жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала КОРОНАВИРУС ІНДЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
КОРОНАВИРУС ІНДЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледж экономика пәндерінің оқытушысы Хурмет Жигер
Коронавирусқа байланысты елде төтенше жағдайдың жариялануы ел азаматтарының әлеуметтік тұрмысына кері әсерін тигізе бастады.
Жұмысы қашықтан істеуге мүмкіндік бермейтін мұндай адамдардың күнкөрісі қиындап жатыр. Базардағы азық-түлік те қымбаттаған. Үкіметтің базардағы бағаны бақылаймыз дегені сөз жүзінде қалып жатқан сияқты. Себебі, кейбір дүкендерде базарларда тауарлардың бағасы біраз өскенін аңғаруға болады Басқа да өнімдердің негізгі құнына 200-300 теңге үстемелей қосылған. 20 мың теңгенің өзіне пакетіңіздің толмай шығатыны содан.
S&P халықаралық агенттігі коронавирус пандемиясы салдарынан 2020 жылы ЖІӨ-нің 2,4 пайызы деңгейінде әлемдік экономиканың құлдырау тереңдігін болжады. Мұндай сан сәуірдегі агенттктің есебінде көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
S&P болжамы бойынша АҚШ пен Еуропа экономикасы жыл қорытындысы бойынша тиісінше 5,2 пайызға және 7,3 пайызға қысқарады. 2021 жылы экономистер әлемдік ЖІӨ-нің 5,9 пайызға, 2022 жылы — 3,9 пайызға өсуін болжап отыр, деп жазады Lenta.ru.
Сарапшылар атап өткендей, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар санының өсуі біртіндеп қысқаруда. Экономиканы қалпына келтіру қарқыны мемлекеттердің денсаулық сақтау және экономика саласындағы саясатына, шағын және орта бизнестегі жағдайға және еңбек нарығындағы жағдайға байланысты болады. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау, Экономика және саясат саласындағы белгісіздікке байланысты тәуекелдер теңгерімі теріс болып қала береді.
Бұдан бұрын Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристалина Георгиева қазіргі жаһандық экономикалық дағдарысты соңғы 100 жылда ең нашар деп атады және оны 1930-шы Ұлы депрессиямен салыстырды.
Кейін ол коронавирус әлемнің 100 елдерін шұғыл несие көмегі үшін Қорға жүгінуге мәжбүрлегенін хабарлады.
Бірер күн бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы кәсіпорындардан 266 мың жұмысшы қысқарып қалғанын мәлімдеді. Жағдай осылай жалғаса берсе (теңге және вирус факторы) жұмыссыздар саны еселеп артпақ.
«Алдын ала есептеу бойынша, қазіргі жағдай 500 мыңға жуық қала тұрғынының қаржылық ахуалына кері әсер тигізді. Сол себепті төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай сайынғы төлемақы жасауды тапсырамын. Негізінен мұндай көмекті 1,5 миллион азаматымыз алады. Қолдау түрін, адамдарды қамту көлемін және қаржы көлемін арттыру үшін бізде тиісті резерв бар»,– деген еді президент.
Экономист Қасымхан Қаппаровтың пікірінше, бұл жәрдемақының нақты кімдерге берілетінін анықтау қажет.
«Бұл көмек кімге беріледі? Атаулы әлеуметтік көмек алып жүргендерге ме? Оларда бұрыннан табыс жоқ қой. Негізінен бұл көмек жұмыс істеп жүріп табысынан айырылған азаматтарға берілуі қажет. Ондай азаматтардың тізімін БЖЗҚ-дағы төлемдер бойынша анықтап, кім зейнетақы қорына тұрақты жарна жасады, соларға берілсін. Сосын бұл бір реттік көмек пе, әлде тұрақты ма? Өйткені карантин біткеннен кейін де адамдар жұмыс тауып, табысқа қол жеткізу үшін де біршама уақыт қажет болады. Ең бастысы ақшаны қайдан алмақ? Бұл мақсатта ай сайын бюджеттің 135 млн доллар ақшасы жұмсалады. Әзірге үкіметтің осыншама ақшаны қайдан алатыны белгісіз», – деп жазады сарапшы өзінің телеграм каналында.
Сондай-ақ мемлекет басшысы барлық азаматтардың тұтынушылық қарыздарын төлеуді 3 айға дейін тоқтата тұруды тапсырды. Оның ішінде орта және шағын бизнес те бар. Осындай қиын-қыстау кезеңде ең көп зардап шегетін де осы сектор болмақ. Айтпақшы, мемлекет бірер күн бұрын аталған секторды қолдау мақсатында мол қаржы бөлді. Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, бұл қаржыны бөлу механизмін дұрыстап құрастырмаса, ақша діттеген межеге жетпей қалмақ.
Қосымша ақпарат: Ranking.kz мәліметінше, 2019 жылы жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) орта және шағын бизнестің үлесі 29,5 пайызға дейін құрап, бұл жалпы экономикалық өсімнің 4,5 пайызға дейін көтерілуіне әсер еткен. Ал 2019 жылдың үшінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, орта және шағын бизнес секторында 3,3 миллион адам жұмыс істейді.
Мұны да әзірге түйіні тарқатылмаған бір проблема деп қоялық. Екіншісі – нарықтағы бағаның шарықтауы. Бұған қатысты Shanghai University of Finance and Economics университетінің магистрі, экономист Оразбек Мырзақұл былай пікір білдірді.
«Коронавирус өндіріске шығын келтіреді дейін десек, бізде соншалықты көп өндіріс те жоқ. Кесірі тисе, жолаушылар тасымалымен айналысып отырған ҚТЖ сияқты компанияларға тиюі мүмкін. Ал бізге тауар негізінен шет елден келеді. Соған байланысты электронды дүкендеріндегі бағалар 10-15 пайызға қымбаттаған. Вирустың күш алып келе жатқанын, теңге бағамының әзір оңалмайтынын ескерсек, алдағы уақытта біздегі баға кем дегенде 10 пайызға өседі. Кейбір тұтынушылық заттар тапшы болады», – дейді экономист.
Бұдан кейінгі түйткіл – теңгенің жайы және жұмыссыздық. Оразбек Мырзақұл теңге бағамына қатысты оптимисті көзқарас таныта алмаймын дейді. Оның ойынша күзде теңге курсы 550-ге жетпек.
«Инфляция деңгейі 6 пайыз (ақпан айының қорытындысы бойынша). Қазіргі дүрбелеңге байланысты күзге дейін оның шегі 8 пайыздан асады. Мұндай кезде мемлекет кешенді жұмыс жүргізуі керек. Бірінші кезекте, әлеуметтік төлемақы мөлшерін кем дегенде 10-15 пайызға өсіру. Одан кейінгі міндеті – азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды салықтан босату. Әрине, одан кейін жұмыссыздық мәселесін шешу. Төтенше жағдайға байланысты оны қазір реттей алмаса тиісті жәрдемақылар беру деген сияқты. Өйткені жұмыссыздық деңгейі 20 пайыздан асып кетсе, бұл – елге қауіп төндіреді», – дейді маман.
Мақсат Халықтың айтуынша, бізді алда бюджет тапшылығы күтіп тұр. Өйткені, біздегі қазына қаржысының көп бөлігін мұнай секторындағы компаниялардан түсетін салық құрайды.
«Мұнай бағасы 25 доллар деңгейінде тұр. Алдағы уақытта әлде де түсуі мүмкін. Бізде ЖІӨ – 26 пайыз деп айтылады, есептеп қарасақ бұл – 15 триллион теңге. Егер осы қаражат жарыққа шықса, онда бюджет тапшылығын жаба аламыз. Алайда біздегі қиындық – көлеңкелі экономиканың әлі жұмыс істеп тұрғаны. Соның арқасында көп қаржы үкіметке көрінбей жатыр.
Олай болмас үшін төлемді қолма-қол емес, арнайы банктік аударымдар арқылы жолға қою керек», – деп түйіндейді сарапшы.
Президент цифрлары
* Бүгінгі күні 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілді.
*570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды.
*Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспарланған.
*Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі.
*1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды. Бұл жалпы алғанда 360 миллиардтан астам теңгені қамтиды.
*700
мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге
салықтық жеңілдіктер жасалды.
Сол
арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық
қаржыны үнемдей алады.
*Көктемгі егіс жұмыстарына және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді.
*Оның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалады.
*Азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр.
#Коронавирус індетіне қарсы атқарылып жатқан әрбір іс тікелей қаржының күшімен жүзеге асып жатқаны белгілі. Біз Мемлекет басшысының өз Үндеуінде айтқан қаржыға қатысты мәлметтерді бөлістік.
Әдебиеттер тізімі
Н.Грегори Менкью, Марк Тейлор «Экономикс» 2017 Рухани жаңғыру

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген