400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: «ЛОГИКА ЛАБОРАТОРИЯСЫ: ОЙЛАН. ШЕШ. ДАҒДЫЛАН»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын, зеректігін, талдау қабілетін дамытуға бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ЛОГИКА ЛАБОРАТОРИЯСЫ: ОЙЛАН. ШЕШ. ДАҒДЫЛАН» АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ


Авторы: Зорбаева Дина Максудовна, бастауыш сынып мұғалімі


Қазіргі таңда білім беру үдерісі оқушының шығармашылық, логикалық және функционалдық дағдыларын дамытуға бағытталуда. Осы бағытта жасалған авторлық бағдарламалардың маңызы зор. Солардың бірі – «Логика лабораториясы: Ойлан. Шеш. Дағдылан» атты авторлық курс бағдарламасы.

Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын, зеректігін, талдау қабілетін дамытуға бағытталған. Бағдарлама 4-сынып оқушыларына арналған, жалпы 34 сағатқа негізделген. Жас ерекшеліктері ескеріліп, өмірмен ұштастырылған, қызықты логикалық тапсырмалар мен жаттығулар топтамасы арқылы оқушының интеллектуалдық әлеуетін арттыру көзделген.

Бағдарлама мазмұнына логикалық есептер, комбинаторика элементтері, сандар мен фигуралармен жұмыс, графикалық тапсырмалар және ұлттық құндылықтарға негізделген танымдық есептер енгізілген. Бұл оқушылардың шығармашылықпен ойлауын дамытуға, қоршаған ортаны зерделеу қабілетін жетілдіруге ықпал етеді. Оқыту үдерісі бірнеше кезеңнен тұрады:

– Қызығушылықты ояту;

– Жаңа білімді меңгеру және қолдану;

– Білімді бекіту, рефлексия жасау.

Бағалаудың қалыптастырушы, өзара және жиынтық түрлері арқылы оқушының жеке жетістігі анықталып отырады. Сонымен қатар, оқытуда АКТ құралдары, ойын әдістері, жұптық және топтық жұмыстар тиімді қолданылады.

Бағдарламаның ерекшелігі – оқушыны тек есеп шығаруға үйретіп қоймай, шешімін негіздеуге, логикалық дәлел келтіруге, өз көзқарасын айтуға тәрбиелеуінде. Яғни, бұл бағдарлама – білім берудің жаңа сапасына көшу жолындағы тиімді әдістемелік бастама.

Қорытындылай келе, «Логика лабораториясы» – оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың, ойлау мәдениетін қалыптастырудың және білімге қызығушылығын арттырудың тиімді құралы. Бағдарламаны білім беру ұйымдарында кеңінен қолдану бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік әлеуетін арттыруға сеп болары сөзсіз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
186
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі