Медициналық
құралдарда атомдық
және ядролық факторларды
қолданудың
физикалық негіздері
Денсаулық
сақтау – мемлекет саясатының маңызды
бағыттарының бірі. Елбасы «Дағдарыстан
жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына
жолдауында денсаулық сақтау ұйымдарының
жаңартылуына, олардың заманауи құралдармен
жабдықталуына, білікті мамандар даярлауға
ерекше мән беріп отыр. Медицинада атомдық
және ядролық физикалық факторларды
диагностика мен емдеу ісінде қолданылуы
маңызды, өзекті мәселелердің бастысы.
Атомдық
және ядролық факторларды диагностикалық
бағытта қолдану В. Рентгеннің 1895 ж. Х-
сәулесін ашқандығы туралы мәлімдемесінен
басталады және ол рентгенодиагностика
деген атауға ие болды.
Рентгенодиагностика-рентгенграфия,
флюорография, электрентгенография,
рентгенскопия және томография түрлеріне
бөлінеді.
Бұл
диагностикалық әдістердің бір-бірінен
айрымашылы: алынған кескінді-рентгенограмманы
бақылу мен тіркеуде, ал кескінді алудың
физикалық негізі барлығында ортақ
болады. Рентгенографияда зерттелінетін
адам мүшесінің кескінінің рентгенограммасы
– фотопленка бетіне түсіріледі, ал
флюорграфияда –көлемі шағын фотопленкада
тіркеледі. Экранның люминофорлы қабаты
60% цинк сульфидынан, 40% кадмии сульфитынан
тұрады. Мұнда экранға түскен рентген
сәулесінің интенсивтілігіне сәйкес,
оның люминофорлы абаты сәулелер шығарады.
Рентген сәулесінің ішкі мүшелерге әр
түрлі дәрежеде жұтылғандықтан, денеден
өткен сәулелердің интенсивтілігі әр
түрлі болып, соған сәйкес экран бетінде
ішкі мүшелердің кескіндері әр түлі
болып көрінеді. Электрлі рентгенографияда-
пациенттен немесе оның белгілі бір ішкі
мүшесі арқылы өткен рентген сәулесі
жартылай өткізгішті селен пластинкасына
келіп түседі. Мұндай пластинкалардың
беті γ-
сәулесіне пропорционалды түрде
зарядталады. Осылайша пайда болған
жасырын кескінді көру үшін, кескінді
ацетон буымен бекітеді. Бұл әдістің
басты артықшылығы бір селен пластинкасы
арқылы 1000 астам кескін алуға болады
және адам ағзасына әсер ететін рентген
сәулесінің дозасы аз болады.
Комптьютерлік
бағдарлама көмегімен детекторлардан
келген электрлік сигналдарды өңдейді
де, кескінге айналдырады. Осылай, алынған
кескінде диагностикалық мәлімет
стандарты рентген кескініне салыстырғанда
әлде қайда көп, оның үстіне кескінннің
кез келген қажетті бөлігін өңдеуге,
жеткізуге медициналық талаптарға
байланысты іс- әркеттер жүргізуге үлкен
мүмкіндік беріледі. Санды рентгенография
кезінде пациенттің алатын рентген
дозасы 100 есеге дейін кемиді.
Рентген
түтігінен шығатын гамма - сәулесі
коллиматор арқылы жазықтықпен, веер
тәрізді ағын түрінде таратылады. Ол
зерттелінентін объектіні қиып өтіп,
қарсы беттегі қабылдағыш – детекторға
келіп түседі де, сәуленің денеде жұтылу
шамасын анықтайды. КТ рентген түтігі
мен оған қарама-қарсы бетке орнатылған
детекторлар жүйесі бірігіп, шеңбер
бойымен 40-500 сектор ішінде, рентген
түтігі мен детекторлар арасына орналасқан
зерттелінетін денені айнала қозғалады.
Зерттелетін денеден өткен рентген
сәулесін детекторлар электр сигналына
айналдырады. Бұл процесс денені толығымен
зерттеп біткенше жалғасады. Соған сәйкес
зерттелетін денелердің ілгерілемелі
қозғалысы әсерінен алға жылжыған келесі
қабаты арқылы гамма- сәулесі өтеді де,
бұл жолы рентген түтігі мен детекторлар
денені 40-500 сектор аралығында айнала
қозғалады. Осылай дененің қажетті аймағы
немесе бөлігі белгілі бір қадаммен және
қалыңдықпен қиып зерттелінеді.
Жинақталатын мәліметтер математикалық
теорияның принциптеріне сәйкес
компьютерде өңделеді де, жазық түрдегі
жеке проекциялар жинақталып, дененің
фронталь немесе осі бойынша жазықтықтағы
көлемдік көрнісі, көлденең қабаты
бойынша белгілі бір қалыңдықта кесілген
қиынды көрнісі жайлы диагностикалық
мәліметтер алынады.