400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Мақала Ж.Жабаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала қазіргі заманда болашақ жастар жыршының шығармашылығымен жақынырақ таныса алды. Жамбылдың шығармаларының көмегімен жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті ояту. Жыр алыбы, ақын, суырыпсалма ақын, қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаев жастар санасының өркендеуі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ӘЙГІЛІ ТҰЛҒАСЫ Ж.ЖАБАЕВ

Ләбиханов Нұрсейіт Бекжанұлы

Информатика пәні мұғалімі, "Индустриалды-техникалық колледжі", Шымкент. Poleteh@mail.ru, 8778-493-73-73



Аннотация: Мақала қазіргі заманда болашақ жастар жыршының шығармашылығымен жақынырақ таныса алды. Жамбылдың шығармаларының көмегімен жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті ояту. Жыр алыбы, ақын, суырыпсалма ақын, қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаев жастар санасының өркендеуі.

Түйінді сөздер: Мұғалімнің кәсіби имидж; педагогикалық шеберлік, техникалық сауыттылық.


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылы 5 қаңтарда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған ұлттық құндылықтарды таным мен тағылым тұрғысынан бағамдап, келешек ұрпаққа сақтап жеткізу туралы ойларымен де тұспа-тұс келіп отыр. Жырау шығармашылығындағы көтерілген негізгі идея ел бірлігі мен тұтастығын жырлау екендігі айқын. Осы тұрғыдан алып қарағанда қуатты, тегеурінді жыр алыбы Жамбылдың шығармалары тәуелсіз Қазақстанның жасампаз істерімен үндесіп жатыр.

Жамбыл Жабаев – суырып салма өлеңнің де, толғау өлең, қысқа эпиграмма, экспромт, эпикалық дастан шығарудың да шебері. Ол халқымыздың рухани дүниесіне қуатты да өміршең жырлары арқылы мәңгі өшпес үлес қосты. Ақын шығармаларына ден қойсақ, оның кер замандағы теңсіздікті күйіне сөз еткенін байқаймыз. Жыр алыбы қарапайым халықтың ауыр тұрмысына аяныш білдірді, ел тағдырына алаңдады. Әділдікті, адалдықты, адамдықты, оған қоса ерлікті, бірлікті уағыздады. Жалғандық пен опасыздықты, жалпы халық мүддесіне жат нәрсенің қандайын болса да ащы әжуа, алмастай кесіп түсетін мысқылмен аяусыз шенеп отырды. Сөйтіп, ол тәуелсіздік идеясын, адамгершілік, ар-ождан мәселелерін ту ғып көтерді.

Жамбыл тек Кеңес үкіметі арқасында әдеби бағы ашылып, әлемге танылған шығармашылық тұлға деген ғылыми-қоғамдық тұжырым үстемдігі. Әлемге танылған Жамбылдың мұрасындағы тақырыптық-танымдық, мифологиялық және неомифологиялық әдеби бағыттардың, ақын мәтіндеріндегі көнеден тамыр тартқан архетиптердің, мифтемелер мен мифтік сарындардың зерделі түрде қарастырылмауы ақын шығармашылығын зерттеуде біржақты фольклорлық сарындар мен ауыз әдебиеті әуендері төңірегін ғана сөз етуге әкеліп соқтырады. Бұдан бөлек, ақынның стилисти­калық фигураларды қолдануындағы мифтік айшықтардың өзіндік ерекшеліктері де назардан мүлдем тыс қалуда. Жамбыл мәтіндеріндегі ауызша процесс үстінде туған басты мәтін мен кейінгі әдеби хатшылар тарапынан сол кездегі саясатқа бейімделіп өңделген мифтік түсініктердің өзгеріске түскендігін жоққа шығаруға болмайды. Белгілі бір шығармашылық тұлғаға қатысты ұлттық әдебиеттанудағы әр дәуірдегі филологиялық ой-пікірлердің жиынтығын зерделеп, жаңа талаптар негізінде зерттеулер жасаудан Жамбыл Жабаев мұрасы да тысқары тұра алмайтыны белгілі құбылыс.


Абайдың басын берсін,
Жамбылдың жасын берсін.
Әміренің әнін берсін,
Сәкеннің сәнін берсін.


дегендей жас ұрпаққа қалған сөздер босқа айтылмағандығын білдіреді. Халық арасында Жабылдың өлеңдері мен шығармалары кеңінен таралып, жатталып қалған.

Жас ақын өзінің суырып салма өнері арқылы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін қозғады, халықтың мұң-мұқтажын сөз етті, заңсыздықты сипаттады, бостандық үшін күресуге шақырды. Жамбылдың әндерінде, оның домбырасының үнінде қазақ халқының шынайы дауысы естіледі.   «Я - зоркий сокол, я – напев моей страны»,«я – ваш Жамбыл», - деп халыққа үндеді.

Қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай «Жамбыл - біздің дәуіріміздің ең жарқын әрі дарынды әншісі». Ж.Жабаев шығармашылығының әлем әдебиеті үрдісіндегі алатын орны болмаса ТМД елдерінде ақынның құрметіне көшелерге, мектептерге оның есімі беріліп, мүсіндері мен ескерткіштері орнатылмас еді. Жамбыл КСРО Жазушылар одағының мүшесі болған. 1941 жылдың көктемінде ақынға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Жамбылдың еңбектерінің жемісі қазақ және әлем әдебиетінде алатын орны.








Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/24773/

2.https://www.nlrk.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=2874:zhambyl-zhabaevty-175-zhyldy-yna-arnal-an-zhyr-alyby-zhambyl-atty-kitap-k-rmesi-jymdastyryldy&catid=47&lang=kz&Itemid=127

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
370
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі