400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Латын қаріпі - рухани дамудың бастауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын қаріпі жайлы сөз қозғамас бұрын ненің егізінде жұмыс істеп жатқанымызды біліп алған маңыздырақ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім

басқармасының"Қостанай қаласы

білім бөлімінің №16 жалпы білім

беретін мектебі" КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері

Нуркина Батима Ауезхановна,

Ахметова Тулебике Ауезхановна.


Латын қаріпі - рухани дамудың бастауы

Латын қаріпі жайлы сөз қозғамас бұрын ненің егізінде жұмыс істеп жатқанымызды біліп алған маңыздырақ.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Еліміздің латын әліпбиіне көшу – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі» деп айтқаннан кейін, шегелеп берген шешімді атқармасқа амал бар ма десек те болар еді. Бірақ, латын қаріпі еліміздің, балаларымыздың болашағы үшін олардың рухани дамуы үшін керек дүниенің бірі екені қазіргі тілмен айтқанда көзі ашық қырағы елдің санасына жеткен сияқты.

Еліміз аты аталып, түсі түстеліп мына қаріптермен жазатын болдық деген соңғы шешімді әлі шығармағанмен түсіндіру, жұмыстары мен әріптерді қайта қарау жолдары ғалымдардың құзырында қайнап жатқан іс шараның бірі екені айтпай-ақ та белігілі.

Латын қаріпі бойынша түсіндіру жұмастары білім саласы мен қатар бір қатар әлеуметтік маңызды нысандарда да алға қойған шаралардың бірі болып отыр.

Латын қаріпі туралы түсіндіру жұмыстары орта жас пен орта жастан асқан адамдар арасында түсіндіруді күшейтсек, жастар жағы бұл істі іліп әкететіні сөзсіз. Себебі, латын қаріпінің көп әріптері ағылшынға сәйкес келеді. Оқылу жағынан аса қиындық тудырады деп ойламаймыз. Негізі латын қаріпіне көшіп алсақ, туыстар елдердің ғылыми жаңалықтарымен, қажет ақпараттарды тікелей аудармасыз оқуға зор мүмкіндік болар еді.

Беріге оралар болсақ, мектебімізде латын қаріпіне қатысты жоспарланған іс-шаралар өз деңгейінде өтіп жатыр. Жоғары сынып оқушыларымен диктант, мұғалімдер арасында уақытша енгізілген қаріптерді талқылау жөнінде дөңгелек үстел, қалалық, облыстық форум конференцияларға қатысу сияқты тағы басқа шаралар өз жемісін беріп те келе жатқан тәрізді.

Сөз соңында, еліміздің рухани бірлігі жарасып, түбі бір түркі тілімен білім жарыстыратын заман болсын!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
226
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі