400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала: Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, тілге бай, ойы орамды, рухани кемел ұрпақ тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы

Авторы: Раушан Айбергеновна Ордабаева, Мұнайлы ауданы, №18 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы

Бұл мақалада «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» авторлық бағдарламасының құрылымы, мазмұны мен оқушылардың тілдік, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытудағы рөлі жан-жақты талданады. Бағдарлама

4-сынып оқушыларына арналып, халық ауыз әдебиетінің алтын қорын – мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды оқу процесіне тиімді енгізуді көздейді. Авторлық бағдарлама ұлттық дүниетанымды қалыптастыруда, көркем сөйлеу мәдениетін жетілдіруде және шығармашылық әлеуетті ашуда өзектілігімен ерекшеленеді.

Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, тілге бай, ойы орамды, рухани кемел ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда бастауыш сынып – тұлғаның қалыптасу іргетасы. Тілді, елді сүю, сөз қадірін түсіну, ойды көркем әрі бейнелі жеткізу – балалық шақтан қалыптасатын рухани қасиеттер.

«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты курс – тіл мен ойдың алтын арнасын табысты тоғыстырған авторлық бағдарлама. Оның өзегі – халық даналығын игеру арқылы баланың тіл байлығын дамыту және ұлттық рухқа баулу.

Курс мақсаты – оқушыларды мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы көркем ойлауға, ұлттық дүниетанымды қабылдауға және тілдік қорын байытуға бағыттау. 34 сағатқа құрылған курс мазмұны 7 бағыттан тұрады: табиғаттан сыр тартқан мақалдар, Отан туралы өсиеттер, еңбек пен білімге қатысты нақылдар, халықтық және қазіргі жұмбақтар, көркем сахналау мен жоба жұмыстары.

Бұл құрылым баланың тілдік, логикалық, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін кешенді дамытуға бағытталған.

Бағдарламада оқушы – сабақтың белсенді кейіпкері. Әдістер арасында диалогтік оқыту, сахналық көрініс, эссе жазу, мақал құрастыру, жоба қорғау, рөлдік ойын, суретпен жұмыс секілді шығармашылық тәсілдер басым. Әсіресе, мақалдар арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мен жұмбақ құрастыру жұмыстары баланың бейнелі ойлауын, тапқырлығын шыңдайды. Практикалық тиімділігі:

Бағдарлама жүзеге асқан жағдайда оқушылардың:

Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды түсіну, қолдану дағдылары қалыптасады;

Сөйлеу мен жазуда көркемдік пен бейнелілік артады;

Жеке және топтық жұмыс арқылы зерттеу, таныстыру, шығармашылық бастамаларға икемі дамиды;

Ұлттық болмысқа, халық сөз өнеріне құрметі тереңдей түседі.

Қорытындылай келе, «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» бағдарламасы – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан даналық мұрасын жаңа ұрпаққа игертіп, бүгінгі білім беру кеңістігіне лайықты үндестірген құнды еңбек. Ол – тек тілдік курс емес, бала санасына рухани құнар сеуіп, ұлттық таныммен тәрбиелейтін, шығармашылықты ұштайтын ауқымды жоба.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
197
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі