400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала "Мамандығым -мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекші үшін оқушыларға кәсіптік бағдар беруге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мамандығым-мақтанышым»

Ақырын жүріп ,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

А.Құнанбаев

Өмірдегі көп мамандықтың ішінде жан-жақты білімділікті,икемділікті, өте шеберлікті,ерекше балаға деген сүйіспеншілікті қажет ететін мамандықтың бірі-мұғалімдік.Олай дейтінім мұғалім еңбегі, біріншіден,адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса,екіншіден, ол үнемі оқушы-шәкірттермен қарым-қатынаста болып,білсем,үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді өз мойнына алатын маман.

Бала кезімізден ата-аналарымыздың бойымызға сіңдірген ұстазды қадірлеу,оған деген үлкен құрметтің болу керектігі-осы мамандыққа деген бала көңіліміздің,үлкен арманымыздың қазіргі күнде шындыққа айналуына себепкер болған сияқты.Бала кезімізде достарымызбен жиналып ойындар ойнаған кездерімізде де ,біріміз мұғалім болып, сабақтағы ұстаздарымыздың айтқанын қайталап,сол бір ұлағатты жандарға ұқсауға тырысатынымыз анық.

Бүгін де осы ұстаздық мамандықта еңбек еткеніме 36 жыл.Мамандығым-математика пәнінің мұғалімі.Еліміздің болашақ кірпіші-жас ұрпаққа білім, тәлім тәрбие беруде еңбек ете жүріп,осыншама уақыттың қалай өте шыққанын байқамай да қалыппыз. Мұғалім алдынан бір-біріне ұқсамайтын,әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, өзгешеліктері бар мыңдаған шәкірттер өтеді.Сондықтан мұғалім үшін әр баланың жан дүниесін танып білу, оны жеке тұлға етіп қалыптастыру,ел болашағының мүсіншісі болу міндеттері жүктелген.Осындай күрделі

де , қиын жауапкершілікті арқалау ,менің осы мамандыққа деген сүіспеншілігімді одан әрі шыңдай түсті.Өз пәніме қатысты үнемі білімімді жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігімді арттырумен қатар, педагогикалық – психологиялық өремді үнемі өсіріп отыруға тура келді.Онсыз ұстаз оқушының дарынын,қабілетін,қызығушылықтарын,ішкі қажеттіктіліктерін сезінбеуі де мүмкін.Бұдан шәкірттерге берген білім мен тәрбиенің мазмұны да болмай, еңбегіңнің зая кеткені . Осының бәрі ұрпақ алдындағы жауапты істің ата-анадан кейін,ұстазға жүктелері анық.Осы тұста ұлы ақынымыз Абайдың «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым, ар ,мінез деген нәрселермен озады.Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық». Ұлы Абай өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде адам бойында қалыптасатын ең қасиетті нәрселердің бірі парасаттылыққа бірнеше рет қайталап оралады. «Парасаттылықтың мәні-ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек,білім,оның ішкі нәрі,сыртқы шырайы және әрі» деген болатын.Ал осы қасиеттердің қай-қайсысын да санасына сіңіріп,бойына ұялата алған адам ғана тұлға деңгейіне көтеріле алады.Болашақ ұрпағымызға осыларды бере алсақ, ұстаздық еңбегіміздің зая кетпегені деп ойлаймын.Міне,сондықтан да барлық өмірімізді ұстаздық етуге арнадық.

Қандай мамандық болса да ,оның әрқайсысының өзіндік қиындығы болары анық.Әсіресе, қазіргі таңда ұстаз мамандығының қиындығына шыдамай,бұл салада еңбек етуге тілек білдірушілердің аз болатындығы қынжылтады.Мұндайларға айтар едім: өз ісіңді сүйіспеншілікпен атқарсаң, алынбайтын қамал болмайтынын.Бұл жолда әрине аянбай,тер төгіп еңбек ету керек.Табанды еңбек,ол әрине нәтижесін береді.

Бүгінде еліміздің әр түрлі саласында еңбек етіп жүрген шәкірттеріңді көргенде, кеудеңде «менің шәкірттерім-менің мақтаныштарым» деген сезіміңді жасыра алмайсың.Соларды көріп марқаясың,бір жасап қаласың.Өмірде осы мамандықты таңдағаныңды үлкен мақтанышпен айта аласың.Мейлі ақын,мейлі ғалым ,мейлі атақты әнші болса да осы бір мамандық иесінің алдынан білім-тәрбие алады.Ұстаз қалаған білім, тәрбие әркімнің болашақ азығы ,алдағы өмірінің негізі.Мамандығым-мақтанышым деп осыны айтпаймыз ба?!

Мамандығым-мақтанышым әрқашан,

Қиын ғой математика пәні байқасаң.

Сол пәнді үйретем деп жас ұрпаққа,

Өтіпті 36 жылым мен санасам.

Еңбегімнің жемісі ол- шәкірттер,

Ұстаз еңбегін білген ғана дәріптер.

Атақ-мансап мен үшін керек емес,

Болса деймін еңбегімді ел құрметтер.

Ауылда өскен қазақтың баласымын,

Тек өз балаларымның ғана емес,барлығының анасымын.

Шәкірттерім ақыл сұрар ұстаз-данасымын,

Көрсем деймін солардың шыққан дара шыңын.

Асқарова Бейбітгүл Мәмиқызы- ШҚО,Өскемен қаласы

Шәкәрім атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі