Мақала "Кондитерлік кәсіп емес, хобби"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Кондитерлік кәсіп емес, хобби"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кондитерлік жайлы мақала. Тақырыбы: "Кондитерлікк - кәсіп емес, хобби"
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кондитерлік – кәсіп емес, хобби»

Кондитер – бұл тәттілер дайындаумен айналысатын маман. Кондитерлік сала сонау өткен заманда пайда болды. Және қазіргі таңға дейін өзіндік жаңашылдықтарымен таңғалдыруда. Ертедегі тоғызыншы ғасырда арабтар мен үндістер, құрма мен қамыс қантынан алуан түрлі тәттілер жасаған. Кондитерлік қолөнер өзінің дамуын ХV-XVI ғасырда көбінесе Еуропада дамытты. Сол кезеңдерде, итальяндықтар тәттілер шығарудың үздік шеберлері болып сагналған. Тіпті Италияда кондитерлік әулеттер болған, онда отбасылық рецептер ата-анадан балаларға берілген.

Кондитерлік – қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың бірі әрі бірегейі. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл мамандық еңбек пен шығармашылықты талап етеді. Қандай да бір мереке немесе туған күн болсын кондитердің көмегіне жүгінетініміз жасырын емес. Қазіргі таңда кондитер саласында кәсібі мен кәсіби дамуы мүлдем басқа салада жүретіндер де аз емес. Көптеген адамдар үшін кондитерлік - бұл хобби және демалыс. Олар үшін кондитерлік туыстарын қуанту және сыйлықтар жасау тәсілі. Мұндай кондитерлік хоббиде тағы қандай артықшылықтар бар екенін білесіз бе?!

  • Кондитерліктегі психологиялық сезіну. Біз үшін жұмысымыздың нәтижесін көру өте маңызды. Одан да жақсысы-оны сезіну. Бірақ біз мұны әрқашан негізгі кәсіпте жасай алмаймыз. Мысалы, Excel бағдарламасында бухгалтерлік кестені қалай қолдануға болады? Егер сіз торт, тәтті бәліш жасасаңыз, онда сіз сезініп, иіскеп, дәмін тата аласыз. Сол секілді бұл мамандықтың артықшылығы осында деп білемін.

  • Ұсақ моториканы дамыту. Иә, иә, біздің саусақтарымыз үнемі әр түрлі таңғажайып дүниелерді жасап шығарады Бізсаусақ гимнастикасын жасай аламыз немесе тәтті тоқаштарды безендіріп, некремнен жазба жасай аламыз.

  • Табиғи өнімдер. Десерттерді өзіміз жасаған кезде, біз олардың құрамын толығымен басқарамыз. Біздің торттарымыз, печеньелеріміз және торттарымыз табиғи өнімдерден және бізге беймәлім қоспаларсыз болады.

Қорытындылай келе, тамақтану жалпы денсаулыққа, өнімділікке, шығармашылыққа, белсенділікке, өмір сүру ұзақтығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі, өйткені барлық қоректік заттар ағзаға тамақ арқылы түсіп отырады. Адам ағзасы үшін маңызды қоректік заттардың дәстүрлі көзі – кондитерлік өнімдер. Алайда кондитерлік өнімдердің де кемшілігі болады. Сондықтан да бұл салада барлық талаптарды сақтай отырып, өз ісіне жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен қарай білген әр маман тұтынушыны да баурап алары сөзсіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2024
226
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі