жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала "Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері"
Глубокое
ауданы, Опытное поле кенті
«Опытное поле орта мектебі» КММ
Шарипказина Динара Кабдолдановна
Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері.
Мақалада мектепке дейінгі жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тұлға қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылған.
Түйін сөз: білім беру мазмұнын жаңарту, тұлға, кіріктіру
В статье рассмотрены особенности обновленной программы дошкольного образования, эффективные пути формирования личности в условиях обновления содержания образования.
Ключевые слова: обновление содержания образования, личность, интегрирование.
The features of the updated program. The article deals with the features of the updated program of preschool education, effective ways of personality formation in terms of updating the content of education.
Key words: Updoting content of education, personality, integration.
______________________________________________________________________________
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру.
Үздіксіз білм беру- толассыз, тоқтаусыз білім. Бұл туралы ұлы педагогтар Я.А.Коменский білімнің ешқашан аяқталмайтынын, өміршеңдігін атап өтіп, білім адам өмірге келген күннен басталып, соңғы күніне дейін бітпейтіндігін айтса, көрнекті американдық психолог, философ және педагог Дж.Дьюи еңбектерінің өзекті мәселесі де әр адамның өмір бойына білім алуында деп көрсетеді.[1]
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені сөзсіз.
Біздің өміріміздің кез – келген саласындағы сапалы өзгерістер, әсіресе білім беру саласындағы өзгерістер мұғалімнің оқыту үрдісіндегі алатын орны мен рөліне жаңаша көзқарасын қалыптастырусыз жүзеге асуы мүмкін емес. Дана халқымыз «Ой өзгермей, адам өзгермейді» дегендей, орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытында енгізіліп отырған жаңа мақсаттар мен міндеттерді, жаңа технологияларды, құзіреттілікке бағытталған бағалаудың жаңа формаларын алдымен мұғалімнің өзі жан – жақты игермейінше, сапалы білімге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан кез – келген педогог оқыту үрдісін бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етудегі өзгерістерді, педагогикалық қызметтің мақсаттары мен әдіс – тәсілдері бағытындағы тың өзгерістерді қабылдауға, игеруге, ізденуге дайын болуы қажет.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізігі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ « атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды.
Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» - деген.
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақмектебі мен мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтау.
Бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын, дұрыс бағыттауды, қабілет қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісі ұйымдастыруда жаңашыл әдіс- тәсілдерді пйдалануға мүмкіндік береді.
Балабақшада жаңа педагоикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан – жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
2016-2017 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда меншік нысанына түрлері мен типтеріне қарамастан білім беру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырыладды.
Жаңартылған стандарт негізінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылым мен практиканың жетістіктері, отандық және шетелдік тәжірибелер ескеріліп, «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» үш білім беру бағдарламаларының орынына Бағдарлама әзірленді. [4]
Бағдарлама негізінде оқу жоспары жасалынып, тақырыптар анықталып, білім беру салалары кіріктіру арқылы ұйымдастырылады. Бұл мектеп жасына дейінгі білім беру үрдісінде тұлға қалыптастырып, оларды заманауи әдіс – тәсілдермен оқытып, ой – өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл процестің мектепке дейінгі білім беру үрдісіне енгізіле бастауы көңіл қуантады.
Осы бағытта білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты.
Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңызы зор. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы - оқытуды ізгілендіру, өзін – өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан – жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді.
Тұлғаны жан – жақты дамытумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін – өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.
Жаңартылған білім мазмұны «балабақшаға не үшін оқу керек?» деген сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасында ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетін балалардың жас және жеке ерешеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім беру саласы және білім берусалаларының мазмұнын кіріктіру арқылы іске асырылады.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру жас ерекшелігі психологиясы мен мектепке дейінгі педагогика және білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады. Барлық білім беру салалары бір – бірімен байланысты: бала оқи отырып таниды; тани отырып не білгені туралы айтады; зерттеу және пайымдау барысында құрбыларымен бірлесіп әрекет етеді. Осылай білім беру салаларының өзара интерациялануы және өзара байланысы балада қоршаған ортаны тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. [4:5]
Сөзімді қортындылай келе; қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, әлемдік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді тәрбиешілер мен мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махтама Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, бала бойындағы қабілетті жетілдіріп, балаларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Библиографиялық сілтемелер:
1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауышсынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы 4Бодди Д, Пэйтон Р. Основы менеджмента: Пер. С англСПб: Питер,1999
2.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (12.08.2016ж№499);
3.Қ.Р.Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы 31 қаңтар
4. 2016-2017 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу – оқыту үдерісін
Ұйымдастыру туралы әдістемелік – нұсқаулық хат – Астана2016

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген