400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Лексиканы танымдық ойындар арқылы талдау жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті шығармаларын лексикалық талдау тапсырмаларын танымдық ойындар арқылы ұйымдастыру лексиа тарауын оқушыларға тиімді әрі нәтижелі меңгертудің бірден-бір жолы. Мысалы, Абай немесе Мұхтар Шахановтың белгілі бір орташа немесе қысқа көлемдегі шығармасын алып, синонимдік таңлдау жасау. Шығармадағы синоним сөздерді табу, олардың қолдану жиілігін жазу. Әсіресе, оқушыларға сол кезде қазақ әдебиеті пәнінен өтіп жатқан ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді беру арқылы бір оқпен екі қоянды атуға болады. Синонимдік талдаудан басқа, Абай шығармаларындағы антонимдік мысалдарды жазу, фразеологизмдерді теріп жазу және мағынасын тауып, іздену сынды тапсырмалар бір жағынан қызықты әрі шығармашылық тұрғыда белсенділікті дамытатын болса, екінші жағынан пәнаралық байланыстажалпы білімнің толығуын қамтамасыз етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лексиканы танымдық ойындар арқылы талдау жолдары


Утербаева Айбиби Жангабиловна

№9 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы


Қазақ әдебиеті шығармаларын лексикалық талдау тапсырмаларын танымдық ойындар арқылы ұйымдастыру лексиа тарауын оқушыларға тиімді әрі нәтижелі меңгертудің бірден-бір жолы. Мысалы, Абай немесе Мұхтар Шахановтың белгілі бір орташа немесе қысқа көлемдегі шығармасын алып, синонимдік таңлдау жасау. Шығармадағы синоним сөздерді табу, олардың қолдану жиілігін жазу. Әсіресе, оқушыларға сол кезде қазақ әдебиеті пәнінен өтіп жатқан ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді беру арқылы бір оқпен екі қоянды атуға болады. Синонимдік талдаудан басқа, Абай шығармаларындағы антонимдік мысалдарды жазу, фразеологизмдерді теріп жазу және мағынасын тауып, іздену сынды тапсырмалар бір жағынан қызықты әрі шығармашылық тұрғыда белсенділікті дамытатын болса, екінші жағынан пәнаралық байланыстажалпы білімнің толығуын қамтамасыз етеді.

Неологизмдр мен архаизмдерді қолданып ситуациялық көріністер дайындату да танымдық ойындардың бір түрі болып табылады. Архаизмдердің белгілі бір санын пайдалану арқылы ерте кездегі тұрмыстық-саяси немесе тарихи жағдайлардан көрініс дайындауға тапсырмалар беруге болады. Мысалы, «уәзір», «кебеже» сынды 17-18 ғасырларда кең тараған сөздерді беріп, билер отырысына көрініс жасап келу. Бұл жерде оқушылар сөздердің мағынасын ізденіп ғана қоймай, олардың кезінде қандай маңызда болғандығын түсіне алады. Дәл осылай неологзимдерге де ситуациялық диалогтар дайындау өте жақсы тапсырма болып табылады. Кәдімгі өмірдегі, күнделікті тұрмыстағы мысалдардан да тапсырмалар беруге болады.

Диалектілер мен омонимдерге байланысты оқушылар жеке өздерінің кішігірім зерттеулерін жүргізуіне оқытушы жағдай жасап, бағыт беруіне болады. Мысалы, кейбір облыстарға ғана тән диалектілердің шығу тарихы, диалектінің орта мен қоғамның әсерінен дамуы, өзгеруі, даңаруы туралы рефераттар немесе омонимдік қатарлардың танымал гығармаларда көрініс алуы туралы ойларын жазып келу сынды тапсырмалар оқугының ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін арттырып қана қоймай, қазақ тілін филологиялық тұрғыда тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай тақырыптарға материалдар ғаламтордан табу оңай емес боғландықтан, оқушының шынымен де зерттеу жүргізетініне, өзінің ғана ойын сипаттайтынына сенуге болады.

Лексика (грек. лексикос — «сөздік») — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің лексикасы, жазба тіл лексикасы деп бөлінеді. Оқытушылардың мақсаты екі лексиканы да оқушыларға үйрету, екі лексиканы да пайдалана білуге баулу болып табылады.

Бейтарап лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу лексикасы жатады. Жазба тіл лексикасына көне дәуір кітаби лексикасы мен қазіргі кітаби лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Жалпы лексика атауы тілдің «сөз байлығы» деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мысалы, Абай тілінің лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің лексикасы, батырлар жырының лексикасы, т.б. Сондықтан лексика тарауында қазақ әдебиеті пәнімен байланысы өте доғары болғандықтан, танымдық ойындар мен тапсырмаларда қазақ әдебиетінің атақты шығармалары мен ақын-жазушыларына жиі сілтеме жасап отырамыз.

Танымдық ойындар міндетті түрде көрнекі құралдармен өтетін топпен ойналатын сабақ түрі емес. Мұнда дәстүрлі емес жолмен материалды меңгеруге араналған педагогикалық тәсілдерді айтамыз.

Жалпы жоғарыда айтылып кеткен танымдық ойындардан басқа, өзге де жылдам ұйымдастырылатын, бағалауға жеңіл танымдық ойындарды ұсына кетсек.

  • «Сөз әлеміне саяхат»

Бірнеше бір-біріне байланысы жоқ сөздерді бере отырып, оқушыларға өз фантазиясына сай мәтін немесе тіпті оқиға желісін құрау тапсырмасы.

  • «Тура және ауыспалы мағына»

Екі топқа бөлінген оқушылардың біреуі сөздің тура мағынасында әңгіме/сөйлем/мәтін айтса, екінші топ оны ауыспалы мағынаға бұрып сөйлеуі тиіс.

  • «Омонимдер дегеніміз не?»

Екі немесе үш топқа бөлініп омонимдер айтып жарысу.

  • «Табу сөздер»

Табу сөздердің күнделікті өмірде қолданылатын мысалдарын жинау.

  • «Эвфемизм және дисфемизм»

  • Қазақ әдебиеті шығармаларынан дисфемизм сөздерді тауып, жанына эвфемиздерін табу.

  • «Тұрақты тіркестер»

Тұрақты тіркестердің мән-мағынасын ашып ұпай жинау.

  • «Мақал – мәтелдер»

Әсіресе, мағынасы терең мәтелдердің мәнін ашатын көріністер дайындау.

Сонымен қатар, көнерген сөздер, кірме сөздерге байланысты көріністер тапсырмаларын ойластыруға болады. Ең жақсы танымдық ойындардың бірі ретінде терминдер тақырыбын меңшеруге арналған ойынды айтуға болады.
Мысалы, оқушы журналисттің кейпіне кіріп, терминдерді қолдану арқылы сөйлеу керек немесе дәрігер образында емдеу саласындағы терминдермен сөйлеп көрініс қою, монолог оқу және топтағы оқушылармен бірге диалог құрастыруды алуға болады. Басты мақсат барынша сол саладағы термин сөздерді көбірек пайдалану болып табылады.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Нұрмағамбетов Ә. Сөз сырына саяхат. – Алматы: Жалын, 1990. – 128 б.

  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия. Бас редактор Ә. Нысанбаев. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл.

  3. Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2001ж.

  4. Б.Айғабылова «Лексиканы оқыту әдістемесі» Алматы, 1968 ж.

  5. Қалниязова А. Жаңа технологияның қазақ тілінде алатын орны. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2002 ж. №12








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі