400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала: "Жаңартылған бағдарлама аясында"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама аясында жүргізілген жұмыс барысы жайында, алғашқы кезеңдегі кездескен қиындықтар жайында, жалпы жаңартылған білім бағдарламасы бойынша білім саласына енгізілген жаңалықтар мен ерекшеліктер туралы баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

С ейтхожаева Халия Орынбайқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Арыс қаласы

№372 бастауыш мектебі мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі





Жаңартылған бағдарлама аясында


Жаңартылған бағдарлама аясында,

Білім шыңдап жатырмыз дәл осында,

Көрнекі құралдарын жайып салған,

Қуанышбаеа Зәуре апайдың саясында.


Жаңартылған бағдарлама мазмұнымен

Біз таныстық үш апта шамасында

Бағдарлама жаңалығын талқыладық,

Кіл жаңашыл әріптестер арасында


Үш аптада не үйрендік, не білдік?

Әлде қалай болар деп үрке кірдік,

ҚМЖ-ны жаңа үлгіде жаза алмай,

Қиналғанда үнсіз, ауыр күрсіндік.


Жаңалықты түсіне алмай басында,

Тренерді алдық сұрақ астына,

Бағдарлама сырын енді ұғындық,

Келешекте бола қоймас қиындық.


Енді бізде мақсат айқын, жол айқын,

Қолымызда бағдарлама қолдайтын,

Қала берсе Зәуре апай тағы бар

Сұрақтарға ватцаппен жауап жолдайтын.


Біз бастайық жаңаша бір бастама,

Қорқынышпен қарамайық жасқана,

Кемелденген дана болып шықсыншы,

Алдымызға келетұғын жас бала.


Жаңаруға енді біз

Шындап бетті бұрайық,

Бәрін айт та, бірін айт,

Хабарласып тұрайық. Сәуір, 2016жыл

Бұл өлең 2016 жылы сәуір айында жаңартылған білім мазмұны бойынша ұйымдастырылған курста білім жетілдіріп жүрген кезде тренердің өтініші бойынша жазылған өлең жолдары еді. Содан бері бір жарым жыл уақыт өтті. Жаңартылған білім мазмұнына көшу барысында көш бастап келеміз. Әрине, бәрі де оңай, бәрі де керемет болды, бәрін де оп-оңай еңсеріп кеттік деп айта алмаймыз. Өйткені алғашқы кезде жұмыс барысын ұйымдастыру, бағдарламада көрсетілген мақсаттар мен талаптарды тиісті деңгейде орындау оңайға соға қоймады.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға демекші, әрбір жаңашыл әрі балаға жанашыр ұстаздың алдындағы оқушыға тек қана білім беріп қоймай, қазіргі заман талабына сай жан-жақты, озық ойлы, алған білімін өмірде қолдана алатын, егеменді еліміздің туын биікке көтеретін білімді, білікті, саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу үшін ұстаздың өзі үнемі ізденіс үстінде болуы, кәсіби дамуға ұмтылуы-заңды құбылыс. Жаңартылған білім бағдарламасы да бізден осыны талап етті. Бұрын біздер берілген тақырып бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізген болсақ, ал енді жаңартылған бағдарлама бойынша алдымызға мақсат қойып, сол мақсатқа жетудің түрлі жолдарын қарастырдық. Ол үшін оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруға тырыстық.

Жаңартылған бағдарламаның тағы бір ерекшелігі-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап ,сабақта критериалды бағалау жүйесін енгізілді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау баланың күнделікті сабақта жеткен жетістіктері мен сүрінген, көмек қажет ететін тұстарын анықтап, баланы жан-жақты ізденуге ынталандырса, ал жиынтық бағалау белгілі бір бөлім аяқталғандағы, сондай-ақ әрбір тоқсандағы балалардың білім деңгейін анықтайтын өлшем шарт болды.

Ең бастысы, бұл бағдарламаны іске асыру барысында тығыз әріптестік қарым-қатынас күшейді. Бағдарлама аясындағы жұмыс барысында туындаған сансыз сұрақтардың жауабын табу үшін әр түрлі тақырыптағы және әр түрлі деңгейдегі ұйымдастырылған семинарларға қатысып, келелі сұрақтардың жауабын бірлесе табуға тырыстық.

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы болғандықтан, мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұрғанын сезіне білдік.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
626
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі