жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала: Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы тұлғааралық қарым-қатынасының рөлі
Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы тұлғааралық қарым-қатынасының рөлі
Ахметова Айнур Нуртолеуовна - Педагог-психолог
«Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледж» КМКҚ
Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған.
Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.
Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін
Ұйымдастырушылық және қарым-қатынасқа тез, жеңіл түсе алушылық қасиеттерінің дамуы, жасөспірімдік шақта өте маңызды болып келді. Осы шақтағы көп байқалатын құбылыстарының бірі - жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасқа деген тапшылық. Сол себептен, жасөспірімдердің тұлға болып дамуына, жан-жақты қалыптасуын жақсатру мәселесінде қарым-қатынасты дамыту керек.
Жасөспірімдік кезеңнің негізгі ерекшеліктің бірі – тұрақсыздығы және үлкендермен қарым-қытынастағы өзгеріп отырулары жатады. Осы шақта үлкендердің қарамағынан (ата-аналарының, мұғалімдерінің) босауы, еркіндікке, бостандыққа ұмтылу байқалады. Бұның себебі ата-аналардың психологиясымен байланысты, өйткені, ата-аналар өз балаларының ішкі жан-дүниесінің өзгеріске түсуін аңғармағандықтан, қарым – қатынасқа тығыз түспегендіктен жиі осындай көріністер көрінеді.
Жасөспірімдер арасындағы құрбы-құрдастарының қарым-қатынасы өзіндік информацияны таратушы каналының бірі. Бұл тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік түрі болып та келеді. Құрбы-құрдастардың қарым-қатынастығы теңдігі бұл сфераны өзгешешелеп, жасөспірімдерді қызықтырады. Бұл шақта көбіне туындайтын қажеттіліктер (құрбы-құрастармен, ата- аналармен қарым-қатынасы, қызығушылықтары, ұмтылулары, қобалжулары) жасөспірімдердің өзара түсінулеріне әкеледі. Осының нәтижесінде интимді тұлғааралық қатынастар (достық, махаббат, дұшпандық, жалғыздық) пайда болады.
Достықты адамдар арасындағы жағымды интимді қарым-қатынастарына жатқызуымызға болады. Достық қарым-қатынас өзара байланыстықтан, рухани жақындықтан, қызығушылықтарының бірлігінен, бір-біріне көмек берушіліктен, толық сенуінен және тағы басқалардан құрылады.
Махаббаттық қарым-қатынасқа қарағанда, достық бір жыныстағы адамдар арасындағы қарым-қатынас болуыда мүмкін. Достықты төмендегідей сипаттай аламыз:
әлеуметтік институт, немесе әлеуметтік қалыптардың жүйесі (әлеуметтік аспект);
моральдық сана-сезім (психологиялық аспект);
қарым-қатынастың өзіндік түрі (әлеуметтік-психологиялық аспект);
Достықты, достыққа ұқсас түсініктерден айыра білу керек.
Рухани
достық - өзара толысу, байыту. Осында
достар арасында бір – бірін кең көлемде
бағалауға мүмкіндік беріледі. Әр қайсысы
өзінің қасиеттерін басқаға ұқсамайтынын
сезініп, және де басқалардағы қасиетке
таңданушылықты білдіреді.
Шығармашылық
достық дегеніміз, екі дос арасындағы
индивидуалдылықтарының сақталып,
көрінуі. Мұндағы достық әр қайсысының
шығармашылық тұлғасын толықтыруға
көмектеседі және олардың
индивидуалдылықтарының көрінісін
біріктіреді.
Қалыпты
(дағдылы) достық тек территориялық
жақындық нәтижесінде дамып, қалыптаса
алады. Достар міндетті түрде бір-бірлеріне
жақын орналасып тұруы керек. Олар
әрдайым бір-бірлеріне көмек көрсетіп,
бірге жұмыстар атқарып, әңгімелесіп
отыру керек. Бұл достық түрі әрқашан
да кездесуді талап етеді. Көршілер мен
бірге жұмыс атқаратын адамдар арасында
көрініс табады.
Отбасылық
достық, бірден қарағанда шығармашылық
достыққа қарама – қайшылық ретінде
көрінеді, бірақ ол олай емес. Осы достыққа
отбасылар арасындағы достықты жатқызамыз.
Достық. Ұжымда топтық өмірдің маңызы артуымен қатар, балаң жасөспірімдік жеке интимдік достықты қажетсіну күрт өседі. Қамқорлықпен тәрбиеленген жас адамда пайда болатын алғашқы сезім махаббат емес, достық деп Руссоның өзі-ақ жазған болатын. Л. Н. Толстой өмірбаяндық трилогияның кейіпкерінің Дмитрин Нехлюдовпен достығын балаң жасөспірімдік жігіттіктен бөліп тұрған символдық меже деп есептейді.
Достықты барынша іздеу жеткіншектік шақта-ақ басталады. Алайда жасөспірімдердің достық жеткіншектердің достығына карағанда анағұрлым тұрақты және ең бастысы неғұрлым терең. Қіші жастағы жеткіншекті досымен көбінесе басқалар үшін жабық ортақ мүдделер мен бірлескен іс-әрекет байланыстырады. Жас өспірімдердің достығы бірінші қатарға интимдікті, эмоциялық жылылықты, шыншылдықты қояды. Өзіндік сананың дамуы меп оған тән қайшылықтар қалайда «сыр ашысу», өзінің күйініш-сүйінішін ортаға салу қажеттігін туғызады. Осыдан келіп ол досын өз olter ego-сы (екінші бір «мен») деп түсінеді. Мұндай қажеттік тұңғыш рет нақ осы жасөспірімдік кезде шығады.
Әрине, достық туралы жасөспірімдік ұғым мен оның интимділігінің нақты дәрежесі әр түрлі адамдарда бірдей емес. Қыз балаларда олардың неғұрлым ерте толысатындығына байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятыны керінеді. Неғұрлым есейген сайын бұл айырма жоғала беретін болу керек. Жекелей айырмашылықтар да өте зор. Біреулер жолдостықты ғана мойындайды да, нағыз дос біреу ғана болмақ деп санайды. Екіншілерінде екі, үш және одан да көп дос болады. Бір жағдайларда достықтың алдында жалғыздық сезімі мен эмоциялық жылылықтың жетіспеушілігі себепті достықты құлшына қажетсіну болады (Герцен мен Огаревтің достығының күштілігі бір жағынан оларда құрдастар қауымының болмауынан жәнс семья жағдайының салқындығынан болған). Басқа жағдаиларда терең достық балалық жолдастықтан біртіндеп барып қалыптасады. Бірақ ол қашан да өте жоғары бағаланады.
Өзі дербес таңдап алған жеке өзінің ұнатуы болғандықтан жасөспірімдік достық басқадай қатынастарға, соның ішінде махаббатқа қайсыбір дәрежеде алғы шарт болады; достықтың өте эмодиялы болатыны осыдан. «Алғашқы махаббат туралы естеліктердің жас достық туралы естеліктерден біршама артық бағаланатыны неліктен екенін мен білмеймін,— деп жазды Герцен. Алғашқы махаббаттың хош иісті болатын себебінің өзі ол жыныс айырмасын ұмытады, ол нағыз құштар достық. Өз тарапынан жасөспірімдер арасындағы достықта махаббаттың барлық қызуы, барлық сипаты болады; өз сезімдерін сөзбен қозғауға ұялатын жасқаншақтық, өзіне сенбеушілік, сөзсіз берілгендік, бір-бірін көрмесе тұра алмайтын сағыну, ерекше болсам деген тілек бәрі сол махаббатқа ұқсас».
Батыстың кейбір ғалымдары қазіргі жігіттер мен қыздардың достығы туралы мәліметтерді өткен заманғы Герцен мен Огаревтің достығы тәрізді романтикалық достықтың классикалық үлгілерімен салыстыра келіп, қазіргі жастарда терең достық қатынастарды неғұрлым үстірт топтық достық ығыстырған деп пайымдайды. Мұндай қорытындыға негіз жоқ сияқты. Біріншіден, жеке адамдар арасындағы карым-қатынастар ешқа- шан бірдей болған емес. Достық байланыстың тереңдігі, интимдгі, жеке адамның рефлекстілігі деңгейіне (ал, мұның өзі білім деңгейіне байланысты) және эмоциялық өмірдің ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан қоғамның жоғары топтарынан шықкан жоғары интеллектілі жастардың (Герцен мен Огарев осындай болатын) достығы туралы мәліметтерді жаппай пікір сұраудың мәліметтерімен салыстыру ғылыми тұрғыдан дәлелді бола алмайды. Екіншіден, адамдардың сезімдері тайыздап барады деп шағыну да соншалық көне нәрсе (Аристотельдің өзі «Нағыз достар» енді жоқ!»— деп шағынған екен) және одан да гөрі бұл сезімдердің әлеуметтік құндылығының жоғарылығын көрсетеді. Үшіншіден, жасөспірімдердің топ өмірі мен достығы әр түрлі психологиялық міндеттер атқарады, осы себептен де бірінің орнына бірі жүре алмайды.
Жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. Бірақ адам практикалық іс-әрекетте өз орнын әлі таппаған кезде онын өзі туралы түсінігі біршама диффузиялы әрі орнықсыз болмай қоймайды. Осыдан келіп ол бөтен рольдерді атқарып, өзін тексергісі келеді, құбылады, өзін әдейі болсын, ұғынбай болсын бекерге шығарады. Жасөспірім аяғына дейін ағынан жарылғысы келеді, өзін жұрт түсінсе екен дейді («Дүйсенбіге дейін жетіп алайық» фильмінің жасөспірім кейіпкерлерінің «Бақыт - сені басқалардың түсінуі»,— деген сөздері ерекше типтес), өзінің ішкі жан дүниесін ашалалмайтынына қиналады. Өзіне сенімсіздік өз кезегінде қарым-қатынаста «өзін жоғалтып алу», күлкі боламын деген қорқыныш туғызады.
Осы себептен де толғаныстарын, арман-мұраттарын салыстырғанда, өзі туралы айтуға мүмкіндік беретін интимдік достықтың маңызды мәні бар. Қазіргі жасөспірімдер биік сөздер мен мейірімділік көріністерінен қашқақтайды. Олардың достық қарым-қатынасы көбіне әдейі бүркемеленіп, дөрекілендірілген, бірақ мұны шынында осылай екен деп жаңылысуға болмайды. Адамдардың қарым-қатынасында коммуникадияның объективті мағыналық мазмұны мен оның эмоциялық маңыздылығы арасында тікелей байланыс бола бермейді. Оныншы класта оқитын екі адамның арасындағы телефонмен сөйлесудің кілең бір ода- ғайлардан тұратын мағынасыздығына шамданатын үлкендер мұндай әңгімелесудің логикалық емес, эмоциялық өмірлік мазмұны болатынын және бұл мазмұн сөздер мен сөйлемдерден гөрі дауыстың ырғақ, құбылыстарымен берілетінін, бөгде тыңдаушы үшін мағынасыз әрі түсініксіз болғанымен (олар мұны кейде әдейі осылай істейді) мұның бір-біріне көңіл күйінің ең нәзік өзгерістерін дәл жеткізетінін аңғара бермейді.
15—16 жастарында балаң жігіттер де, қыздар да достықты адамдардың қарым-қатынасының ең маңыздысы деп санайды. Жасөспірімдер достығының көтеріңкі эмоциялылығы оны ішінара қиялдағы достыққа айналдырады. Жасөспірім достықта өзін ғана емес, өзіндегі достықты да қиялға айналдырады. Оның дос туралы түсінігі кебіне нақтыдан гөрі өзінің мұратындағы «меніне» жақын. Өзіне ұнаған адамдар оған шындық болмыста солай болғанынан гөрі өзіне неғұрлым ұқсас болып көрінеді. Достыққа қойылатын талаптар деңгейінің жоғары болатыны соншалық нақты өзара қарым-қатынастар онша жақын еместей көрінеді. Күшті эмоциялық ұнамдылықты кажет еткен жасөспірім бұл сезімдерді туғызған объектінің нақты қасиеттерін кейде аңғармайды да. Кейде басқа құрдасына не өзінен үлкен адамға деген бір жақты сезім достық деп ұғынылады.
Әркім өзінің досынан іздейтін аіtег еgо оның өз «менің» ұғынылмаған қажеттігін бейнелейді. Біреулер досынан көбінесе өз «менінің» қуатталуын іздейді; ол үшін досы өзінің бейнесі көрінетін айна тәрізді (бұған тән мысал — Толстой сипаттаған Николай Иртеньев пен Дмитрий Нехлюдовтың достығы; мұнда жасөспірімдер бір-біріне өздерінің ең құпия сезім-сырларын айтады, бірақ іс жүзінде әрқайсысына басқаны тыңдағаннан гөрі өзі туралы айту қызықтырақ). Екіншісі, керісінше, досымен өзі бір кісідей болып, оның толғаныстарымен өмір сүре бастайды; өзінің даралығынан айрылуға дейін барады. Үшіншісі досынан өзінің толықтырмасын, еліктейтін үлгі, психологиялық қорғаныш т. б. іздейді. Достар таңдау да, онымен өзара қарым-қатынастын сипаты да осы ұғынылмаған психологиялық қажеттерге байланысты.
Көпшілік жағдайларда басқа жастардағы адамдардың бәрі секілді жоғары класс оқушылары да өз жынысына қарай құрдастарымен достасуды жақсы көреді. Жас айырмашылығы бір-екі жылдай асатыны сирек кездеседі. Алайда бірқатарында, әсіресе қыздарда, өзінен улкендермен достық қарым-қатынаста болу қажеттігі кездеседі. Көптеген жасөспірім жігіттер мен қыздар өзінен кіші балаларды шын ықыласымен бағып-қағады, одан улкен қанағаттылық табады. Бірақ жасы кішілермен қарым-қатынас достықтың орнын баса алмайтын қосымша бірдеңе деп қаралады. Егер жалпы дамуы дұрыс жігіт не қыз жақын достар таңдағанда өзінен кіші жеткіншектерден ғана таңдайтын болса, мұндай таңдау көбіне мәжбүрлік сипатта болады да, құрдастарымен қарым-қатынастардағы қиыншылықтардың есесін толтырады. Бұған ұялшақтық, тым көтеріңкі талаптар не басқа бір жайлар себеп болуы мүмкін.
Жасөспірім жігіттер мен қыздардың достығының айырмашылықтары туралы мәселе әлі жете зерттелмеген. Психологиялық зерттеулер қыздар мен әйелдер жалпы алғанда достыққа қабілетсіз деген ежелден келе жатқан ұғымды куаттамайды. Алайда қыздардың жалпы алғанда көтеріңкі сезімталдығы олардың болмашы психологиялық құбылыстарға мән беруге, «қатынастарды анықтап алуға» бейімдігі және т. б. Негізгі және басты нәрседе өзара түсінікті қанағат ететін еркектердің неғұрлым сабырлы және «дөрекі» достығынан гөрі олардын, қарым - қатынастарының тұрақтылырын сактауды біршама қиындатады.
Махаббат - жақсы көрушілікке қарағанда өтте күрделі құбылыс, яғни анықтама беруге, зерттеуге қиын түседі. Адамдар махаббаты тосады, махаббат үшін өмір сүреді, махаббат үшін жандарын қияды. Әлеуметтік психологияда соңғы жылдары махаббат өзекті тақырыптарының біріне айналды.
Махаббат үлкен адамзаттық сезім тәрізді. Махаббат - адамның өзіндік жетілуге деген қабілеті мен ұмтылысы, адам арасындағы қарым-қатынастың спецификалық түрі, басқа адамның дамуына деген қызығушылық, оны силау сезімі. Махаббат пен өшпенділік бір-біріне қарама-қарсы болып келеді.
Махаббаттың түрлері:
ағайындық;
аналық;
эротикалық махаббат;
өзіңе деген махаббат;
құдайға деген махаббат;
Ағайындық махаббат – бұл адамдардың өзіне жақын барлық адамдарға деген махаббаты.
Аналық махабат – бұл күштінің әлсізге, қорғаушының қорғансызға, бардың жоққа деген махаббаты. Аналық махаббат ешбір жамандықсыз және бәріне ашық болып келеді.
Эротикалық махаббат – бұл бір адаммен толық қосылу және ұрпақ жалғастыруға деген қажеттіліктен туындайтын психофизиологиялық сипаттағы жалғыз адамға деген махаббат.
Құдайға деген махаббат – бұл ерекше, оғандеген қатынас та өзгеше. Басқаларды жақсы көру бұл жақсы, ал өзінді жақсы көру күнә деген ойлар қазір адамдар арасында кең таралған. Бірақ сұрақ қояйық: «өзін жақсы көрмеген адам, басқаларды жақсы көре ала ма?»
Әрбір адам өзін қоршаған адамдар сияқты, егер ол басқаларды жақсы көрсе, неге өзін жақсы көрмеуі керек.
Махаббаттың екі түрлі типі болуы мүмкін емес: адамдарға және өзіне; махаббат ұлы сезім ретінде не бар, не мүлддем жоқ. Библиада «жақыныңды өзің сияқты жақсы көр» деген сөз бар.
Өзіңе деген махаббат пен эгоистік махаббаттың айырмашылығы, эгоистік махаббатта адам басқаларға беруі керек нәрселердің бәрін өзіне алғысы келеді, тек өзіне ғана қалайды.
Құдайға деген махаббаттың түрі әлеуметтік психологиямағынасында әмбебап және ортақ. Құдайға сеніп және адамды жақсы көрмеу мүмкін емес, жақсы көру – демек құдайға сену. Құдай мейірімділіктің, әділдіктің, шынайылық пен махаббаттың символы.
Махаббатың тағы біртүрі- өзінің кумирына деген фанаттық махаббат. Басқаны жақсы көрген адам, өзін жеке тұлға ретінде жоғалтады. Бұл махаббат емес, идеалға табыну.
Сексуалды – қызығушылықтан туған немесе соған бағытталған махаббат мықты болмайды. Онда ешқандай терең сезім болмағандықтан ол ұзаққа бармайды. Махаббатсыз жыныстық акт, бір-бірін толық білмейтін адамдардың қосылуынан көрінеді. [59]
Махаббат және ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынасы. Жеткіншек шақта бір-бірінен ұялып, қысылып жүретін ер балалар мен қыз балалардықң арасындағы қарым-қатынас балаң жасөспірімдік шақта едәуір белсенді бола түседі. Жолдастық қарым-латынастар аясы ұлғаяды: бір жынысты компаниялар мен қатар аралас топтар көбейеді. Әсіресе, қыздарда аралас достыққа қажеттілік күшейеді. V—VII кластарда-ақ әжептәуір жиі болатын аңқау балалық ғашықтықпен қатар (көзқарас, хат жазу, түсінісу, кейде сүйісу) 15—16 жастағы жеткіншектерде алғашқы-елеулі ден қою, махаббат пен терең сезімге қажеттілік шығады. Жоғары класс оқушыларында ғашықтықтың кейде «эпидемиялық» сипатта болғандығы (бір класта ешкім ғашық болмайды, ал келесіде бәрі түгел ғашық болады) проблеманын өзінің елеулілігін кеміте алмайды. Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынасы басты тәрбиелік проблемалардың біріне айналады. Бұл қарым-қатынастар көңілді аулау, әзіл-қалжың сипатында бола ма немесе біріне-бірі көңіл қою бұдан гөрі ауқымды жолдастық және дара қарым-қатынас ауқымында өрістей ме, бұл көбіне бұған дейінгі тәрбиеге және коллективтегі моральдық жағдайға байланысты болады.
Қай жастағы болсын ұлдар мен қыздар әр түрлі ойындарды жақсы көреді және серіктерін өз жынысынан іріктеп алады. Өзінің «ерекшелігін» әсіресе ер балалар барынша көрсетуге тырысады, мұның өзі оларға ересектердің айтуымен қалыптасады. («Сен жігітсің ғой! Жігіт сөйте ме екен»). Бүгінде ол сескендіре алмайды. Керісінше, нәзік, жасқаншақ ер баланы үлкендер де, кұрдастары да жақтырмайды. Құрдас қыздары өзімен ойнамай қойған қыз бала психологиялық тұрғыдан алғанда ер балалардың арасында сыйлы бола алады. Ер балалар үшін бұл мүмкін емес: өз жынысының құрдастары ғана оның «ерлігін» тануы мүмкін.
Терең қарым-қатынас пен өзара түсіністік мүмкіндіктерін ұлдар мен қыздардың жалпы толысуының қарқыны мен психологиялық айырмашылықтар да қиындатады. Жеткіншектік жасында қыздар ер балалардан дене жағынан ғана емес, ақыл-ой дамуы жағынан да біршама озық болады. Жасөспірімдік жасында бұл айырмашылық жоғалады, оның есесіне айрықша қабілеттер мен мүдделерде неғұрлым орнықты жыныстық айырмашылықтар шығады. Егер ұлдарда заттық және техникалық мүдделер басым болса, қыздар көбіне ішкі жан дүние мен адамдардың қарым-қатынасы проблемаларына ден қояды. Құрдастарымен қарым-қатынаста олар үшін бәрінен эмоциялық жағы маңыздырақ: осының өзінде кілең қыздардан, не кілең ұлдардан тұратын топта болуды, әсіресе үлдарда өте күшті болатын, мұндай қажетсіну 15 жастан кейін қыз балаларда азаяды.
Жыныстық толысу балаң жасөспірімді толғаныстар мен мүдделерге әркезде бірдей ұғыныла бермегенімен күшті, жыныстық өң береді. Мәселе әсте өздігінен алғанда «физиологиялық қажеттіліктерде» емес. Кемел жыныстық махаббат сезімдік (эротикалық) елігу мен сүйген адамымен терең жеке қарым-қатынаспен қосылуды қажетсінудің жарасымды бірлігін құрайды. Бірақ бұл екі сезім бір мезгілде жетілмейді. Қыздар физиология- лық тұрғыдан бұрын толысатын болғанымен, оларда алғашқы кезде дене-тұлғалық жақындықтан гөрі мейірімділікті, мейірлі, эмоциялы жылылықты кажетсіну күштірек байқалады. Ер балаларда көбіне, керісінше, сезімдік-эротикалық құштарлық ерте пайда болады. Рухани интимділікті қажетсінуге келсек, қыздарға қарағанда балаң жігіттерде ол біраз кеш шығады және бастапқыда өзін өмірлік толғаныстардың ортақтығы байланыстыратын жігіт досына бағытталады. Жасспірімдік сана осыдан барып біршама қосарлас сипатта болады. Бір жағынан, ол өзінше бір үлгідегі диффузиялық эротизмге толы; сексуалдық қиял қейде басқа адамдар қасиеттері жоқ тек қана сексуалдық объект ретінде қабылданатын қиялдағы немесе нақты бейнеде (көбінесе балалардың тұтас бір тобы үшін ортақ бейнеде) тұлғаланады. Екінші жағынан, жасөспірімге өзінде нәзік сезім туғызған қызға өте нәзік, пәк көзқараспен қарау тән.
Эксперименттік зерттеулер 15—18 жастағы жасөспірім қыздар мен жігіттер бір-бірімен қарым-қатынаста психологиялық қиыншылықтар, алаңдаушылық пен қысылушылық жағдайларын сезінетінін көрсетеді және өздерін неғұрлым сенімдірек сезінетін қыздарға қарағанда жігіттерде бұл қысылушылық едәуір көп болады. Қыздарда мұның өзі, бір жағынан, олардың неғұрлым ертерек толысатынымен, екінші жағынан, біздің мәдени нормаларымызға сәйкес көңіл аулауда инициатива білдіріп, белсенді роль атқаруға тиісті жасөспірімнің өзінің не істерін білмей қиналатынынан болуы ықтимал.
Жыныстық тұрғыдан неғұрлым ерте толысу, әрине, мектептегі «романдардың» саны көбеюін және олардың байыптылык дәрежесінің артуын білдіреді, мұның өзі мұғалімнің педагогтық шеберлігі мен әдептілігіне көтеріңкі талаптар қояды. Медициналық-гигиеналық жыныстық білім берумен қатар жан-жақты адамгершілік тәрбие беру қажет, ал мұның өзі тыйым салу жүйесі мен жыныстық проблемалар жөнінде сөйлеспеу емес.
А. С. Макаренко кезінде адамның махаббаты қарапайым зоологиялық жыныстық құмарлықтың қойнауынан өсіп жетілуі мүмкін емес деп жазды. «Махаббаттық» сүйіспеншіліктің күші адамның жыныстық тұрғыдан басқадай ұнатуының тәжірибесінен ғана табылуы мүмкін. Өзінің әке-шешесін, жолдастарын, достарын жақсы көрмеген болса, жас жігіт өзінің қалыңдығын, келіншегін ешқашан сүймейтін болады. Жыныстық емес бұл сүйіспеншілік неғұрлым ауқымды болса, жыныстык махаббат та соғұрлым ізгі махаббат болмақ».
Ең жаңа психологиялық зерттеулер осы пікірді қуаттайды. Адамның өзіне деген қарым-қатынасы мен оның баскаларға деген қатынасының арасында белгілі бір тәуелділік болатыны ежелден белгілі. Өзіндік санасы неғұрлым дамыған және өзін барынша сыйлайтын адамның терең де тұрақты достыққа жету мүмкіндігі өзін-өзі «жоққа шығаратын» адамға қарағанда анағұрлым көп. Бұл тәуелділіктің сексуалдық қатынастар сала- сында қатысы бар: өзін-өзі сыйлауы кем еркектер, өзін-өзі барынша сыйлайтын еркектерге қарағанда, көбіне әйелді сексуалдық объект деп қана қарайды. Ал адамдар арасындағы жан-жақты қарым-қатынас пен өзара түсінісушілікке қабілеттілік бақытты махаббат пен семьялық өмірдің аса маңыздыалғы шарттарының бірі. Сезімдерді тәрбиелеу — жастарды еңбекке даярлаудан манызы кем түспейтін қоғамдық міндет.
Қолданылған әдебиеттер:
М.М.Мұқанов., Жас және педагогикалық психология, Алматы 1982.
В.А.Аверин., Психология детей и подростков, Санкт-Петербург: «Ривера», 1994.
А.М.Петровский., Жасерекшелігі және педагогикалық психология негіздері, Алматы 1993.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген