Мақала "Кембридждік оқыту бағдарламасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Кембридждік оқыту бағдарламасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңаша оқыту бағдарламасы

Қазіргі уақытта елімізде және қоғамымызда әр түрлі салаларға қатысты үлкен өзгерістер болуда. Бұл өзгерістер білім беру жүйесінде де көрініс табуда. Сол өзгерістердің бірі - Кембридж Бағдарлмасының білім беру жүйесіне енгізілуі. Үш жылдай уақыт болды еліміздің ұстаздар қауымы сыңдарлы оқытуға негізделген жеті модульден тұратын жаңа бағдарлама бойынша біліктілігін арттыруда. Сол курс бойынша менде біліктілігімді арттырдым . Бұл бағдарламадан күтілетін нәтижелер балалардың қалай оқу керектігін үйреніп, яғни оқушы сабақта тапсырманы қандай мақсатпен орындағанын білуі керек. Осының нәтижесінде оқушы өз ойын еркін жеткізе білетін ынталы, өзіне -өзі сенімді, сыни пікір көзқарастары дамыған оқушыны қалыптастыруын қамтиды. Бағдарламаның оқыту стилі «Сыңдарлы оқыту». Жаңаша мұғалім болуға, жаңа идеяларға көңіл бөлу керек. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Бұл оқытудың маңыздысы оқушылардың дайын білімді алуы емес, тақырыпты өз бетімен меңгеруін түсінуі мен өзін, өзара бағалау арқылы сыныптастарын бағалай алуы. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульманның үш көмекшісі,- деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады.

«Оқу инемен құдық қазғандай» демекші қазіргі заманға сай білім алу әрбір мұғалімнің міндеті. Бір орында тұрмай, білім саласында өзгерістерімен бірге мұғалім де өзгеруі тиіс. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер бойынша сыныпта оқушылар өздерін емін-еркін сезінеді. Мұғалім көшбасшы ретінде әр баланың бойындағы ерекшеліктеріне сәйкес әрекет ету, оларды өзін-өзі реттеуге ынталандыра білу керек . Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп, «Оқушы үні» жобасы сияқты әр баланың пікірін тыңдап, баланың қызығушылығына қарай тапсырмаларды, жұмыстарын ұйымдастыру керек. Талантты және Дарынды балаларды Фриманның өлшемдері аясында анықтап, оларға қызықты тапсырмалар, шығармашылық жұмыстарды тапсырып тереңдете оқытуымыз керек. Мен осы бағдарламаның арқасында әр нәрсеге жаңа көзқараспен қарауға үйрендім. Алдағы уақытта мен осы бағдарлама идеясын әрі қарай дамытқым келеді. Курстан өткен әрбір ұстаз үшін Кембридждік оқыту тәсілі ерекше ізін қалдырды деген үміт бар және бізге өте қажетті маңызды өзгеріс, жаңашылдық деп санауға болады. Себебі оқушыдан бұрын мұғалімнің өзінің бұрын жасаған қызметіне басқаша көзқарас туындайды. Өз көшбасшылығын меңгере отыра кез келген іс-әрекетте бағалауға дағдыланады. Бір сабақтан келесі сабаққа ауысқанда өзіне рефлексия жасай келе келешекте нені ескеруге болатынына мән береді.

Еліміздің тірегі –білімді ұрпақ. Оларға әлемдік стандартқа сай білім беру- ұстаз еншілігінде. Әр күніміз, әр сағатымыз ізденісті талап етеді. Ұстаз жаңа бағытты негіздей отыра оқушының өздігінен жаңалық ашуына, өмірге өз үлесін қосуына жол ашады. Өз бойындағы құндылықтарды адам игілігіне пайдалану адамзат даналығының ең жоғарғы көрінісі деп білемін. Өмірдегі жаңа өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дәстүрлі сабақтарда оқушылар емес, сабақтың көп пайызын мұғалім жүргізеді. Ал бұл бағдарламада 80% оқушылар белсенділік танытса, мұғалім бағыт-бағдар бере отыра 20% жүргізеді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін өмірде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Өзгертілген, жаңарған сабақтарда оқушыларға еркіндік беріп, өз ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Олар өзін және бірін-бірі бағалайды, бұл тереңірек түсінуге ықпал етеді. Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алдағы мақсаттарға қарай жылжиды. Сондықтан осы бағдарламадан жақсы нәтиже күтемін. Алдағы уақытта өз тәжірибемде қолданатын боламын.

А.Ж.Ибраева

Докучаев орта мектебінің

қазақ тілі және әдебиет

пәнінің мұғалімі






















Кембридждік оқыту тәсілі бойынша

қысқа мерзімді жоспар

Сабақ №13

Сынып: 6

Cабақтың тақырыбы: Көшеде

Cабақтың мақсаты: Жаңа сабақпен таныстыру, үлкендерге орын беру, үлкендерді сыйлаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасыру, жаңа сөздермен танысу. Меңгерген білімді негізге ала отырып, қалай оқу керектігін үйрету модулін пайдаланып, оқушынының өз ойын еркін ашық жеткізуге жетелеу арқылы өзін –өзі реттеуді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО, топтық жұмыс, диалогтық жұмыс,сұрақ –жауап, зерттеу, постер, бірлесе жұмыс жасау.

Көрнекіліктер: ресурстар, үлестірме қағаздар, түсті дөңгелектер, стикерлер, фломастерлер.

Сабақта қолданылатын модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушылардың жас ерекешеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқуды басқару және көшбасшылық.

Күтілетін нәтижелер:Сабақтың мақсатын өздері анықтауға үйренеді. Бірін-бірі әділ бағалауға үйренеді.Алған білімдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды,тілдік қарым-қатынасқа түскенде практикада қолдана алады.Топ алдында сөйлеуге үйренеді.

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар


1.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал:

«Шаттық шеңбері»

Мақсаты: балалар арасында психологиялық жайлы атмосфера қалфыптастыру.

2.Топқа бөлу

1.Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.

2.Ортада төрт орындық қоямын. Музыка ырғағымен оқушылар билеп жүреді, музыка тоқтаған кезде, орындыққа отырып үлгерулері керек. Бірінші болып отырған төрт адам, бір топ болады. Қалған бесеуі екінші топ болады.

Интербелсенді тақта


2. Үй тапсырмасын тексеру

Сематикалық кесте”


Оқушылар кестедегі сұрақ арға «Ия», «Жоқ» деп жауап береді.

Сематикалық кесте, қалам


3.Жаңа сабақпен таныстыру. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу





4.Сабақтың мақсатын бірлесіп қою.

Оқушылар сабақтың мақсатын мұғаліммен бірлесіп қоюды үйренеді.



5. Жаңа сөздер:

аялдама - остановка

көп ұзамай - вскоре

бірден - сразу

алдыңғы есік – передняя дверь

отырыз - садитесь

менен гөрі үлкендеу – постареше меня

ұсыну - предложить

кішіпейіл - скромный

бос – свободно

қалай жетуге болады - как можно доехать

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.


Оқушылар жаңа сөздерді дәптерге жазып алады.

Интербелсенді тақта


Топтық жұмыс:

Рөлдерге бөлу.

Таимкипер, тілші,хатшы, көшбасшы

Өзара бағалау жүргізу.

«Екі жұлдыз, бір тілек», шапалақ, смаликтер көрсету.

1-тапсырма. Жаңылтпашты оқу. Тапсырма: 1-топ жуан сөздерді, 2-топ жіңішке сөздерді А4 қағазына жазады.

Әр топ бір-бірін бағалайды.

Флипчарт қағаздары, маркерлер, түсті қағаздар


Жұптық жұмыс:

2-тапсырма

Жұмыс дәптеріне орындайды.

Бір-біріне қатысы бар сөздерді ілік септігі жалғауы арқылы байланыстырыңдар.








Сергіту сәті:

Мен қазақпын” биі

Оқушылар билейді.

Интербелсенді тақта


«Топтық жұмыс»

3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастыру және аудару.

Рөлдерге бөлу.

Таимкипер, тілші,хатшы, көшбасшы

Өзара бағалау жүргізу.

«Екі жұлдыз, бір тілек», шапалақ, смаликтер көрсету.


1-топ. Оқушылар сұрақтар құрады.

2-топ. Мәтінді аударады.



Тіл дамыту жұмысы:

Мына сөздерді қазақ тіліне аудар.



1-топ. Не очень, педиатр, юрист, правнук, документ.

2-топ. Звонить, смена, просыпатсья, пешком.

оқулық


Дәптермен жұмыс:Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.


1-топ: немере, автобус

2-топ:пәтер, күн

Дұрыс жауапқа фишкалар беріледі.

фишкалар


Өзін-өзі бағалау:

Жасыл түс – сабақ түсінікті

Сары түс- сабақ қызықты

Қызыл түс- сабақты түсінбедім


Конверт, үш түсті дөңгелекшелер


Сабақты қорыту:



Оқушылар кері байланыс жазады.

стикерлер


Үйге тапсырма

Сызба бойынша өз отбасыларың туралы әңгімелеу.18-бет

Бағалау: Оқушылардың бағалауларын ескере отырып, әр оқушының жұмысын бағалаймын.



оқулық

Сабаққа талдау: Оқушылар топпен жұмыс жасады. Үй тапсырмасын «Сематикалық кесте» арқылы тексердім. Топтық жұмыста оқушылар мәтінді оқып, бір топ мәтін бойынша сұрақтар, екінші топ мәтінді аударды. Әр топтан спикерлер шығып өз жұмыстарын, топ алдында жұмыстарын қорғады. Екінші топта дарынды оқушым аялдамада тұрған автобустың суретін салып қойыпты. Мен бұдан оқушымның сыни тұрғыдан ойлай бастағанын білдім. Топта оқушылар рөлдерге бөлінді. Өз рөлдерін жақсы атқарды. Бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек»,смаликтер көрсету арқылы бағалады. Тіл дамыту мақсатында сөздерді аударды. Грамматикалық тапсырмалар орындады. Дұрыс жауапқа фишкалар берілді. Сабақтың соңында өзін- өзі бағалау жүргізілді. Жасыл түс – сабақ түсінікті

Сары түс- сабақ қызықты

Қызыл түс- сабақты түсінбедім

Не сәтті өтті? Оқушылар топпен бірлесе отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасай алды. Өз ойларын еркін, ашық жеткізе алды. Сабақ көңілді өтті? Екінші топта дарынды оқушым аялдамада тұрған автобустың суретін салып қойыпты. Мен бұдан оқушымның сыни тұрғыдан ойлай бастағанын білдім. Топта оқушылар рөлдерге бөлінді. Өз рөлдерін жақсы атқарды. Бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек»,смаликтер көрсету арқылы бағалады.

Не сәтсіз өтті? Сабақтың мақсатын дұрыс қоя алмады. Топтар бірін-бірі әділ бағалаған жоқ.

Нені дамытқым келеді?

Сабақтың мақсатын дұрыс қоя білуді үйреткім келеді.Өзара әділ бағалауды жақсартқым келеді. Топпен ынтымақтастықты одан әрі дамытқым келеді. Сынт тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың ойлау белсенділіктерді арттырып, өз ойын еркін, дәлелді түрде фактімен жеткізуді дамытқым келеді. Келесі сабақта АКТ модулін қолдану.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2018
609
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі