400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала ««Жас экономист» үйірмесі жұмыстарының ұйымдастырылу формалары» 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру педагогтарына әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

««Жас экономист» үйірмесі жұмыстарының ұйымдастырылу формалары»

Қосымша білім беру педагогы: Ауелбаева Нургуль Жақсыбекқызы


Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алғандығымыз айтылған болатын. «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген» - деп Елбасымыз баса айтқан болатын.

«Жас экономист» үйірмесінің мақсаты – балаларды күнделікті өмірде қажетті экономикалық білім негіздерімен таныстыру, қаржылай сауаттылығын арттыру, отбасы бюджетін үнемдеуге, нарықтық қатынастарда қателіктерге ұрынбай, дұрыс шешім қабылдауға үйрету.

«Жас экономист» үйірмесінің жұмыстары – сабақ, экономикалық тақырыптағы қабырға газеттерін жасау, суреттер көрмесін ұйымдастыру, экономикалық бейнероликтер, слайдтар жасау, қаржы саласындағы мамандармен кездесу, банктерге, сақтандыру компанияларына, кәсіпорындарға экскурсияға бару, т.б нысандарда жүргізіледі.

Үйірме сабақтарында - ойын сабақтары, сыни тұрғыдан дамыту, ұжымдық оқыту, жарыс, өзіндік жұмыс, т.б. тәсілдері қолданылады. Оқушылар үйірме сабақтарында қызықты экономикалық анаграммалар, сөзжұмбақтарды, экономикалық суретжұмбақтарды шешіп, эконвордтарды, экономикалық терминдерді мағынасымен сәйкестендіру, елдердің валюталарын табу тапсырмаларын орындайды.

Экономикалық есептер шығару, логикалық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамытылып отырылады.Үйірме сабақтарында балалар күнделікті коммуналдық төлемдерді есептеуді, отбасы қаражатын үнемдеуді үйренеді. Сурет-иллюстрациялар бойынша экономикалық әңгіме, кластер құрастыру әдістері де қолданылады. Кітаптармен, мәтінмен жұмыс жасағанда Джигсо әдісін пайдаланамыз, бұл әдіс тақырыпты өз бетімен оқуға, топта талқылауға және оны басқа топтарға түсіндіре алуға үйретіп, көпшілік алдында өз жұмысын қорғап, сұрақтарға жауап беруге, пікір алмасып отыруға дағдыландырды.

«Жас экономист» үйірмесі 15-қараша «Ұлттық валютамыз – Теңге күні» мерекесіне орай Оқушылар сарайында білім алушылар мен олардың ата-аналарына арналған теңгенің шығу тарихы мен дамуы, маңызы туралы бейнеролик көрсетіп, экономикалық тақырыптар бойынша суреттер көрмесін ұйымдастырып отырады.


Үйірмеде білім алушылар үйірме жұмысында Теңгенің шығу тарихы мен дамуы туралы ақпараттық слайдтар жасайды. Осы мерекеге орай экономикалық кітаптар көрмесін тамашалауға кітапханаға барады.

Республикалық интернет байқауларға «Ғылыми жоба» немесе «Зерттеу жобасы» номинациясы бойынша «Жас экономист» үйірмесінен оқушылар тұрақты түрде қатысып отырады. Зерттеу жұмысын жазуда оқушыларға жеке тапсырмалар беріліп, жеке жұмыстар жүргізіледі. Сыни тұрғыда ойлау технологиясының «Мен зерттеймін» әдісін пайдаланып, кітапханалардағы экономикалық кітаптарды, сөздіктерді, мерзімдік баспасөз материалдарын, қаржы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, статистикалық мәліметтерді жинақтау, деректерді талдау, бағалау жұмыстары жүргізілді.

Үйірмеде білім алушылар «Экономиканың экологияға ықпалы», «Тұтынушылар құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері», «Қазақстан экономикасын дамытудағы көлеңкелі экономикамен күресудің маңызы», т.б тақырыптарда зерттеу жұмыстарын жазып, жіберіп отырады.

Үйірмеде көбіне практикалық жұмыстар орындалады. Практикалық күнделікті өмірмен, нарықтық қатынастармен тығыз байланысты. Үйірме жұмыстары оқушыларға кәсіби бағдар беруге бағытталған, яғни болашақ экономист, қаржыгерлер тәрбиеленеді. Білім алушылардың дербестілігін, белсенділігін дамыту үшін олардың сұраныс-тілектерін ескеріп, үйірме жұмыстарына өзгерістер енгізіп отырамыз.

Осылайша, білім алушы үйірмеде өз қызығушылығын, қажеттіліктерін қанағаттандыра алуы тиіс. Қабілеттеріне қарай топтар құрылып, бала өзін ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі қажет. Экономика саласында қызмет ететін кәсіби білікті, шетелдік мамандармен бәсекеге түсе алатындай мықты мамандар даярлау үшін, ең алдымен балалардың ерте кезден қаржылай сауаттылығын арттыру қажет деп есептеймін.



Пайдаланылған дереккөздер:


  1. Аганина К. Ж. Экономикалық білім беру – заман талабы // Қазақстан мектебі № 4. 2000 ж.

  2. И.В. Ермакова, Т.А. Протасевич. Начала экономики. Рабочая тетрадь. М. «Вита – пресс».2013

  3. Сборник программно-методических материалов по экономике и праву. Вита-пресс, М 2008.

  4. Н.В. Новожилова: Экономика: моя семья. 5 класс: Тетрадь творческих заданий для учащихся 5 класса (учебное пособие - 5 класс) Вита-пресс, 2011

  5. И. В. Ермакова ,Т. А. Протасевич. Начала экономики (учебное пособие для внеурочной работы в 5-6 классах общеобразовательных организаций). 2015

  6. Школа юного экономиста. Разработки занятий для младших школьников / авт.-сост. М.М. Воронина.  – Волгоград: Учитель, 2008.

  7.  Симоненко В.Д., Шелепина О.И. Семейная экономика: Учебное пособие для 7-8 классов общеобразоват. учрежд. Образовательная область «Технология». – М.: Вита-Пресс, 2002.

  8. Экономика для 3-5 классов. Барбара Дж. Флауренс, Пенни Каглер, Бонни Т. Мезарос, Лейна Стилс, Мэри С. Сьютер / Пер. с англ. Т. Равичевой, под ред. С. Равичева.  МЦЭБО, 2006.

  9. http://ofinansah.kz - Қаржы мәдениеті | Балаларға "Қаржы жайлы"

  10. kzibank.kz - Балаларға "Қаржы жайлы" | KZI BANK

  11. http://ekonomica.org – сайт по основам финансовой грамотности;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі