400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Мақала "Латын тілі- болашақтың тілі!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда қазақ қоғамында латын алфавитіне өту мәселесі қызу талқыланып жатыр. Өте дұрыс! Мұндай маңызды да өзекті мәселе әрине, осылайша қоғамның түрлі қатпарлары тарапынан оңды-солды талқылануға тиіс. Осының нәтижесінде қазақ елі ұтымды бір шешімге келері сөзсіз
Материалдың қысқаша нұсқасы




Латын тілі- болашақтың тілі!


Бүгінгі таңда қазақ қоғамында латын алфавитіне өту мәселесі қызу талқыланып жатыр. Өте дұрыс! Мұндай маңызды да өзекті мәселе әрине, осылайша қоғамның түрлі қатпарлары тарапынан оңды-солды талқылануға тиіс. Осының нәтижесінде қазақ елі ұтымды бір шешімге келері сөзсіз

Ал, орыс тілін білген қазақтардың орыс тілінің төл әліпбиі кириллицамен жазылған қазақша кітаптарды қиналмай оқи беретіні анық. Сондықтан латынға өтсек, ұрпақтарымыз кириллицадағы рухани қазналарды қалай оқиды деп алаңдауға негіз жоқ. Тіпті латынға өткеннен кейін бұрын кириллицамен жазылған еңбектерді латынға көшіруге де қажет жоқ. Оларды қазақ және орыс тілдерін білген кез келген адам еркін оқи береді.

Ал, латынға көшу қазаққа не үшін қажет деген сұраққа келер болсақ:

Біріншіден, қазақ халқы славян текті халық емес, олай болса, славян текті халықтар ғана қолданатын әліпбиді қолдану ыңғайсыз. Сондықтан тәуелсіз Қазақ елі Кеңес Одағы кезінде қазақ халқының ықтиярынсыз таңылған бөгде халықтың әліпбинен арылатын кезі келді.

Екіншіден, қазақ халқы латынға көшу арқылы бүгінгі үстем мәдениеттердің кіші мәдениеттерді аждаһадай жұтып жатқан жаһандану дәуірінде өзінің ұлттық мәдениетін, тілін сақтауға септігін тигізеді. Өйткені қазақтар латынға көшу арқылы өзіне туысқан әзірбайжан, өзбек, түрік, түркімен сияқты елдермен бір әліпби жүйесіне өткен болады. Сөйтіп, туысқан елдер бір-біріне селбесіп жаһандану дәуірінің мәдени қауіп қатерлеріне қарсы бірге табан тірей алады.

Үшіншіден, латын әріптері бүгінгі таңда технология мен компютерге ең ынғайлы әріп жүйесі. Бұдан да ұтарымыз көп.

Латынға көшу шешімі алынған жағдайда байқайтын маңызды мәселе - қай жүйеде көшу мәселесі. Мұнда жалпы айтқанда үш жүйе айтылуда:

Біреулер ағылшын тіліндегі нұсқасына сол күйінде өтейік, екінші біреулер түрік тілінің толықтырылған нұсқасын алайық, ал үшінші біреулер болса, латында қазақ тілінде жоқ дыбыстарға жаңа таңба табайық немесе сол дыбыстарды қос әріптермен бейнелейік дейді.

Сонымен, сөзімізді қорытар болсақ, латын әріптеріне көшу тәуелсіздігіне 27 жылдан астам уақыт өткен және халықаралық қауымдастықта беделді орынға ие болған Қазақстанның рухани саладағы тәуелсіздігін айғақтайтын шара болып табылады. Ол сонымен қатар, әлемнің технологияда үздік дамыған елдері және туысқан түркі халықтарымен етене араласуына мол мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл шара Қазақстанның бүгінгі даму үрдісінің рухани саладағы жалғасы болып табылады. Сондай-ақ ол тәуелсіздікті, әсіресе мәдени саладағы тәуелсіздікті бекемдей түседі. Сондықтан Қазақстан латынға неғұрлым тезірек көшсе, соғырлым ұтымды болмақ.

Ибрашева Гүлайхан Рақымжанқызы

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 4 орта мектебі» ММ,

   Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі