400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала «Жаңа технология – сапалы оқытудың тиімді тәсілі»"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша мұғалімдерге көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңа технология – сапалы оқытудың тиімді тәсілі»

Бүгінгі ғаламдану процесінде ғылым мен техниканың даму деңгейіндегі өркениет білім берудің мазмұны мен формаларын жетілдіруді талап етуде.Қазіргі инновациялық технологиялар -білім сапасын арттырудың кепілі.Оны өзінің нақты деңгейіне жеткізіп пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы зор.Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап,тәжірибедесынап қараудың маңызы зор.

Жаңа технологияны меңгеру –мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани азаматтық адамиқабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. «Педагогикалық технология дегеніміз –тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана» (В.Беспалъко)

Педагогикалық технология –орындалуы белгіленген ,жоспарланған нәтижеге жетуге тікелей алып келетін реттелген амалдар ретінің жүйесі.Педагогикалық технологияны соңғы нәтиженің кепілдігі,болашақ оқу –тәрбие процесінің жобалануы деп сипаттайды.

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан,олардың іске асуының екі ғана жолы бар.Біріншісі – теориялық негізде орындалуы,екіншісі- тәжірибемен жүзеге келуі.

Мектеп өміріне енгізіліп жатқан түрлі педагогикалық технологиялар:М.Жанпейісованың «Модулъдік оқыту технологиясы»,К.Бітібаеваның «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиялары»,Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау әдістері», Сын тұрғысынан ойлау бағдарламалары қазіргі таңда жиі қолданылып жүр.

Оқыту үрдісіне енгізіліп,өз нәтижесін көрсетіп отырған технологияның бірі-модулъдік оқыту технологиясы.Еліміздің мектептерінде қолдау тауып,кеңінен қолданылып жатқан бұл технологияда оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру негізгі мәселе.Әр оқушының мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды таңдату,өз деңгейін анықтау жұмыстары оқушы қызығушылығын арттыра түседі.

1.Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға,

2.Танымдық процестерді ( жады, ойлау, зейін,қабылдау) дамытуға,

3.Оқуға қызығушылығын қалыптастыруға,

4.Сөздік қорының ауызша, жазбаша тілін дамытуға зор ықпал етеді.

Қазақ мектептерінде әдебиетті оқытуда жан-жақты тануа,оны оқыту мәселелерін өрістетуге арналған Қ.Бітібаеваның еңбегі ерекше орын алады.Лириканы оқыту,эпикалық шығармаларды оқыту,драмалық шығармаларды оқыту деп жеке дарва бөле отырып,оқытудың инновациялық технологиясын ұсынып,оқушының шығармашылық ізденісіне,дарынды балалардың қабілетін жетілдіру үрдісіне жол ашады.

Қазақтың төл «Сатылай кешенді талдау»технологиясы халқымыздың әдебиетін,тарихын,географиясы туралы жан-жақты білім беретін,оқушыны ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту түрі.Оқушыға қазақ ғылымының мазмұны мен жүйесін,оның сөздік құралы мен грамматикалық құрылысын,сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп,дұрыс сөйлесу,сауатты жазуын қалыптастыратын бірден-бір жүйелі де тиімді технология.

Қазіргі кезде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі-стратегиялар.Ондағы «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру» «Миға шабуыл») стратегиялары сабақ барысында оқушының есте сақтау жәнежадыларының қабілетін сұрыптап,байқау үшін арналған стратегия.Сол сияқты:

«Топтастыру»стратегиясы

«Инсерт» стратегиясы

«Кубизм» стратегиясы

«Мағынаны тану» стратегиясы

«Ойтолғаныс» стратегиялары оқушының қызығып ізденетін, жұмыс жасайтын,шығармашылық,ынтымақтастық аурасын туғызу мақсатында ұстанатын бағыт.

Жалпы қазіргі кезде аталған жаңа технологиялар түрлі әдіс-тәсілдермен қатар қолданылып,сабақты қызықты өткізуге көптеген мүмкіндіктер береді.Оны сапалы білім берудегі бірден –бір тиімді жолы деп айтуымызға болады.

Егер біз шәкірттеріміз жекелеген пәндерден берілетін білімді терең меңгеріп қана қоймай, алған білімдерінің негізінде жүйелі ойлау дағдысын игерсін десек,кәсіби тұрғыдан қойылатын талаптарға сай болуымыз керек.Білім беру мазмұнындағы өзгерістер,тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыру- мұғалімнің әдістемелік қызметінен көп жаңашылдыөқты күтеді,кәсіби құзіреттілігі шеңберінің кеңдігін қажет етеді.Заман талабына сай болу үшін мұғалім әрқашанда ізденіс үстінде болуы керек.Өздігінен дамуға ,өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылатын ұстаз оқушысына оң бағдар сілтейді деген сенімдемін.

Мұғалімнің міндеті - кез келген оқу материалынан, оқу процесін ұйымдастырудың өзінен бала үшін жаңа нәрсе тауып алу.Екіншіден, оқыту баланың өмірге бйімделуімен байланысты болуы керек.Үшіншіден, таным процесіне көмегі болатын қайшылықты пікір тауып,құрастырып алып оқушыға талқылауға,өзіндік шешім жасауға ұсыну керек.Жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай ,оның философиясын ұғыну басты шарт екенін естен шығармауымыз керек.Өйткені,алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес,бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету.

Сабақта жаңа технологияны пайдалану сапалы оқытудың тиімділігін арттырады.Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл –ой мүмкіндігін қалыптастырып,адамның қабілетін,талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр.Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек.

Қорыта айтқанда, «Технология – бұл өнер, шеберлік,ептілік «іскерлік әдістердің жиынтығы,жағдайдың өзгеруі...».Әр мұғалім өз сабағында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»деген сөздерін есінде ұстап,шеберлік шыңынан көріне білу керек.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қ.Қабдықайырұлы,В.М.Монахов. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы.1999ж.

2. «Мектеп»Ғылыми- әдістемелік педагогикалық журнал. /№11,14,саны,2011ж. /

3. «Егемен Қазақстан» /№90-93саны,наурыз2010ж.

4. «Мұғалім шеберханасы /№3,2012ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
935
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі