жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
МАҚАЛА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жеке тұлғаның конституциялық мәртебесі мемлекет пен қоғамда адам мен азаматтың және олардың қарым-қатынасының нақты және бастапқы жағдайын анықтайтын көрінісі. Жалпы мәртебе мәселесіне тоқталып өтсек, «мәртебе» сөзін латын тілінен аударғанда, бір нәрсенің «жайы мен күйі, қалпы» ретінде анықталады. Жеке тұлғаның мәртебесінің түп төркіні Конституция мен басқадай да маңызды заң актілері мен адам және азамат құқықтары Декларациясында жаприяланған құқықтар, бостандықтар мен міндеттерден тұрады. Осылардың негізінде жеке тұлғаның қоғам мен мемлекеттегі жағдайы, орны мен мүмкіндіктері, қарым-қатынасы анықталады. Бізде жеке тұлғаның мәртебесіКонституциямыздың екінші бөлімінінде бектілген. Конституция жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі туралы келесі негізгі элементтерді бекітеді:
- азаматтық;
- құқықсубъектілік;
-адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері;
-жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің қағидаттары;
- жеке тұлғаның мәртебесін қорғау және кепілдік.
Конституцияда "азамат" термині қолданылған кезде Қазақстан Республикасының азаматы жиі айтылады. Мәселе мынада: басқа мемлекеттерде тұратындар сияқты Қазақстан аумағында тұрып жатқандардың бәрі бірдей оның азаматы болып табылмайды. Олардың арасында шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ адамдар болуы мүмкін. Олардың кұқықтары мен бостандықтарының сол мемлекет азаматтарына қарағанда аздығы - мысалы, кейбір саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтардың, соның ішінде сайлауға не сайлануға, әскер қатарына алынуға, жоғары лауазымды қызметке көтерілуіне болмайтындығы. Жалпы алғанда, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандыктарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (12-бап, 4-тармақ).
Адамның өмір сүру құқығын іс жүзіне асырған кезде оның туу фактісі ғана қажет, ал оның азамат пен тұлға қасиеттеріне ие болуы міндетті емес. Бұдан басқа құқықтарды іс жүзіне асырған кезде адамның тұлға, азамат болуы шарт.
Адамның жиынтық зандық атауы түрінде "азамат" ұғымы Аристотель заманынан бері белгілі. Ежелгі орыс тілінде "азамат" сөзі қалалық тұрғынын айқындау үшін қолданылады. XVII ғасырдың аяғынан бастап бұл сөз қалалық тұрғындар жөнінде ғана емес, осы мемлекеттің кез келген тұрғынына қолданылатын болады[1: 56].
Сөздің осы аталған мәні Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы (1991 жылғы желтоқсанның 20-сы) Заңның негізінде алынады. Сөйтіп адам мен азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі дегеніміз бұл жеке тұлғаның құқыктары, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы, сонымен қатар оларды іс жүзіне асырудағы құқық нормаларында бекітілген занды кепілдіктер.
Жеке тұлғалардың азаматтық құқықтағы құқықтық қатынастағы құқықтық жағдайы оның құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі арқылы анықталады ҚР АК 1095 бабы. Бірақ бұл екі қабілеттіліктер кейбір құқық жүйелерінде терминологиясы бойынша ерекшеленеді. Англия мен АҚШ-та құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір терминмен анықталады –«құқықтық қабілеттілігі» (legal capasity).
Француз азаматтық кодексінде құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі(capasity), яғни «қабілеттілік» деген бір ғана терминмен аталады.
Герман азаматтық құқығында үш термин қолданылады, ол «әрекет қабілеттілік» (Rechtsfahigket), «құқықтық қабілеттілігі» (Geschaftsfahigkeit)және «деликт қабілеттілік» (Deliktsfahigkeit).
Деликт қабілеттілік – бұл азаматтардың құқыққа қайшы әрекетінің негізінде келтірілген шығынға азаматтық-құқықтық жауапкершілікте болу құқығы.Деликт қабілеттілікәрекет қабілеттілігі сияқты жеке жағдайларда қолдану Герман құқығының ерекшелігі болып табылады. Ал Ресей Федерациясында құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен басқа мәміле қабілеттілігі (сделкоспособность) пен деликт қабілеттілігі (деликтоспособность) терминдері қолданылады [2: 28].
Қазақстан Республикасыныңқұқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің кейбір мәселелері келсек, жеке тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі оның жеке заңында анықталады. Ал, Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар халықаралық шартттарда белгіленген жағдайды қоспағанда қазақстандық азаматтармен бірдей негізде құқық қабілеттіліктері мен әрекет қабілеттіліктері болады. Ескере кететін жайт жеке тұлғаныңжеке заңын қолдана алмауына шектеулер бар. Олар шетел азаматының тиісті жасқа толмағанына байланысты келісімшарттың заңдылығына дауласа алмауы, шетел азаматының келтірілген зиянының әрекет қабілеттілі Қазақстан Республикасының заңымен реттелуі. Сонымен қатар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың әрекет қабілеттілігін шектеу, хабар ошарсыз кетті, қайтыс болды деп тану Қазақстан Республикасының заңымен жүзеге асырылады.
Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін, аса маңызды алғашқы халықаралық-құқықтық құжат 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы болып табылады. Бұл құжаттың Бастама бөлімінде былай делінген: «Бас Ассамблея осы адам құқықтарыныңжалпыға ортақ декларациясын оны орындауға барлық халықтар және барлық мемлекеттер әрбір адам мен қоғамның әрбір органы осы Декларацияны үнемі ескеріп, ағарту және білім беру жолымен осы құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуге және ұлттық пен халықаралық прогресті шаралар жолымен олардың Ұйымға мүше мемлекеттер халықтарының арасында да, сондай ақ олардың юрисдикциясында болатын халықтардың арасында жалпыға ортақ және тиімді танылуын қамтамасыз етуге көмектесуге ұмтылатындай етіп жариялайды»деп адам құқығы жөнінде нақты айтылған [3].
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясының 12-бабында «Қазақстан РеспубликасындаКонституцияна сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» – деп жазылған [4].
Сонымен қатар, адамдардың құқықтары мен міндеттері тығыз байланыста болады. Негізінен міндеттер табиғи және заңды жолмен қалыптасады. Әрбір адам құқығын қалай талап етсе, қоғам алдындағы өз міндетін солай орындау керек. Азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері Конституцияда көрсетілген. Осыдан-ақ адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері ең алдыңғы қатарда тұрғанын тайға таңба басқандай айдан анық екені көруге болады. Демократиясы дамыған мемлекетте адам құқығы ең басты орында тұру тиіс.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің қағидаттарына келсек, ол жалпы қағидасы болып табылады. Оған құқықты, бостандықты, және заңды мүддені заңға қайшы келмейтін тәсілдермен қорғаудың жалпыға ортақ болып табылуы. Адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін қоғамдық қатынастың барлық саласында және барлық заңда азаматтың құқыққабілеттілігін жүзеге асыра алуын мемлекет мойындауы және қорғалуы түсіндіріледі.Оған мынандай құқықтық мәртебе қағидасын жатқызуға болады: адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын мойындау, оларға кепілдік берілуі, олардың ажырамас сипатта болуы, олардың теңдігі және тікелей орындалуы.
Адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген, ажырамайтын, ең жоғары құндылық деп танылады. Адамның құқықтарын сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті.
Кепілдіктер – тұлғаға өзінің құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер жасайтын әлеуметтік-экономикалық, саяси, имандылық, өнегелік ұйымдастыру алғышарттарының, жағдайларының, құралдары мен тәсілдерінің жүйесі [5: 214].
Қорытынды ретінде кез келген адам мүмкіндігін жібермей, әркім заңмен тыйым салынбаған барлық тәсілмен өзінің құқығы мен бостандығын қорғауға құқылы. Әркім өзінің құқығы мен бостандығын сотпен қорғауға және заң көмегін алуға кепілдік берілген. Әркім мемлекет ішіндегі құқығын қорғау мүмкіндігі таусылса,халықаралық келісім шартқа сәйкес мемлекетаралық адам құқығын қорғау органдарына жүгінуге құқылы. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау барлық мемлекеттік органның, қоғамдық топтардың, лауазымды тұлғалардың тікелей міндеті. Ал азаматтар оларға өздерінің құқығы бұзылудан қорғауға және бұзылған құқықты қалпына келтіруге жүгінугеқұқылы. Әрқайсымыз кез келген құқығымызды көздің қарашығындай қорғайтын болсақ, құқықтық мемлекетке қосқан үлкен үлесіміз болып табылады. Өйткені аз құқықбұзушылыққа үлес қоссақ, үлкен құқықбұзушылыққа жол беруіміз мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер
1.Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.-464 б.
2. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Оқу құралы. - Алматы: Жеті жарғы, 2006.- 168 б.
3. БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған №217 А (III) Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілді 2003. 12. 01. №12, 2007. 04. 18. №4) // АҚЖ «Юрист».
5. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.- Астана: Фолиант, 2011.- 360 б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген