400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Мәңгілік ел- менің елім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің елім- мәңгілік ел!

Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов сияқты тума - талант дарабоздары қазақ екені ұлы мәртебе емес пе?... Алты алаштың азулы зияткерлері - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Шәкәрім Құдайбердиев, Тұрар Рысқұлов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды атышулы арыстар қазақтың жақұт - гаухары екенін мақтан тұтамын.
Адамзаттың ұлы да даналары,
Болған еді 37 - нің құрбандары.
Халық жауы атанып атты бәрін,
Ел үмітін ақтаған жанаттары.
Тебірентіп, толғанып, мен жырлаймын,
Өтті ғой талайлардың тарландары.
Өзді - өзі балта шауып басына,
Құртып алды қазақтың алаштарын.
Бейімбет, Сәкен, Ілияс,
Мағжанда бар қиғаш қас.
Жер жүзіне паш етер,
Қазақ деген ұлы жас.
Аталардың рухына,
Тағзым еттім иіп бас.
Қазақтың қос жұлдызы Мәншүк пен Әлия да қазақ қыздарына үлгі боларлықтай ерен ерліктерін паш етті. Менің өз ойымнан жазып отырған, бұл туындым қазақ халқының иненің көзіндей бір бөлшегі екені құба – құп. Егер де Желтоқсан оқиғасы болмағанда ше?.... Ызғарлы сол бір желтоқсанның аш бөрідей азулы араны айбат шекпегенде, жабулы қазан жабулы күй кешпесі даусыз еді. Егеменді ел деп, соғады жүрегі дүрсілдеп, қазақ жастары келеді, алаңға үймелеп демекші, Желтоқсан жастарының қазақ халқына алып берген егемендігінің бастар бұлағының қайнар көзін ашып берді десек артық айтпаған болар едік. Осы бір тарихи шежіреден кейін, 1990 жылдар қазақ халқы үшін жаңа өмірдің құтты қадамы орнағандай іспеттес болды. 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін иемденіп, жеке шаңырақ көтеріп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды асыл тұлғаны Қазақстанның Тұңғыш Президенті етіп сайлады. Міне, осы егемендік алғаннан бері, Қазақстанның аты әлемге паш етті. Алтын қақпаның айқара ашылуы - бүкіл ғаламшардың назарына жол ашты. Киелі қазақ даласы құнды дүниенің, сарқылмас мол қазына байлықтың түп тамырына айналды. Қазақстан осыншама аз уақыттың ішінде әлем жұртшылығын өз өне бойындағы мінсіз қасиетімен баурап алды. Нұр - ағаның бастауымен іске асып, зор нәтижеге сарқылмас сарқыраманың суындай, міз бақпас жасыл нуындай, таусылмас кәусар бұлақтай бастау болатын игі істер тізбегі ұшан - теңіз. Елбасының елге сілтер ерен естілігінің оң орамы алып бәйтеректің жапырағының жайқалып өсуіне қазақ халқының үлесі ерен. Сондықтан да мен болашағы мол шексіз дария, келешегі кең, мөлдір бұлақтай, айнадай Алаштың азулы Қазақ азаматы болғаныма мақтан тұтамын! Ұлы елім - Қазағым мәңгі – мәңгі жасай берсін! Менің елім – мәңгілік ел екеніме сенемін! Қазағымның болашағы жарқын болсын! Біз қазақтың баласы, мақтан тұтар панасы, Нұр – ағаның бастауы, Нұрлы жолдың айнасы.

Қостанай қаласы

№122 орта мектебі

Турсумбаева Г.С.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
7836
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі