Авторы: Мендыбаев Айнагуль Амангельдыевна
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы ауылы «Нұрлы орта мектебі» КММ
Жаңаша мектепке – қазіргі заманғы ұстаз
Ұстаз деген – ұлы есім ардақтайтын,
Бар адам ұстаздарды мадақтайтын.
Біз бастауыш ұстаздары-білім нәрін сіңірген,
Айтқан сөзің, басқан ізің,
Үлгі болар біліміңмен
Жас буынға бүгінен!!!
Білім беріп, есік аштық үлкен ғаламға,
Бойға жиған қасиетті қондырамыз балаға.
Нарықтық заман,
Жаңа заман,
Жаһандану заманы
Әлемді жаңашылдық жаулады!!!
Ұстаз шіркін, үйренер бәрінеде
Жаңашыл ұстаз болу міндет қазір әркімге де.
Білуің шарт компьютерді бес саусақтай қолдағы,
Көк экранда өтіп жатар,
Бар ойдағың алдағы.
Елу елдің қатарына іліктік,
Алдыңғы ондық ішінеде енеміз.
XXI ғасыр жаңа заман кезінде
Тек алға, тек алға деп келеміз!!!
Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар
жолдың бастауы – мектеп десек, ал мектептің басты тұлғасы – ол
мұғалім екені анық.
Иә, мектептің жаны да, жүрегі де - мұғалім. ХХІ ғасыр – ұлттық
бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологияларды жетік
меңгерген, жалындаған жастардың жаһандану заманы. Ендеше, қазіргі
заманғы мұғалім қандай болмақ керек?
Қазіргі білім беру саласында ең басты назарға алынған мәселе –
оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:
«Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған әлеуметтік тұрғыдан
есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген
білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл
тұлға.
Бүгінгі күн – бәсекелестік пен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімінің заманы. Ұстаз еңбегі – оқушыны білімінің өлшемі. Оқыту процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру–мұғалімнің міндеті.
Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамыта оқытатын мұғалім де шығармашылықпен жұмыс істеуі керек. Шығармашыл мұғалім үшін шығармашылық деңгейдің белгілері:
-
Жаңа әдіс–тәсілдерді, білімді меңгеруі;
-
Жаңа білім аумағында өз еңбегін ой елегінен өткізу;
-
Жаңа форма, әдіс–тәсілдерді құрастыру;
-
Озық іс–тәжірибені пайдалана білу;
-
Әр түрлі жағдаяттарға дұрыс шешім қабылдай білу;
-
Нақты жағдайда бағыт–бағдарды, шешімді қабылдай білу;
-
Ең жоғарғы деңгейдегі жаңа оқу–тәрбие жүйесін құрау.
Оқушылармен жұмыс жасағанда еркін ойлауға мүмкіндік беру, ақыл–ойын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру, ұжымдық іс–әрекетке тәрбиелеу, тіл байлығын жетілдіру, жан–жақты ізденушілікті қажет етеді.
Мәлік Ғабдуллин атамыз: «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті, сырт пішіні, киген киімімен де оқушыларына қатты әсер етеді»,- деп айтқан болатын. Мұғалім алдындағы басты міндет - жаңашыл ойлай қабілеті дамыған, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, мәдениетті, жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай мұғалім атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау. Сонымен жаңаша мектепте қазіргі заманғы мұғалімнің жаңа технологияны жүзеге асырудағы міндеттеріміз:
-
Әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.
-
Әр оқушының психологиялық, физологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру.
-
Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыру отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу.
-
Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу.
Бүгінгі мұғалім шәкірттеріне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.
Олай болса, балаға білімнің нұрын құйып, шығармашылық ынтымақтастықта әрекет етсе, шығармашыл дарынды тұлғаның жүрер соқпағы, өмірдегі мақсат – мұратына айқындала түспек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала: Жаңаша мектепке – қазіргі заманғы ұстаз

шағым қалдыра аласыз