400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп жатқан барша мұғалімдерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.Мақалада жаңартылған бағдарламаның,яғни критериалды бағалаудың қыр-сырлары жайлы түсінік беріледі және өткен сандық бағалау жүйесі жайлы мағлұмат беріледі.Сонымен қатар критериалды бағалаудың тиімді тұстары жайлы толық мағлұмат алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала авторы: Кенжеханова Майра Кайратовна

Жұмыс орны: Ақмола облысы,Жарқайың ауданы,Тассуат НМ

Лауазымы: математика пәнінің мұғалімі

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ

ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ


«Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз» - деп Елбасымыз айтып өткен болатын. Қазіргі ғасыр жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып сабақты жандандырып өту заман талабы. Ол үшін мемлекет тарапынан қазіргі заман мұғалімдеріне жаңа талаптар қойылатыны хақ. Бұл тарапта мұғалім оқушыны өзіне үйіре білетін шебер, дана болуы қажет.

Оқу процесінде жаңа технологияларды жоғары деңгейде қолдана білсек, оқу тиімділігін арттырамыз. Заман ағымына қарай оқу мазмұнында жаңартып отыру керек. Балдық бағалау жүйесі білім мазмұнын қанағаттандырмайды. Сонымен қатар оқушылардың тақырып мазмұнындағы түсініспеушілік белең алған тұстарын анықтай алмауға келіп соқтырады. Міне, сондықтан да оқушы танымындағы өзгерістер мен жетістіктерді бағалау арасында көптеген қарама-қайшылықтар болды. Әлеуметтік сұраныстарға орай білім жүйесін жаңарту талап етіліп отыр. Осы орайда мектеп ұжымы мен ата-аналар арасында өзара түсіністік орнату, оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктерін толық жою мақсатында критериалды бағалауды қолдану маңызды деп ойлаймын.

Критериалды бағалауда білім мақсаты мен мазмұнына толық сәйкес келеді, оқушылардың оқу танымын дер кезінде қалыптастыруға себепші болады, нәтижесі айқын анықталған, оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Математика сабағында критериалды бағалауды қолданғанда:

  • оқушылардың танымдық қабілеті кеңейеді;

  • шығармашылықпен айналысуға жетелейді;

  • пәнге деген қызығушылықтары артады;

  • өзін және өзгелерді бағалауды үйренеді;

  • өзін еркін ұстай білетін тұлға қалыптасады:

Критериалды бағалауды қолдану арқылы мұғалімдер сапалы нәтижеге қол жеткізеді, дер кезінде білім алушылардың қателіктері мен олқылықтарын анықтайды,тақырыпқа сай оқушының дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік алады. Білім алу барысында оқушы өз бағасының әділдігіне көз жеткізеді және алған бағасына деген ешқандай күмәні болмайды. Оқушының білім деңгейін меңгеруде қай сатыда екендігі анық көрініс табады. Оқушы мен мұғалім және ата-ана арасында кері байланыс орнап отырады. Критериалды бағалауда оқушының жұмысы бағаланып отырады. Оқушы өз жұмысын бағалауда нақты мүмкіндік алгоритмін біледі және жіберілген қателер бойынша қосымша жұмыс істеп, өз-өзін дамытып отыруға мүмкіндік алады. Жүйелі критериалды бағалау әдісін жүргізу оқушы бойындағы шығармашылық қабілетті де дамытады. Оны сабақ барысында оқушының ынтасының жоғарлауынан көруге болады. Шығармашылыққа талпындыра білу де мұғалімнің жаңаша әдіс-тәсілдерді шебер қолдана білуі.

Критериалды бағалау екі түрлі бағалауда жүреді: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау

Қалыптастырушы бағалау табысқа жеткізу баспалдағы. Сабақ беру мен оқытудың бөлінбейтін бөлігі. Мұғалім қалыптастырушы бағалаудың мақсатын іріктеп алуы керек. Бұл бағалау әрекетінде оқушы мақсатын нақты анықтай алады. Қалыптастырушы бағалаудың ең басты мақсаты – білім алушының оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының олқылықтарын дер кезінде анықтап, мұғалім-оқушы арасында кері байланыс орнатып отыру.

Қалыптастырушы бағалаудың ең басты ерекшеліктері – оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзету, оқушының тақырып бойынша қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, психологиялық жақсы орта орнату, бағаның әділдігі, анықтылығы, ашықтығы және өзін-өзі бағалау дағдылары.

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізіліп отырса , жиынтық бағалау нәтижелі және сапалы болады. Жиынтық бағалау тоқсан ішінде және соңында жүргізіледі. Оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс. Осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

Сөзімді қорыта келе критериалды бағалау оқушылардың әділ баға алуына мүмкіндік туғызады. Оқушыға әрдайым кері байланыс беру арқылы , мұғалімдер оқу үдерістерін ұйымдастыруда белсенді жұмыс атқарады. Сабақ мазмұнын жандандыру мақсатында мұғалімдер оқыту және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін,техникасын жиі өзгертіп отыруы қажет. Мұндай бағалау жүйесін мұғалімдер қауымы теориялық және практикалық ұйымдастырудың алгоритмін жақсы меңгергенде жоғары нәтижесін көрсетеді.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1.Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет.


2.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , 55-бет, 107


3. www.cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.


4.http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
953
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі