400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Мақала "ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен тілдер күніне арналған "Алаштың Ахметі" ІҮ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы "ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ"
Материалдың қысқаша нұсқасы



ТАҚЫРЫБЫ: ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ

Сайлау Ш.

«№134 негізгі орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі


Лaтын әлiпбиiне көшу – мәңгілік елдің рухaни жаңғыруының бiр тaрмaғы.

Латын әліпбиін қабылдау бізге ұлттық құндылықтарды, рухани байлығымызды, рухани мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді сақтап ары қарай дамытуға себепші болады.

Сондықтан, Мәңгілік Ел мұратына ұмтылған Қазақстан халқының ұлттық рухани жаңғырудың негізі латын әліпбиіне көшу – еліміздің әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарынан табылуының кепілі болып саналады.

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деп сонау заманда босқа айтпаған. Халықтың болашағын, жас ұрпақтың келешегіне алаңдаған. Ахмет Байтұрсынұлы жақсы әліпбидің тілге шақ, жазуға жеңіл, баспа ісіне қолайлы, сонымен қатар қазақ тіліне тән дыбыстардың әрқайсысына жеке – жеке тоқталып, олардың жазылу ретін, орнын, ерекшеліктері мен айырмашылықтарын көрсеткен.

Латын әліпбиіне көшу – мәңгілік елдің рухани жаңғыруына бағытталған қадам. Сонау қиын қыстау заманда қаншама жастарымыз елдің болашағы үшін құрбандықпен тәуелсіздікті алып бергеніне де 30 жыл толды. Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақ елін рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан осы Тәуелсіздік еді. Енді бүгін әлем таныған алпауыт елге айналдық. Тәуелсіздік тірегі – Мемлекеттік тіл. Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заманымыз – жазу зманы: жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сол себепті сөйлей білу қандай қажетті болса, жаза білу қажеттілігі оданда артық» екенін айтқан. Латын әліпбиіне көшу – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһандануының негізі.

Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу – еліміздің өркендеуі, жаңғыруы үшін үлкен рухани өзгеріс. Латын әліпбиін енгізу – халқымыздың білім, өнер, мәдениет, экономика салаларының дамуына үлкен серпіліс әкелетін дара жол. Бұл жолда латын әліпбиіне көшу – тиімді әрекет. Мұндай әрекет қазақ халқының болашағы, Отанымыздың өркендеуі үшін жасалып отырған қадам, ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға, ұлтымыздың санасын бұғаудан босатыуа, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

Қазір ХХІ ғасырда әлемнің 21 елi латын әліпбиін қолданады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Мұндай үлкен мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз және ел болып, мемлекет болып ат салысуымыз керек. Бұл бір адам немесе бір ұйымның мәселесі емес – жалпы ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті [1].

Еліміздің лaтын әлiпбиiне көшуi ұлтымыз, халқымыз, болашағымыз үшiн жасалған мaңызды қaдaмдaрдың бiрi. Ұлы Дaлa елiнiң тaрихынa көз жүгіртсек, бірінші бaйлығы – жер, екiншiсi – тiл, үшiншiсi – мемлекет және оның тaрихы болуы керектігі aйқындaлaды.

Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенiң ең қуаттысы – тiлi» деген. Алаш қайраткерлерi де латын әлiпбиiн жазу – сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әлiпбиi әлемде кеңiнен қолданылады. Латын әлiпбиiнің шығу тарихына тоқталсақ, б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиiнiң тармағы ретiнде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әлiпбиi Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазiргi латын әлiпбиiнде 25 әріп бар. [2].

Жаңа мың жылдыққа ұлы мұратпен қадам басқан еліміздің рухани жаңаруының бастауы – латын әліпбиінде жатыр. Латынға ауысу қазақ тілінің дамуына, халықаралық мәдени – рухани және экономикалық байланыстардың нығаюына және ІТ – технологиялардың дамуына үлкен жағдай жасайды. Нақты және жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық ғалымдардың озық еңбектері дәл осы латын қарпімен жазылған.

Қазіргі заманда латын тілі ғылым мен техниканың тілі. Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Қазіргі заман талабына сай барлық құжат цифирландырып жаңа терминдер енгізілуде, мұның бәрі латын әліпбиімен жазылған. Латын әрпі бүкіл әлемнің қатынас белгісі болып отыр. Демек, дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әліпбиіне көшу озық инновациялар мен технологияларға бір табан жақындатып, өркениетті елдермен байланысымызды жақсартып, экономикасы дамыған елдің қатарынан орын алу ісіне, мемлекеттік тілдің ұлттық бет-беделін сақтап қалуға оң әсерін тигізеді.

Латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытты. Сондай – ақ графизация заңдылықтары әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазу талаптарына сай келуін қажет етеді. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған қағидаларға қайта келу керектігін еріксіз мойындағандықтан да әліпбиді өзгертіп отыр. Ертең латыншаға өткен кезде Ахмет Байтұрсынұлы ұстанған қағидаларды басшылыққа аламыз. [3].

А.Байтұрсынұлы Кеңес үкіметінің «араб жазуынан айыру арқылы тұтас бір халыққа өткенін ұмыттырып, ұлттық игіліктерді саналарынан өшіру» әрекетін жасап отырғанын жақсы түсінді. Ал латын жазуынан орыс жазуына көшу мәселесі «Алаш көсемдерінің», «ұлттың қамын ойлаған ұлы тұлғалардың» көзін біржола құртқаннан кейін, яғни 1937 жылдары қайта көтеріле бастайды. Бұл кезде ұлт болашағы үшін жанын берген азаматтардың барлығының «көзі жойылғандықтан» қарсылық көрсетер зиялы қауымның болмауы себепті, орыс жазуын «халықтың сұрауы бойынша» деген сылтаумен еш қиындықсыз қабылдата салады. [4]

Сөз соңында Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп – өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілі жоғалмайды. «Бүкіл әлемдік тәжірибе осы біздің таңдауымыздың дұрыс екенін дәлдеп отыр. Латын әліпбиі – жаһандық коммуникация мен ақпарат қайнар көзіне айналды. Бауырлас Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерін айтпағанның өзінде, төл әліпбилері бар Жапония, Қытай сияқты алпауыт мемлекеттер латын графикасындағы әліпбидің қосымша нұсқасын енгізіп отыр. Осының өзі көп нәрсені аңғартса керек». Қазақстанның әлемдік қарым – қатынасын одан әрі нығайта түсетін маңызды құрал екеніне сенімім мол.

Латын әліпбиіне көшу тілімізге енген кірме сөздерден, әріптерден, халықты мәңгүрттендіру үшін отарлау саясатын жүргізу барысындағы тәуелділіктен арылудың бірден – бір жолы. Бұл ретте елді өркениетке жеткізу жолында барша ел болып жұмылып, ұлттық бірлікті сақтай отырып, діттеген мақсатқа сенімді қадам басу керек деп ойлаймын. Тәуелсіз елде, кең – байтақ жерде өз Отанын мекен етіп, ана тілінде сөйлеп, дінін, тілін сақтап отырған ұйыған ұлтымыз жаңа әліпбимен жаңа белестерді бағындырады деген сенімдемін. Тәуелсіз Қазақстанның тағдыры, болашағы жастардың қолында. Жас ұрпақтың болашағы жарқын болсын!


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы / 14 желтоқсан 2012 ж. /http://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs.

2. Қазақстан. Ұлттық энцклопедия /Бас ред. Б. Аяған. –Алматы. 2004 ж –238

3. Гүлфар МАМЫРБЕКОВА, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл тарихы және диалектология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты http://anatili.kazgazeta.kz/?p=10394

4. (Bazarbayev Z. //https://www.qazaquni.kz).





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі