Желтоқсанда жалындаған
жерлестер
Халқымыздың ғасырлар бойы
аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Ел
егемендігінің 30 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 35
жылдығына орай Алматы облысы , Кеген ауданы Жалаңаш ауылындағы
«Көлсай кәсіптік-техникалық колледжінде»
желтоқсан
оқиғасына қатысушы
ардагерлермен
«Желтоқсанда жалындаған жерлестер»
атты кездесу
өтті. Желтоқсан куәгерлері арнайы шақырылған кешке колледж
директоры, ұстаздар, білім алушылар және ауыл әкімінің орынбасары
мен аудандық газеттің тілшісі
қатысты.
Рас, 1986 жылы желтоқсанның 16-17 жұлдызында
болған көтеріліс-қазақ жастарының кезіндегі орталықтың, Мәскеудің
билігіне қарсы шыққан , Тәуелсіздікке ұмтылған жастардың қозғалысы
болды.
Бұл оқиға қазақ халқының сүйегіне басқан
таңбадай есінде қалады. Солақай саясатқа қарсы шығып, қазақ
жастарының мүддесін көтерген сол кездегі жастар, желтоқсан
оқиғасына қатысушылар ерекше ерлік көрсетті .Біз сол желтоқсанның
ерекше ызғарлы күндерінде ұлт намысын ту етіп, патриоттық
сезімдерін алаулатып, жүректе жанын, бойында қанын алаулатып алаңға
шыққан жастардың қатарында жерлестерімізде ерекше ерлік көрсетті
десек артық айтқандық емес.
«Желтоқсанда жалындаған
жерлестер» атты шараның негізгі мақсаты желтоқсан
құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын студенттер көңіліне ұялату,
патриоттық тәрбие беру, Тәуелсіздікті құрмет тұту болып
табылады. Ал кездесуге келген Желтоқсан оқиғасының
куәгерлері Ержан Ұзақ, Санат Қайырбаев, Қуанышбек Әділханов, Нұргүл
Қызайбекова, Гүлфариза Әміржанова, Бақытгүл Құдайбергенова, Роза
Өмірбекова, Гүлмарал Адасбаева,Бану Бозымбаева, Бижамал
Құдайбергенова. Данагүл
Мамыровалар
көтеріліс туралы бастан өткерген
қиыншылықтарын әңгімелеп берді, естеліктер айтты, студенттердің
қойған сұрақтарына жауап берді. Әрине, етігімен су кешкен сол бір
ауыр күндерді еске алу оңай болған жоқ. Дегенмен, қонақтардың
Тәуелсіздік, Желтоқсан, ел, жер, ұлт туралы толғана айтқан
ой-көзқарастары, желтоқсан оқиғасының әлі күнге дейін өзінің
лайықты бағасын ала алмай келе жатқанын айтты. Жастарға азаттықтың
таңын бағалай білуге, қазіргі ұрпақ оны ешқашан естен шығармау
керектігін баса айтты. Осындай кездесуді ұйымдастырған колледж
ұжымына алғыстарын білдірді.
«Көлсай кәсіптік-техникалық колледжінің»
директоры Қуандық Көшкінов, Жалаңаш ауылдық округі әкімінің
орынбасары Айгүл Садырова, колледж директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Ерлан Әділов т.б. желтоқсан ардагерлеріне
ыстық ізгі тілек-ниеттерімен
бөлісті.
Жиын соңында колледж білім алушылары
желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға арнап, сахналық көрініс
көрсетіп, патриоттық әндерін шырқаса, колледж ұжымы желтоқсан
ардагерлеріне лайықты сый- құрметтерін көрсетіп , естелік суреттке
түсті.
Тарихтан алар орны ерекше желтоқсан
қозғалысына қатысты жайттар жастарды ойландыратыны қатты қуантты.
Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты күш‑қайрат керек болса, оны
құлатпай ұстауға да соншалықты күш‑жігер керек екенін бүгінгі
жастар түйсігімен сезінгені
сөзсіз.
«Көлсай кәсіптік-техникалық
колледжінің» алғашқы
әскери және технологиялық
пәнінің оқытушысы : Кудайбергенов Берик
Асаналиевич