Жанымда
жүр жақсы адам
Ұстаз...
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен
өзектес ұғым. Адам баласының қадір
тұтып, құрметтейтін, ата-анасындай
ардақты, сәби жүрекке жақын жан. Осындай
ерекше жанның бірі – Қарақұм ауылының
№59 орта мектебінің директоры Жанкүшікова
Шәрбану Бәйділдақызы. Ол жан туралы жәй
жазу мүмкін емес. Себебі, қай жағынан
алып қарасақ та мақтауға, мақтануға
лайық тұлға!
«Мұғалім
– зор тұлға, күннің сәулесі іспетті»,
- деп, К.Д.Ушинский айтқандай, Шәрбану
апай да жарық нұрдай жан-жағына жылу
төге білетін мейірбан ұстаз. Сонымен
қатар, білікті басшы, іскер әйел, адал
дос, абзал ана, сүйкімді әже. Бір сөзбен
айтсақ, сегіз қырлы, бір сырлы адам.
Сондықтан да апайдың қай қырын алсақ
та үлгі боларлықтай өнегеге толы екенін
байқаймыз.
Шәрбану
апай – ең алдымен ана. Тәлімді тәрбие
беріп, ұрпақ өсірген, баласының бойына
адамдық пен адалдықты құя білген
мейірімді ана, сүйікті әже. Тағылымды
тәрбиені терең еңбекпен ұштастырған
апайдың тегі де тегін емес. Әкесі –
кеудесін оққа тосқан батыр ер болса,
анасы – дуалы ауыз, кешегі Зере мен
Ұлжандардың сарқытындай салиқалы, елге
сыйлы жандар. Осындай тектілерден
тараған қан текке кетпесі айдан анық.
Шәрбану
апай – білікті басшы. Мұғалім бола
жүріп, мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі
дәрежесіне жетті, одан әрі мектеп
директоры де атанды. Мұның барлығы
қажырлы қайрат пен жоғары ой-сананың,
ісіне деген жауапкершілік пен адал
еңбектің жемісі. Шәрбану апай директор
болғалы мектебіміз жоғары дәрежеге
көтеріліп, ауданның «Мен» деген
мектептерінің қатарына қосылды. Ол
кісінің мамандығына деген махаббаты,
әріптестеріне, ұжымына деген сыйластығы
көптің көңілінен шығып, ыстық ықыластарына
бөленіп жүр. Қарапайымдылығы да бір
төбе боп, жақсылыққа толы жанымен жаныңды
баурайды.
Шәрбану
апай – іскер әйел. «жақсының жақсылығын
айт, нұры тасысын», - деген екен халық
даналығында. Расымен де, осы игі сөз
біздің апайымызға арналғандай. Олай
дейтінім, апайдың тек мектепке ғана
емес, Қарақұм ауылына да сіңірген еңбегі
өте зор. «Елім, жерім, ауылым!», - деп
жүрген көптеген ерлермен иық теңестіре
алатындай «Азамат» деп ауыз толтырып
айтуға әбден лайық. Ауылдың көркеюіне
де үлесі, түрлі ізгі бастамалардың
ұйытқысы боп жүргені көпке аян. Кейбір
«Ермін!» деп кеуде керген ерлерден артық
деп айтсам, қате болмас. Өзінің парасатты
пайымымен, жанашырлығымен, тыңғылықты
ісімен, бір сөзділігімен ауылдың
сүйіктісі болып, халықтың батасын алып
отыр. Сол үшін де еңбектеген бала мен
еңкейген қартқа дейін сыйлап, құрмет
тұтады.
Шәрбану
апай – Ұстаз! Балалардың аяулысы, баланың
бағбаны, жарық шашар білімді, тәлімі
мол ұстазы. Мектеп үшін жанын салып, тер
төге еңбек етіп жүрген жан. Қанша жыл
еңбек етсе де, «болдым, толдым», -демей,
үнемі ізденіс үстінде жүріп, уақытпен
санаспай болашақ ұрпақ тәрбиелеп аянбай
жүрген адал ұстаз. Орыс тілі мсен
әдебиетін оқып. Одан әрі заңгерліктіоқып,
жан-жақтылығымен де ерекшеленетін
тұлға. Апайдың ауыл үшін және мектеп
үшін жасаған еңбегі ерен.
«Мұғалім
– мектептің жаны», - деп, Ахмет Байтұрсынов
айтқан осы сөзді мен: «Шәрбану апай –
мектептің жаны, жүрегі», - деп айтқым
келеді. Себебі, бар ізгілік, тіршілік
жүректен тараса, апай да сол жүректей
бойына бар жылуды, жақсылықты жинаған,
парасатты, рухани жаңғыруға бет алып,
болашаққа қадам басқан ірі көшбасшы.
Осындай көшбасшымызбен, әрі тағылымы
мол ұстазымызбене біз қашан да мақтанамыз!
Сіздің еңбегіңізге бас иеміз! Жұлдызыңыз
жарқырап, әрдайым ұлылықтың ұясы боп
жасай беріңіз! Мына «жұмыр жердің
жұмағындай» сіз басқаратын мектеп тек
асқар шыңнан көріне берсін!
Айдана
Ақжанова
№59
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пән мұғалімі