Мамандығым –
мақтанышым
(Эссе)
Иманжанов Айбек
Ерікұлы.
Талдықорған өнеркәсіптік
индустрия және
жаңа технологиялар
колледжінің физика пәнінің оқытушысы.
Әсемпаз болма
әрнеге,
Өнерпаз болсаң
арқалан.
Сенде бір кірпіш
дүниеге,
Кетігін тап та,бар
қалан.
Абай
Тегінде армансыз адам
болмайды, ал ол арманның жүзеге асуы,көпшілігінде, адамның өзіне
байланысты екені де шындық. Менде бала болдым,өскенде кім болам
деген бала қиял мені де алысқа,биіктерге жетелегені де анық. Ауылда
өсіп, ауыл мектебінен білім алғаным,ондағы ұстаздар еңбегінің
маңызды да қажет екенін түсініп өскенім,менің келешектегі кәсібіме
барар жолды бағдарлап бергендей болды. Албырт бала көңілім осы
мұғалім ағайларым мен апайларымдай болсам деген асқақ ойды алға
тоса берген еді. Мен Көксу ауданы Мұсабек ауылында 1992 жылы дүние
есігін аттадым. Ұлттық тәрбие қаныма сіңген ауыл адамдары бала
тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отыратын. Үлкендерді сыйлап, оларға
бір титтей қолғабыс жасап, көмек көрсетсең: “Балам көп рахмет
мұғалім бол!” деп бата беріп жататыны, оған біз кәдімгідей мәз
болып, бір арманымыз орындалып жатқандай мамыражай күн кешетінбіз.
Содан да болар, менің өскенде мұғалім болам деген ойым бекіп, соған
бейімделе бастағандай болып жүретінмін. Ұстаздан артық, одан
білімді, одан маңызды адам болмайтындай, ертең өзімде мұғалім болам
деген балапан ойларым қанаттана түсетіндей болушы еді. Абай
атамыздың ұстаздық кәсіп туралы жазған өлең-жырларын, біртүрлі
шабыттана, құмартып оқып жүрдім, тезірек өсіп жетілуге
асықтым.
Ертеңгі күнге деген үміт,
болашаққа деген сенім мені 2009 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық
Педагогикалық Университетіне алып келді. Талапты ерге нұр жауар
деген осы емеспе, осы қазақ білімінің қара шаңырағындағы физика
мамандығы бойынша оқуға қабылдандым. Университет қабырғасында
жүріп, ұстаздық кәсіптің қыр-сырына әбден қанықандай болдым.
Педагогикалық қызметтің беймәлім жақтарына көз жеткіздім. Осының
барі менің мамандық таңдағанымның дұрыстығын дәлелдегендей болды.
Осы оқу орнын ойдағыдай бітіріп, қолыма дипломым тигенде жас
баладай қуанғаным тағы рас. Көп жылғы арманыма жақындай түскенім
мені қанаттандырып жіберді. 2013 жыл мен үшін өте бір қуанышты жыл
болды. Өйткені, мен Талдықорған қаласындағы Өнеркәсіптік индустрия
және жаңа технологиялар колледжіне физика пәнінің оқытушысы болып
орналастым. Мен ұстазбын! Ендігі менің бар ойым осы мұғалім деген
атқа кір түсірмей, қайтсем қатардан қалмай қызмет істеп, өзімді
көрсете білсем деген ниет еді. Бала күннен бергі арманым іске
асқандай болған соң, мен жұмысқа құлшына кірістім. Колледждің сан
қилы тыныс-тіршілігіне араластымда кеттім. Өзің ұнатып, жүрегің
қалаған істің нәтижесі сөзсіз болатыны расемес пе. Шүкір, жұмысым
алға басып, біртіндеп көзге түсе бастадым. Тәжірибелі педагогтардан
тәлім алып, университетте алған теориялық білімдерімді іс жүзіне
дұрыс пайдалана бастадым. Осы күнгі жастық жігерімді,
күш-қайратымды мүмкіндігінше жұмсай отырып, заманауи талаптардың
деңгейінен шығуға тырыстым. Талапты жастың қабілетін, дарын
деңгейін байқаған колледж басшылары енді мені техник-механик
мамандығы бойынша оқып жатқан 103 топтың кураторы етіп
бекітті,солай сенім көрсетті. Әрине, жаңадан оқу бітіріп келген жас
маманға бірден бәрін меңгеріп кету оңайға соқпайтыны анық. Мұны
менде бастан кешірдім. Талай кемшіліктер болған, қателіктерде
кездесті. Бірақ оған мен кейбіреулер сияқты ұнжырғам түсіп, салым
суға кеткен жоқ. Іздендім, білікті ұстаздардан ақыл кеңес алдым,
көптеген әдістемелік әдебиеттерді оқыдым. Маған,әсіресе, көп пайда
бергені бірнеше рет біліктілікті көтеру курстарынан өткенім еді.
Физика пәнінен сабақ беруді белгілі педагог-ғалымдардың әдістемесі
бойынша жүргізуге бағыттадым. Білімалушылардың сабақ үлгерімі
көтеріліп, колледж бойынша алдыңғы қатардан көріне бастады.
Білімалушылармен тіл табысу да көп еңбекті керек етеді. Сол
себептенде кәсібімнің қажеттілігін ескеріп, мамандығымды үнемі
жетілдірумен болдым. Осы колледжде істеген азды көпті сегіз жыл
ішінде мен өзің сүйіп істеген мамандықтан нәтиже шығатынын, табысқа
жетуге болатынын шын ұққандай болдым. Осыдан болар колледж
басшылығынан, жоғарғы орындардан, қоғамдық ұйымдар мен мекемелерден
алған алғыстарыммен марапатарымда жетерлік. Бірақ маған ең
қажеттісі еліміздің ертеңін орнататын өскелең ұрпақтың бір кәдесіне
жарау. Оған менің мамандығым жол ашқандай. Мен мамандығымды
ардақтаймын, оның келешегіне сенемін. Өйткені ұзтаздық мамандық
менің мақтанышым!!!