жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала. Жүсіп Баласағұнның қандай әйел алу керектігі жайлы
Нурмухаметова Карлығаш Шаймуратовна
Құрлық әскерлерінің Әскери институты
Философия пәнінің оқытушысы
Жүсіп Баласағұн қандай әйел алу керекті жайлы
Х ғасырдың орта кезінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Басында мемлекеттің орталығы – Баласағұн болған, кейіннен орталығы Қашқар қаласына ауысады.
Орта ғасырда Қарахан мемлекетінен әлемге танылған атақты озық ойлы ғалымдар шыққан солардың ішінде Жүсіп Баласағұнның орны ерекше. Бабамыздың есімі әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадұғу білік» дастаны арқылы қалды. Қазақша аударсақ еңбектің мағынасы құт әкелетін «Бақыт ілімі» дегенді білдіреді. Бұл еңбек дүние жүзінің бірнеше тілдеріне аударылған. Кітап 6645 бәйіттен, 85 тараудан тұрады. Жүсіп Баласағұнның ілімдеріне әл-Фарабидың, Ибн Синаның философиялық көзқарастарының ықпал еткенін байқауға болады. Ойшыл Баласағұн қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі де сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған деседі. Көреген әкеден тәрбие алған жас Жүсіп бірнеше тілді еркін меңгеріп, математика, астрономия, тарих ғылым салаларына ерекше қызығушылық танытқан. Ол өз еңбегінде ғарыш көрністерін, адам өмірі, табиғат заңдылықтарымен біте қайнасқан бірлігін көрсете алды. Жеті планета он екі шоқ жұлдыз бөлімінде ғарыш әлеміне кеңінен тоқталған. Дастанның ең басты мақсаты – бақытты қоғам орнату. Ойшыл әр нәрсенің бастауын бала тәрбиесіне әкеп тірейді, үлгілі бала болашақта жақсы отбасының, мықты мемлекеттің, бақытты қоғамның кепілі екенін жеткізеді.
Баласағұн ұрпақ тәрбисін ерте кезден бастауды жөн санайды. Тәрбие тағылымында ата-аналарға даналық кеңес береді.
Ұл-қызыңа үйрет білген білімді,
Қолына ұстат кеудеңдегі күніңді.
Сонда ғана ұл мен қызың
Адамдықтан, таймайды,
көңілі таза көзі шоқтай жайнайды.
Тәрбиенің ішінде бабамыз өнерді де насихаттайды. Ол өзінің еңбегінде,
Үйрен ұлым, арзан көрме өнерді,
Өнер көкке жеткізеді төбеңді, – деген жолдар кездеседі.
Ғұлама «Құтадұғу білік» еңбегінде отбасындағы қыз, ұл тәрбиесі туралы тереңірек тоқталған. Баланың тәрбиесінде ұл болсын мейлі қыз болсын бөтен жерге жібермей, үйде өз қолында тәрбиелеу керектігі жайлы да айтады:
Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда,
Үйіңде өсір бөтен жерде қалдырма.
Қолдан ерте шығарсаңыз сіз егер,
Ұлдан қайыр жоқ үмітіңді үзе бер.
Қазіргі кезде күйбең тіршіліктен шыға алмай жұмыстан қол үзгісі жоқ ата-ана жаз шыға сала балаларын ағайынның қолына, не болмаса нағашы жұртқа, ауылға жібере салады. Ол ағайын жекжат баланы артық кетсе жөнге салып отырмайды, ертең үйіне айтып барар, ренжітіп алармыз деп ойлайды.
Бала не анда емес, не мында емес соңында бала ойына келгенді істеп өз бетімен кетеді. Ата-ана балаға үлкенді сыйлауға, аруақты құрметтеуді, салт-дәстүрді, кіммен қалай қатынас жасауды үйретуі тиіс. Ата-ананы сыйлай алған баланың екі дүниеде өмірі жарық. Ақын өлеңге өрген сол заманның бейнесі, қазіргі заманның негізгі мәселесі секілді, дастанда автор:
«Шарап ішпе, зинақорлық қылмағын,
Құтың қашар, басыңа мұң шырмалып,
Ей, маскүнем, ішімдікке жолама
Қайыршылық жолы, өзіңді тонама!
Ішкен кісі ақылынан адасар,
Ал ақылсыз тентетікпен жанасар,
Қанша ізгі ішімдікпен бүгілді,
Қанша істер ішімдікпен бүлінді.
Қоғамға кесел әкелетін, шаңырақты ортасына түсіретін, түбінде еркекті қаңғыртып жіберетін қу арақ осы уақытқа дейін ешкімге опа бермеген.
Адамды тура жолға бастайтын тек оқу-білім, білім адамды жетілдіреді, жеке тұлғаның ақыл-парасатының толысуына моральдық және рухани кемелденуіне жол ашатынын айтқан болатын.
Білімді аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз көп, ақылдыны таптаған.
Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын.
Жүсіп Баласағұн надан қоғамды жеңу үшін адамның барлығы білім алуға ұмтылса әділетті қоғамның орнайтынына күмән келтірмейді. Ер-азамат
тардың қатарын елді қорғауға меңзесе, оның азаматтығы артып, адалдығы ақталмақ, – дейді.
Ерлік, даңқ жарасар нағыз ерге,
зұлымдық пен іштарлық намыс елге.
Ерлік, даңқ туады кісілікпен,
Ер қадірі - берсе, егер, екеуі тең!».
Бектер ізгі болса, ессіздік жоғалар,
байыр халық, әлем гүлге оранар!
Ер мирасы - ағалық сөзін де, ел ұнатар ісін де, көп алдындағы кесек тұлғасында, салмақты мінезінде екенін көрсетеді. Сонымен қатар, жігіттерге қандай әйел алу керектігі жайында да ой тастаған. Әйел алуда Жүсіп Баласағұн бабамыздың айтып кеткен принциптерін ұстанса жігіттеріміз жар таңдауда қателеспей, шексіз отбасылық бақытқа қол жеткізетіні анық.
Қандай әйел алу керекті жайлы
Әйел алмақ болсаң, егер қарарсың,
Жіті бағып таңдаулысын аларсың!
Жақсы болсын тегі, заты ұрығы,
Пәк ұятты болсын жанның тұнығы.
Дұрыс үйдің қызын ал қол тимеген,
Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.
Сені сүйіп, басқа жанды білмесін,
Жаман тексіз қылық істеп жүресін.
Тегі өзіңнен төмен қызды аларсың,
Асыл текке өзің құл боп қаларсың.
Тыңдап қара, сынаған ер дегенің,
Сынаған ер білер істің беделін.
Түзігін ал,алсаң – тегі төменің,
Сүйіншілеп өтер дәурен көрерің!
Көркін емес, ізгі құлқын қаларсың,
Жақсы болса құлқы –жайнап жанарсың!
Өз теңінді ал, алсаң – алсаң қатын алмағын,
Ердің ері тақуасын таңдағын.
Көркін қуып алма қылқы кемісті,
Құлқы жақсы болсса, - кемел, келісті!
Сұлуқұмар, сұлуды аңсап сор қума
Қызыл жүзді сарғайтпа һәм қор қылма.
Әйел алсаң төрт белгісін көздеші,
Бұл төртеуден кездеспейді өзгесі:
Бай әйелді біреу іздеп жүреді.
Енді бірі сұлуға көз тігеді.
Бірі тілер тұқымы асыл, тектіні,
Қуаныш боп ұлықтығы, бектігі.
Бірі нәзік, ақылдысын таңдайды
Оны тапса, көңілде алаң қалмайды.
Таңдаулысын айтайын мен бұлардың,
Әйел алсаң, түргін маған құлағың:
«Ай таңдаушы, бай әйелден үміткер,
Құлы болып қалма, оның білікті ер.
Көңілі мүлік болып, тілін ұзартар,
Көтерерсің болса малға құмартар.
Кісі ізгісі, гөзалды іздеп шоларсың...
Сұлуды алма елге күлкі болрсың.
Шырайлыны күллі ел сүйер, жақтар мың,
Оны хақтың құдіретімен сақтарсың...
Асыл текті, бек әйелді таңдарсың,
Өміріңді қор қып, талды қармарсың.
Асыл текті, бектер тіні тым зәрлі,
Қатынға құл болма, ділі ызғарлы!
Тақуа, нәзік жар іздегін, бекзада,
Төртеуі де, тапсаң сонда бір ғана.
Кездестірсең ақылды, ізгі адамды,
Ай, ізгі ер, алғын қойып алаңды.
Тегін мал болса, берер мал тізіп,
Байытады, жүзіңе қан жүргізіп,
Түзу болса, құлқы – шырай, шырығы,
Білген болар әйел көркі – қылығы!
Пәк, тақуа болса, асылға боларсың.
Үш сипаттың бәрін содан табарсың!
Ақылдысын, ізде – іздесең ай бегім,
Есті болса, болар түгел төртеуі.
Мұндай жанды тапсаң, ширап, қуан да,
Ай, мәрт кісі, ұста, қолдан шығарма

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген