Материалдар / Мақала “Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу жолдары”
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала “Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу жолдары”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала “Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу жолдары” XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Наурыз 2023
143
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала

Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу жолдары


XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Мектепке дейінгі ұйым – бұл дамуға ұмтылған, жаңа мүмкіндіктерді іздеген, баланың, жанұяның, қоғамның сұраныстарын қанағаттардыруға қажетті жағдайларды жасайтын, педагогтардың шығармашылық және кәсіби жұмыстарын жағдаймен қамтамасыз ететін, заманауи талаптарға жауап беретін күрделі ағза. Демек, осы мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жандандыруда инновациялық технологиялар мен әдістердің маңызы өте жоғары. Жалпы бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым жұмысына инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу бірқатар шешуге болатын қиындықтарды туындатады. Олар жасалатын жұмыс ауқымының артуы, лауазымдық міндеттер шеңберінің кеңеюі, инновациялық технологиялар мен әдістердің жеткіліксіз ресурстық қамтамасыз етілуі, материалдық және моралдық ынталандырудың әлсіздігі, ал балалар үшін оқу жүктемесінің артуы орын алып отыр.

Еліміздің қоғамдық өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру жүйесіне, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға сәйкесті өзгерістер енгізуді талап етеді.

Сондықтанда, бүгінгі мектепке дейінгі білім беру жүйесіне, оның сапалы мазмұнын жаңғырту мәселелеріне айырықша көңіл бөлінуде.

Қазір мектепке дейінгі ұйымға балалармен үдемелі инновациялық технологиялар мен жаңа бағдарламалар негізінде жұмыс жасауға қабілетті педагог қажет. Ол көп білуі, өзімен тұрақты жұмыс жасауы, арнайы білік және дағдылары болуы тиіс; өз шеберлігін тұрақты түрде жетілдіруі, инновациялық технологияларды, дәстүрлі емес әдістерді меңгеруі; компьютерді білуі, Интернетті пайдалана білуі қажет. Егерде әр балабақшада осындай тәрбиеші-педагог болса, онда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бүгінгі күн талаптарына, ата-аналар мен қоғам талаптарына жауап беретін болады.

Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:
-Денсаулық сақтау технологиясы
-Жобалы-іс шығармашылығы
-Ізденіс-шығармашылық технологиясы
атынастық-ақпараттық технология
-Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы
-Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы
-Ойын технологиясы
-Триз технологиясы және т.б


Мектепке дейінгі білім беру үдерісіне енгізу үшін үлгіге мынадай әдістер мен технологиялар ұсынылады.

Мнемоника немесе мнемотехника – қосымша байланыстардың пайда болуымен есте сақтауды жеңілдететін және есте сақтау көлемін ұлғайтатын түрлі тәсілдердің жүйесі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға мнемотехника тәсілдерін қолдану аса маңызды, өйткені сыртқы құралдардың әсерінен ойлап шешетін тапсырмалар ауызшаға қарағанда көрнекі материал арқылы жақсы меңгеріледі. Дамыта оқытуда балаларға тілдерін дамытуға бағытталған, олардың белсенді сөздіктерін байытатын, сөз жасау дағдыларын бекітетін, заттарды сипаттайтын, мәтіндер құрауға жәрдем беретін көрнекі үлгілер қолданылады. Сипаттау мәтіндерін құрауда мнемотехника тәсілдерін, мнемотаблицаны немесе заттарды сипаттау үшін сызба-жоспар тәсілдерін қолдану мнеможұмбақтарды құрауға жәрдем етеді. Бұл жұмбақтарды шешу барысында белгілері бойынша нысандарды анықтайды. Кіші топтарда алғашқы кезде педагог әрбір берілген суреттерді жан-жақты түсіндіреді. Ал келесі кезеңде ересек топтарда суретке қарап,онда не жасырылып тұрғанын өз бетінше тауып, түсіндіруді ұсынылады.

Дамытушы технологиялар. Дәстүрлі оқытуда балаға үйрену үшін дайын өнім мен әрекеттің үлгілері беріледі. Ал дамыта оқытуда бала өзінің әрекеттерін талдау нәтижесінде мәселені шешуге өз бетінше қол жеткізеді.

Ақпараттық технологиялар – анимацияларды, фильмдерді тұсаукесерлер слайдтарын қолдану үйретілетін құбылыстарға балалардың белсенді танымдық қызығушылықтарын танытуға мүмкіндік береді. Танымдық ертегілер балаларды қоршаған ортамен таныстыруға, айнала қоршаған шындыққа белсенді танымдық қарым-қатынасты туындатуға және құбылыстардың мәніне жетуге мүмкіндік беретін білім қорын жинақтауға бағытталған. Танымдық ертегілер балаларды бөлек деректермен таныстырады, құбылыстардың артында не жатқанын айтады. Ертегілер мынадай талаптарға сәйкес болуы керек: танымдық материалдан құрылуы, балаға бала жасына сәйкес білімнен хабар етуі, оның мазмұнын білуге дене қызығушылыққа баулуы керек. Танымдық қызығушылықты туындату үшін міндеттерді шешу басқа жағымсыз сәттермен жасырынбай кейіпкерлердің әрекетінің бел ортасында болғаны, ғылыми мазмұнға қызығушылыққа шақыруы, күрес, жанашырлық пен кейіпкерді іздеу нақты осы мазмұнмен байланысты болуы, соның айналасында шоғырлануы, сонда іске асуы қажет. Ертегі балаларды қызықтыруы үшін: ертегідегі барлық қимылдардың өрбіуі сол сауалдардың шешімі болуы, сауал мен оның шешімі бала үшін жағымды кейіпкердің тұлғасында нақтылануы, сонымен бірге ол қуанатындай, қобалжыйтындай, ойша күресе алатындай, қойылған мақсатты іздеуді және шешуді, сауалды шешу жай ғана баяндау сипатында берілмей, кейіпкердің белсенді әрекетінің нәтижесінде берілуі қажет.

Пластилинография – ермексазбен жұмыс балаға түсті сезінуге, ұсақ саусақ моторикасын жүзеге асыруға және балаға жағымды көңіл күйді сезінуге мүмкіндік береді. Мүсіндеу әрекетіндегідей пластилинографияда кіші топтарда басу, сипалау, тегістеу, жалпайту, жаю тәсілдері қолданылады, ал ересек топтарда түстер бір-бірімен араластырылып қосымша түстер алынады.

Денсаулықты сақтау технологиялары – өзінің денсаулығын қолдауға қажетті білім, білік дағдыларды қалыптастыру мен дамыту. Фитбол-ертегілер. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға педагог ертегі мазмұнын бұрыннан таныс балалардың білетін қимылдарымен суйемелдей отырып айтады. Балалардың назары ертегінің мазмұнында болғандықтан жаттығуларды орындау қызықты және еліктірер сипатта болады. Ал ересек жастағы балалар үшін күндізгі ұйқыдан соң балаларды сергіту үшін қолдануға болады.

Жобалау технологиялары – бала мен педагогтың бірлесіп жүзеге асыратын эксперименттік әрекетін құру. Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс-әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады. Кіші мектепке дейінгі жастағылармен мынадай тақырыптарда: «Пішін, түс, көлем»; «Жыл мезгілдері», «Су», «Қар», «Құм», «Жарық пен жылу» жұмыстарды өткізуге болады. Ал ересек жаста баланың бастамашылдығы, белсенділігі, мүмкіндіктері айтарлықтай арта түседі. Бұл жас кезеңі балалардың танымдық қажеттіліктерін зерттеу, іздеу әрекеті түрінде «жаңаны» ашуға,ойлаудың өнімді түрін дамытуға бағытталған дамыту үшін маңызды.

Анималотерапия – бұл балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жануарларды қолдану болып табылады. Жануарлармен өзара әрекет ету арқылы балаларда айналасындағыларды түсіну, сезіну және жанашырлық таныту қабілеттері қалыптасады. Жануарларды бақылау және олармен өзара әрекет ету баланың әлеуметтік ортада табысты бейімделуі үшін қажетті интелектуалдық қабілеттерін дамытуға жағымды әсер етеді.

Инновациялық әдістері мен технологияларды енгізу жоспары төмендегідей:

1.Тақырыбы(педагог барынша өзекті және өзіне қолжетімді әдіс пен технологияны белгілі бір уақыт бөлігіне таңдайды, мысалы, Ақпараттық технология – Танымдық ертегі – қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан. Дидактикалық жобалау – Ортаңғы топқа арналған информатика бойынша үйретуші бағдарлама – қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр).

2.Ұйымдастырған оқу іс-әрекеттері және басқа да іс-әрекеттер(тіл дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, экология негіздері, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, музыка, дене шынықтыру, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру бойынша ұйымдастырлған оқу іс-әрекеттерінде)

3. Қажетті материалдар(интерактивті тақта, слайдтар,видеофильмдер, мультфильмдер)

4.Әдістер мен тәсілдер(информатика элементтерімен қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша: Информатика әлемінде; Менің досым Антивирус; Математика әлемінде; Геометриялық пішіндер әлемінде)

  • Бағалау (педагог пен баланың көзқарастары бойынша) (Балаларды бағалауға сұрақтар: Не ұнады? Нені білгің келді? Неге ұнамады? Бағалау критерийлері – шеңбер – 5 балл, квадрат – 4 балл, үшбұрыш – 3 балл. Бағалау критерийлері – қанағаттарлық – 1-10 балл, жақсы – 11-20 балл, өте жақсы – 21- 50 балл).

  • Әдісті байыту мен жетілдіруге ұсыныстар (Геометриялық пішіндер; Уақытты бағдарлау; информатика элементтерімен үйретуші бағдарлама: Монитор, Перне тақта, Вирус, Антивирус).

  • Жоспардың орындалуы – практикалық бөлім (балаларға арналған түрлі деңгейлі тапсырмалар: төменгі деңгей – 1 тапсырма; орта деңгей – 2-3 тапсырма; жоғары деңгей – 4-5 тапсырма. Шығармашылық тапсырма компьютерлік ойындар)

  • Қорытындылау – жаңа оқу жылына әдісті әзірлеу (дидактикалық жобалау) үшін міндеттерді анықтау(Танымдық ертегі элементтерімен экология негіздері, сауат ашу және жазу негіздері бойынша үйретуші бағдарламалар).

Күтілетін нәтижелер:

мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық үлгісіне көшу;

мектепке дейінгі ұйым жұмысының сапасын арттыру үшін мектепке дейінгі ұйымда инновациялық білім беру кеңістігінің үлгісін жетілдіру; – өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырушы педагогтардың санын арттыру; – педагогтардың инновациялық педагогикалық тәжірибені аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде жалпылау мен таратуға белсенді қатысуы; – заманауи білім беру технологияларын меңгерген педагогтардың деңгейін арттыру.

мектепке дейінгі ұйымның бәсекеге қабілетілігін арттыруға бағытталған үздіксіз дамуын қалыптастыру;

Бағдарламаның мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын балаларды жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жан-жақты дамытуға бағытталған, инновациялық технологиялардың негізгі түрлеріне негізделген.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (23.08.2012 ж. № 1080 ҚРҮҚ).

  1. Ф.Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика, Астана, Фолиант,

2008,336 бет

  1. Программа по внедрению инновационных методик и технологий

дошкольных организациях , Тусупова А.Қ. Астана, 2015ж.

  1. Тәрбие құралы журналы №1 2020 ж

  2. Отбасы және балабақша журналы №5 2021ж



 




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!