400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала, Критериалды бағалау тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіркеу формасы


  1. Тегі, аты-жөні(толығымен): Жансугирова Гульден Жубаткановна

  2. Қызметі: Арал көпсалалы колледжінің физика пәні оқытушысы

  3. Ұйым, оның мекен жайы: Арал көпсалалы колледжі, Ж.Абилжанов 16 А

  4. Автордың мекен жайы(индекс көрсету міндетті) : Арал қаласы, Б.Бижанов, 2-үй. инд 120100

  5. Телефон:87243320314, 87757337972

  6. Е-mail: Gul-83-00@mail.ru

  7. Мақала тақырыбы: Критериалды бағалауды енгізу- сапалы білім негізі

  8. Бағыты: Жаңартылған бағдарлама: математика және жаратылыстану бағытындағы жаңа мазмұн

  9. Керекті техникалық құралдар: Интерактивті тақта, ноутбук








































КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ЕНГІЗУ - САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ


Жансугирова Гульден Жубаткановна

Арал көпсалалы колледжінің физика пәні оқытушысы


Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Қазіргі кәсіптік білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Өз  білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зертеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады.

Мұғалімдердің  қарқынды  өзгеріп  жатқан әлем жағдайында үздіксіз  кәсіби дамуға дайын болуына  көмектесудің  бір  тармағы- критериалды бағалауды пайдалану тиімділігін  қамтамасыз ету

Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялар мен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН,  107 бет]

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

-Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

-Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

-Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

-Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

-Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

-Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

-Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

-Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

-Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Практикалық маңызы

-Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;

-Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;

-Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;

-Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

-Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға; -Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға; -Сабақ берудің сапасын арттыруға;

-Оқушының жеке  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға; -Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; -Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

Оқушылар үшін:

-Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; - Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге; -Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; -Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін:

-Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға; -Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға; -Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Критерийдің мазмұны:

Критерийлер

 

Дескрипторлар

 

А

Білу және түсіну

 

Нақты фактілерді, ақпараттар және  сипаттамаларды  білу және  жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу

В

Қолдану

 

Бұрын алған ақпараттар  мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету

Білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару,  жобалар, мәселені шешу  және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады

С

Сыни ойлау және зерттеу

 

Білім  көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау  арқылы  пікірлер  қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар  мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы  зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау

D

 

Коммуникация және рефлексия

 

 

Әр пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар  мен     ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын  қабылдай отырып, өз көзқарасын   түсіндіру арқылы ортақ ойға  келу. Айтылған  ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.

Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.

Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты  жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру.

Оқушыны дамытуда қалыптастырушы бағалаудың мәні зор, сондықтан ол оқу үдерісіне қатысушылардың барлығына түсінікті де анық, оқушыны жетістіктерге ынталандыратын сипатта болуы тиіс.

Мен өзімнің сабақта қолданып жүрген қалыптастырушы бағалау тапсырмамды көрсеткім келеді:

Суретте дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигі берілген. Графикпен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

a) Графиктің әр бөлігіне сәйкес дененің жылдамдығын анықтаңыз.

АВ бөлігінде: _____________ВС бөлігінде: _____________СD бөлігінде: _____________

b) Дененің барлық жолдағы (графикте АD аралығы) орташа жылдамдығын анықтаңыз.

Дескриптор:

Білім алушы

- график бойынша жолдың АВ бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді

- график бойынша жолдың ВС бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді

- график бойынша жолдың СD бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді

- орташа жылдамдықты анықтау формуласын қолданады

- АD бөлігіндегі орташа қозғалыс жылдамдығын есептейді

Жиынтық бағалау оқушының жазбаша тапсырманы, емтихан немесе жобаны өз бетінше орындауын бақылау арқылы жүзеге асады. Оқушының кез келген жиынтық немесе қорытынды жұмысы өзге біреулердің қатысуынсыз орындалады және белгіленген оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады.

Оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау тәсілі оқушылардың жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеру қажет біліммен салыстыруға мүмкіндік береді, өйткені мұғалім оқушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, ал қай мақсаттар бойынша жұмысты жетілдіру қажет екендігін бағалауы тиіс. Осы арқылы оқушыны оқытудың дербес бағыт-бағдары немесе оқушылардың оқу жетістіктері бағаланады.

Тапсырма әзірлеу кезеңдері

Кезеңдердің сипаттамасы

Кезең

Сипаттамасы

Жоспарлау

Бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу мақсаты мен міндеттерін айқындау, қажетті құжаттарды анықтау.

Құрастыру

Оқу бағдарламасын, спецификацияны қолдану, бағалау критерийлерін белгілеу, тапсырма құрастыру.

Сараптама жасау

Тапсырманың сапасын талдау, материалды қайта қарау,

өзгерту енгізу.

Қолдану

Тапсырмана белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес қолдану.

Талдау

Нәтижеге шолу жасау, кері байланысты ескеру, өзгерту енгізу.


Құрастырылған тапсырманың анықтылығы субъективтілікті (жеке көзқарасты) шектейтін негізгі фактор болып табылады. Ол бағалаудың негізгі қағидаларын (негізділік, валидтілік, объективтілік, сенімділік) ұстануға көмектеседі.

Критериалды бағалау жүйесінде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен таныстыру үшін оқушының оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы қолдану ұсынылады.

Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.

Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.

Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.

Балл қою кестесінің құрылымы мынадай ақпараттардан тұрады: тапсырмалар нөмірі, тапсырмаларды орындаудың кезеңдері көрсетілген жауаптары, әр кезеңнің балдары және балдың берілуі туралы ұсынысы бар қосымша ақпараттар үшін дұрыс жауабы (кілті) көрсетіледі.

«Физика» пәнінен жиынтық бағалаудың тапсырмалары

  1. Қай суретте ауырлық күшінің векторы дұрыс кескінделген?

  1. 1 В) 2 С) 3 Д)4 [1]

2. Суретте әр түрлі заттардан жасалған көлемдері бірдей үш дене көрсетілген. Олардың тығыздықтары . Ең кіші массаға ие денені табыңыз.

А) 1 дене В) 2 дене С) 3 дене D) Денелердің массалары бірдей[1]

3. Жүріп келе жатқан адам жолдың ернеуіне сүрінген кезде ...

A) Артқа қарай қозғалады B) Тыныштықта қалады

C) Алға қарай қозғалады D) Оңға қарай қозғалады[1]

4. Күнделікті өмірден инерция құбылысына екі мысал келтіріңіз. [2]

5. Неліктен жолға мұз қатқан кезде автокөліктің тежелу жолы өте үлкен болады? Жол апатынан қалай құтылуға болады?[2]

6. Суретте бос мензурка, сұйық құйылған мензурка және мензуркадағы сұйыққа бірдей шарлар салынған сурет көрсетілген.

а) Суретте берілген мәліметтер бойынша сұйықтың тығыздығын анықтаңыз. [2]

b) Бір шардың көлемін, массасын және шар жасалған материалдың тығыздығын табыңыз.[4]

7. Суретте серіппенің қатаңдығын анықтау жолы көрсетілген. a) Серіппенің ұзаруын анықтаңыз. __[1]

b) Жүк салмағын анықтаңыз.________[2]

c) Серіппе қатаңдығын анықтаңыз. _______[2]

8. Графикте серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігі көрсетілген.

Серіппенің k қатаңдық коэффициентін анықтаңыз. [2]

Жалпы: [20]

Балл қою кестесі

№

Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

1

А

1


2

В

1


3

C

1


4

Көліктің жедел тежелуі кезінде жолаушылардың алға қарай ұмтылуы және т.б. мысалдар

2

Әр мысал үшін 1 балл қойылады

5

Үйкеліс аз болғандықтан

Үйкелісті көбейту керек

1

1


6

а) V = 40 см3, m = 40 г

ρ = m/V = 1 г/см3

1

1


b) V = 30 см3, m = 234 г

V1 = 6 см3

m1 = 46,8 г

ρ = m/V = 7,8 г/см3

1

1

1

1


7

2 см

1


m = 2 кг

Р = mg = 20 Н

1

1


k = F/Δl

k = 20/0,02=1000 Н/м

1

1


8

Графиктен күш пен серіппенің ұзаруының мәндерін алады

k = F/Δl = 5 Н/м

1


1


Жалпы балл

20


Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

-Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады; -Жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады; -Оқушылардың білім сапасын арттырады; -Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы; -Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Мұғалімдер   оқуды  бағалаумен  қатар  оқыту үшін  бағалауды пайдаланғанда,  бағалау  оқудағы аса пайдалы  құралға  айналады.
Жалпы оқыту және оқу үрдісінде қалыптастырушы бағалауды дұрыс түсініп, тиімді қолдана білген мұғалімнің кәсіби шеберлігінің артуына және бастама нүктесін дәл анықтап әрі қарай дамуына, жаңа идеяларға ұмтылуына серпіліс береді және білім сапасын арттыруға зор үлес қосады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші басылым. 2016 ж.

2. «Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы» Астана 2016 3.http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері 3.К.С.Құдайбергенова«Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: 2012 «Принт АСС»

4.Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқужетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгікритерий – Педагогика, 2009 ж.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
803
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі