Сондықтанда білім берудің нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі,шығармашылығымен оның кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.Ғалымның ісі-Ғаламдағы заңдылықтарды ашып жаңалығын білімге айналдырудың құралын табу.Педагогтың міндеті-осы мақсатқа ғалымның да,әдіскердің де жетістіктерін кең көлемде ұштастыра отырып,оқушының біртұтас ойлау қабілетін қалыптастыру.Білім мен іскерліктің қосындысы-педагогті өзгелерден ерекшелейтін қасиет,міне,осы.
Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады.
Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында.
Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс.
Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады.

ң
Жаңартылған білім беру мазмұнының оқу мақсаттарына жетуде бастауыш сыныптағы «Математика» пәні бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.
Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады,зерттеу және қарым-қатынастың математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.
Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп,жүйелі түрде берілген,қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан түратын оқу курсының негізгі мақсаты-оқушылырдың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.
Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну иәсілі ретінде қабылдаулы дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді,математика ғылымына қызығушылығын талап етеді.
Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес,оқу пәні бірқатар міндеттерді айқындайды.

Жоғарыда жазылған мақсат міндеттер 1 «Г» сыныбында өткізілген математика сабагында біршама көрініс тауып отыр.
|
Пәні: Математика Күні: 21.12 Сынып: 1 «Г» |
Мектеп: № 8 Мұғалімі: Ушкемпирова.С.Б Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны:- |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшеу. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш) қабырғаларын өлшеу және салыстыру 1.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм)/ масса (кг)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау 1.1.3.4 ұзындық өлшем бірліктерін (см, дм) олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру 1.1.3.5.Өлшем бірліктері және құралдарды таңдау арқылы ұзындық/масса/сыйымдылықты анықтау және іс әрекетін түсіндіру |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы біледі:Геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шар-шы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшейді және салыстырады; Көбі біледі: ұзындық өлшем бірліктерін (см,дм) олардың арақатысына сүйеніп түрлендіреді; Кейбірі біледі:өлшем бірліктерді (см,дм/кг/л) қолданып өлшейді. |
||
|
Жетістік критерийлері |
Тіктөртбұрыш қабырғаларының ұзындығын өлшеу арқылы оның барлық қабырғаларының ұзындығын қосып табуды үйрету; тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қасиетімен таныстыру. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
видеоролик , таныстырылым. |
||
|
Тілдік құзыреттілік |
Өлшеу |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар Балапан,түлкі,үйшік макеттері.Геометриялық фигуралар .Түрлі-түсті текшелер.Қыстырғыштар,жіптер.Суретті қима қағаздар.Сандық сауле. |
|
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 минут
2 минут |
І.Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық) Біз бақытты баламыз, Ойнап, күліп аламыз. Жетілсін деп санамыз, Оқып, білім аламыз. Сыныпта “Пішіндер” әні ойнап тұрады «Бейне таспадан» 1.Топқа бөлу. (Оқушылар геометриялық фигураларға ұқсайтын суреттерді алып, өздері ұқсатқан фигура тобына бірігеді.) Үшбұрыш, Тіктөртбұрыш, Шаршы, Дөңгелек. 2.Өткенге шолу. «Артық фигураны тап» ойыны бойынша қайталау. Әр топ үлестірмелі материал бойынша жұмыс жасайды.
|
Әуезді музыка
Суреттер, геометриялық фигуралар |
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
2 мин
3-5минут
|
3.Жаңа сабақ Тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшеу.Өлшеу арқылы тіктөртбұрыш қабырғаларының қасиетін оқушылырдың өздері анықтап ,дәлелдеп шығуына жағдай жасау .Шамаларды өлшеу туралы тірек сөздер: өлшеу-измерить-to measure.Ұзындық өлшем бірліктеріне тоқталу. Бейне таспа көрсету«Білімпаз атайдың ұзындық өлшеу туралы» Байырғы қазақ өлшемдері. Саусақлен өлшейтін ұзындық өлшемдері (елі, сүйем, сынық сүйем, қарыс, кере қарыс) Ұзындық өлшемдері туралы видеоролик көрсету.Осыдан кейін әр топқа ұзындықтары екі таңбалы (11,12,13,14,15)және бір таңбалы(4,5,6,7,8,9) болатын бірнеше суретті тіктөртбұрыштар беріледі.Белгілі бір уақытта 1,2-топтар ұзындығы екі таңбалы сан болатын тіктөртбұрыштарды қыстырғышпен жіпке іліп, 3,4-топтар ұзындығы бір таңбалы сан болатын тіктөртбұрыштарды қыстырғышпен жіпке іліп тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының ұзындықтары тең болатынын өздері дәлелдеп шығады. 4.Оқулықпен жұмыс 120,121бет Текшелерден жасалған қоршау ТОПТЫҚ ЖҰМЫС А) Әр топқа 30 түрлі-түсті текшелер тартылып берілді. Топтар жарыса отырып текшелерден қоршау жасап,қоршаудың ұзындығы неше текшеден тұратынын санап,қарама-қарсы жақтары бір-біріне тең екеніне көз жеткізеді дәлелдейді.Ә)Қағазқыстырғыштармен жұмыс. Қабырғаларының ұзындығы 5және2 қағазқыстырғыштан тұратын тіктөртбұрыш жасату.Ол үшін барлығы қанша қағазқыстырғыш пайдаланасын?Қарама-қарсы қабырғаларының тең болатынын аңғарады, дәлелдейді. |
«Білімпаз атайдың ұзындық өлшеу туралы» бейне таспасы Тіктөртбұрыш сызылған түрлі-түсті жолақтар Жіп қыстырғыштар.
Түрлі-түсті текшелер. |
|
|
Қызықты тапсырма 2минут
|
Сергіту сәті «Жаңылдырсаң да, жаңылмаймын» ойыны Шарты: Оқушыларға әртүрлі фигураларды көрсеткендебелгілі бір қимылдарды орындайды.«Кесінді » дегенде оқушылыр екі қолын жоғары көтереді,түзу сызық дегенде оңға екі қадам ,солға екі қадам,үшбұрыш дегенде қолдарын төбесіне айқастырып, отырып тұрады,дөңгелек дегенде құшақты ашып жинайды,тіктөртбұрыш дегенде оң қолды жоғары,сол қолды төмен,оң қолды оң жаққа сол қолды сол жаққа тіке ұстаймыз т.с.с Осылай бірнеше рет тез қайталаймыз Дәптермен жұмыс.А)118-119 бет өздік жұмысы(4мин) Ә)Математикалық диктант.(3мин) 1 ондық 6 бірлікті 2 бірлікке арттыр (16+2) 1 ондық 7 бірлікті 3 бірлікке кеміт (17-3) 1 ондық 5 бірлікті 4 бірлікке арттыр (15+4) 1 ондық 8 бірлікті 5 бірлікке кеміт (18-5) 2 ондық 0 бірлікті 2 бірлікке кеміт (20-2) 2 ондық 0 бірлікті 5 бірлікке кеміт (20-5) Үлгі жауап бойынша оқушылар бір-бірімен дәптер алмасып, қателерін тексереді.Үлгі жауап тақтада ілініп тұрады. Б) «Балапанды құтқару» ойынын ойнату Шарты : Қу түлкіден балапандарды құткару үшін балапандардың артында мына түрдегі тапсырмалар болады.(2мин) 17см=?дм?см 2дм 1см=?см 16см=?дм?см 2дм 5см=?см 14см=?дм?см 4дм 2см=?см 11см=?дм?см 1дм 7см=?см В)Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы бойынша тест алу. Тапсырма(2мин) Қай жол қысқа? Сызғыштың көмегімен жолдардың ұзындығын өлшеңіз және нәтижесін жазыңыз. Оларды салыстыра отырып, ең қысқа жолды табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы - үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын өлшейді және нәтижесін жазады; нәтижелерін салыстырады және ең қысқа жолды анықтайды
|
Суреттер
Математикалық диктанттың эталоны Балапандар және қу түлкі макеті Ақ беттер. Сызғыштар. |
|
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия. «Айға ұшу» ( жаңа туған ай, жарты ай, толған ай) стикерлерді жапсыру. (1мин) |
Ай суреттері |
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
“Бағалау парағымен” бағалау жұмысын өткіземін.(1мин) |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Жаңа технологияның қарыштап дамыған кезеңінде білімді ұрпақ тәрбиелеп шығаруда бастауыш сынып мұғалімдеріне үлкен міндеттер жүктелуде.Қазіргі басты мақсат білім беруде белсенді оқу мен зерттеуге негізделген оқу арқылы, тұлғаның шығармашылық, зерттеушілік ізденісін қалыптастыру
Қорыта келгенде, бағдарлама талаптарына сай оқушы бойында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы,құндылықтарды оқушы бойына сіңіру ізденістер жасау үстін де жұмыс жүргізілуде.Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес,білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады.Бүгінгі бала—ертеңгі жаңа әлем.Оқушының дамуына әсер етуші әлеумет тік фактор негізінде оқушы,мұғалім,ата-ана және пән мұғалімдері ынтымақтаса отырып жұмыс жасап отыруы керек.Заман талабына сай жаңа бағдарлама талаптары бойынша оқытуда жаңаша әдістер арқылы үйретуші,бағыт-бағдар беруші-ұстаз.Оқушылардың жаңаша білім алуға,жаңа оқуға ,жаңа қатынастарға бейімделуі,күрделі үрдіс болып саналады.Осы үрдіспен мемлекетіміздің бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына енуі үшін ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктеп отырғанын ұмытпауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
1.Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысы.
2.Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепте(1-4сыныптар) арналған оқу бағдарламасы Астана 2015-36 бет
3.Оқушылардың функцоналдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары(Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2012жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы)
4.Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған нұсқаулықтар.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген