«Мәңгілік Ел» құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырудың жолы
Келесбаева Ш.К.
«Нұркен Әбдіров атындағы
жалпы білім беретін мектебі»
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары»-деп жазылған[1]. Ал мемлекет қызметінің түбегейлі қағидаттарның бірі- қазақстандық патриотизм болып табылады. Жаңартылған білім мазмұны аясында қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді «Мәңгілік Ел» құндылықтар жүйесі жаңа ББ МЖМС барлық білім деңгейлеріне енгізілген. Құндылықтар – адамның бағытына, оның әлеуметтік белсенділігінің мазмұнына, оның әлемге, өзіне және басқа адамдарға жалпы қатынасына айтарлықтай ықпал ететін көзқарастар мен сенімдер.Ұлттық идея –ұлттың тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептің маңызды міндеті өз бетінше ойлайтын, белсенді әрекет ететін, интеллектуалдық әлеуеті мен адамгершілік қағидаттары бар азаматтың жаңа үлгісін тәрбиелеу болып табылады. «Ұлттық идея» дегенде де біз тек қазақ халқының идеясы туралы емес, жалпы Қазақстан халықтарының идеясы туралы сөз болып отыр деп түсінуіміз қажет. Ұлттық идея – қазақ ұлтының және Қазақстан жерін мекендеген өзге ұлттық өкілдері қатысуымен жасалады.
2016 жылғы 26 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт «атты патриоттық акті қабылданды. Құжатта мемлекетіміздің дамуының негізгі құндылықтарын, Қазақстан халқының мүдделері мен тарихи тағдырының ортақтығын көрсететін жалпыұлттық идеяның жеті қағидаты ұсынылған[2]. Еліміздің Отaндық білім жүйесі бaсымдық елдердің қaтaрынa шықты. Сондықтан мұғалімдер үшін Елбасы атап өткен өте маңызды ойлардың бірі – адамды тәрбиелеумен және өскелең ұрпақ бойына «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде ортақ құндылықтар саналатын азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғұламалық және білімпаздық культін, «зайырлы ел – толерантты ел» идеологиясын қалыптастырумен байланысты. Ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды:
-
Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.
-
қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
-
зайырлы қоғам және жоғары руханият.
-
индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.
-
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
-
тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
-
еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Дәл осы құндылықтар бүгінде қазақстандық білім беру жүйесіндегі патриоттық және адамгершілік-рухани тәрбие мақсаттарына қол жеткізудегі негізгі бағдар болып табылады.
Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері мен іске асыру жолдары мемлекеттік нормативтік-құқықтық және әдістемелік құжаттарда, сондай-ақ орта, оның ішінде білім берудің барлық деңгейлеріндегі пәндер бойынша оқу бағдарламаларында көрсетілген[3].
Тұлғаны қалыптастыруда «Тарих» курсы зор маңызға ие. «Тарих» пәні арқылы оқушылар тарих таңы оқиғалармен танысып қана қоймай, Ұлы дала кеңістігінде қалыптасқан ұлттық құндылықтар, қазіргі қоғамның гуманистік идеяларын, демократиялық құндылықтарын игеруге, әлем мәдениетін түсініп білуге жетелейді. Пән мазмұны ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге, толеранттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Қазақстан тарихы» пәні «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, өз кезегінде ол, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қабылдайтын, адамдар құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және Отанының дамуына өзіндік үлес қосуды қалайтын тұлғаны тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырудың жолын көрсетіп өтейін:
|
Құндылық : Жалпыға бірдей еңбек қоғамы |
||
|
Мазмұны |
Мақсаты |
Оқу жаттығуы |
|
Құқық негіздері «Еңбек құқығы» 9-сынып |
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сүйене отырып, еңбек құқығы ұғымына түсінік беріп, еңбек шарттарын анықтау, құқықтық ахуалды талдап, жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру
|
Оқушылар мәселелік тапсырма орындайды: Темірғалиев деген автолік жөндеу цехының жұмыскері 2018 жылғы 16 мамырда әскер қатарына шақырылды. Оның орнына жұмысқа Атаманов деген азамат қабылданды. Әскер мерзімі аяқталуына байланысты үйіне қайтады. Темірғалиев зауытқа оралып, бұрынғы жұмыс орнына алуды талап етті. Әкімшілік Атаманов өз міндетін жақсы орындайтынын айтып, оның өтінішін қабылдамады. Әкімшіліктің бұрынғы жұмысына оралған Темірғалиевті жұмысқа алудан бас тартуы заңды ма? Бұл дауды қалай шешуге болады? |
|
Құндылық: Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы |
||
|
Дүниежүзі тарихы ХХ ғ. екінші жартысында қоғамның дамуы (9-сынып)
|
Мемлекеттің тарихи даму заңдылығын анықтау, тарихтағы жеке тұлғаның рөлін бағалау
|
Оқушылар халықаралық қарым-қатынас жүйесіндегі тәуелсіз Қазақстанның орны туралы мәселені зерделейді.
|
|
Қазақстан тарихы «Қазақстан-2050 стратегиясын» қабылдау қажеттілігі неден туындады? (10-сынып) |
Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел –ауқатының артуына бағытталған стратегияларды анықтап баға беру. |
«Қазақстан-2050 стратегиясының» негізгі бағыттарын талдау арқылы оқушылар оның қоғамдағы ұлттық бірлікті, бейбітшілікті қамтамасыз ету мүмкіндіктерін талдайды. |
Орта білім берудің жаңартылған мазмұны мұғалімге жас ұрпаққа ұлттық сана-сезімін қалыптастыру ұлттық тәрбиенің басты мақсаты болғандықтан, басты бағыттары да этностық, көпмәдениетті, зияткерлік тәрбие болуы тиіс «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асырудың негізгі бағыттары:
1.Этникалық тәрбие.
2.Көп мәдени тәрбие.
3.Зияткерлік тәрбие .
Сондықтан «Мәңгілік Ел» құндылықтары арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуде Қазақстан Республикасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды үш құрамдас бөлігі: этнос қалыптастырушы азаматтық және жалпыұлттық аясындағы мәнін дұрыс жеткізе отырып, Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің, ұлттық идеяны ұлттық ақиқатқа және халықтың тарихи тағдырына айналдыратын негізгі факторлардың мәні ұғындырылуы тиіс. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрамды бөліктері аясында жас ұрпақтардың ұлттық сана сезімін қалыптастыру моделі:
- Мен –этнос қалыптастырушы. «Мен – қазақ халқының өкілімін» деңгейіндегі этникалық барабарлық;
- Біз-азаматтық. Бұл «Мен, Біз – Қазақстан Мемлекетінің өкіліміз» деңгейіндегі азаматтық барабарлық;
-Баршамыз -жалпы ұлттық Бұл «Мен, Біз, Баршамыз – бәсекеге қабілетті ұлтпыз» деңгейіндегі жалпыұлттық (жалпымемлекеттік) барабарлықтың қалыптасу дәрежелерін анықтап, оған сай болу дегенді білдіреді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы «Адам және қоғам» білім саласында білім алушының жалпыадамзаттық, ұлттық-тарихи және әлеуметтік-мәдени құндылықтарға адалдықпен, әділеттілікпен, тілектестікпен, , жауапкершілікпен қарай білу; нормаға сәйкес өзінің азаматтық патриоттық ұстанымын және құқықтары мен міндеттерін заңнама мен қоғамдық сақтай білу; отбасында, ұжымда, қауымда әлеуметтік рөлін орындай білу; көпмәдениетті қоғамда өмір сүру мен қарым-қатынас жасай білу; өздігінен оқу, өз мүмкіндігін іске асыру, өзінің кәсіби бағытын анықтау; адамның физикалық және рухани денсаулығын, ақыл-ой жұмысын қолдау үшін салауатты өмір салтын жүргізу қабілеттерімен анықталады[4].
Қолданылған әдебиеттер тізімі
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995.
-
«Мәңгілік Ел». Патриоттық актісі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында сөйлеген сөзі. – Астана қ., 2016.- 26 сәуір.
-
Тәжібаева С.Ғ., Қажиева Г.Т. «Мектептің тәрбие үрдісінде оқушының ұлттық келбетін қалыптастыру» әдістемелік құрал.-Aлмaты, 2019 - 214 б.
-
http://history-state.kz/
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала «Мәңгілік Ел» құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырудың жолы

шағым қалдыра аласыз