400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін құру мәселесі қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. Бүгінгі жастар мен келер ұрпаққа тіл тазалығын сақтайтын, сауатты әліпби ұсыну қазіргі таңдағы тіл мамандарының алға қойған басты міндеттерінің бірі екені сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№5 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каржасова Айзат Сериковна

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін құру мәселесі қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. Бүгінгі жастар мен келер ұрпаққа тіл тазалығын сақтайтын, сауатты әліпби ұсыну қазіргі таңдағы тіл мамандарының алға қойған басты міндеттерінің бірі екені сөзсіз. Осы мәселе тұрғысында қазіргі таңда көптеген жұмыстар жасалып, көпшіліктің талқылауына ұсынылып жатқанынына көз жеткізіп отырмыз.

Кез-келген жаңашылдыққа көшу барысында қиыншылықтардың болатыны белгілі. Бүгінгі таңда қазақ әліпбиін латын графикасы негізінде жасау жұмыстары ауқымды көлемде жүргізіліп жатыр. Әр басталған іске сын да, пікір де, ұсыныс та көп болары анық. Ғалымдардың бірнеше зерттеуінен өтіп, бірнеше талқылауға түскен көлемді жұмыстар әлі де жалғасып келеді. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру тек таңбалардың өзгеруі ғана емес, сонымен бірге өз ұлтымыздың ұлттығын көрсететін, табиғи тілдік тазалығын, тіл байлығын жеткізе алатын әліпби құру мәселесі ғалымдар мен тіл мамандарының алдында тұрған жауапты іс екені баршаға аян.

Айта кетсек, бұл істің бастамасы ретінде А.Байтұрсынұлы институтының тіл мамандары өздерінің латын әліпбиі негізінде жасаған бірнеше жобаларын ұсынды. Осының негізінде саулнамалар таратылып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ұсынылған жобалар бойынша, қай жобаның қолданысқа жеңіл, талапқа сай келетіндігі талқыланып, сарапқа салынды. Талқылау негізінде көпшілік диграфпен жазу қиыншылықтарын, сөздерді жазу барысында қиыншылықтар тудыратыны сияқты бірқатар мәселелер анықталды. Латын графикасына кезеңмен көшіру шараларының 2025 жылға диінгі жоспары құрылып, көптеген жұмыс топтары құрылды. Жаңа әліпбиді көпшілікке таныстыру барысында да көптеген іс-шаралар жүзеге асып келеді. Олардың қатарында әртүрлі түсіндіру жұмыстары, бейнеблоктар, көрнекі ақпарат өнімдері, әртүрлі талқылау жұмыстарын жатқызуға болады. Қазірдің өзінде Қазақстанның әр өңірінде қазақ әліпбиін түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Мұндай жаңашылдықтан мектептің мұғалімдері мен оқушылары да қалыс қалып жатқан жоқ . Оқушыларды және әріптестерімізді жаңа әліпбимен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын өткізіп, жалпыхалықтық диктант жазу шараларына белсене қатысып келеді. Диктант жазу барысында тіл үйренушілерге қалыптасқан кириллицадан жаңа әліпбиге көшу барысында әріптердің таңбалануындағы енгізілген жаңашылдықтарға үйрену қиындық тудырды және ағылшын тілінің жазылу, оқылу барысындағы өзгешеліктер де оқушылардың кейбір әріптерді алмастырып алуына негіз болды. Бірақ бұл уақыт еншісіндегі қиындықтар екені белгілі. Бірнеше рет жазып жаттыққан оқушы кейін қиналмай жазып, қалыптасып кететініне күмән жоқ. Сонымен қатар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бүгінде қолданысқа енгізіліп жатқанын да аңғарып отырмыз. Оның қатарында көше, мекеме т.б атаулардың жаңа әліпбимен жазылып жатқандығын атап өтуге болады. Бүгінгі жас буын өкілдері бұл жаңа заман талабы екенін сезініп, оған қолдау көрсетеді деген сеніміміз мол. Ол үшін төзімділік пен білуге деген құштарлықтың керек екені сөзсіз.

Болашақ ұрпақтың сауаттылығы, болашақта бәсекелестікке әлемдік деңгейде ат салыса алатындай дәрежеде болуы біздің тіл мамандарының алға қойған мақсаттардың бірі деп ойлаймын. Бүгінгі күнгі әртүрлі тілдерді меңгерген талапты жастардың заманында қазақ тілінің өз дәрежесінде құндылығын жоғалтпай жеткізе алатын әліпбиіміздің болатынына үлкен сеніммен қараймыз. Әрбір тіл жанашырының бұл салада өзіндік пікірін білдіріп, ойымен бөлісіп отыруы да құнды деп ойлаймын. Болашақта ұлттың ұлылығын дәріптеп, жаңашылдыққа жетелеп, балаларымыздың алдыңғы қатарлы елдердің балалармен тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік туғызатындай әліпбиіміз болса, бұл болашаққа жасаған үлкен қадамдардың бірі болатыны даусыз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі