«Мен жастарға
сенемін...»
Қазақ әдебиетінің жарық
жұлдызы Мағжан Жұмабаев біз үшін кім, қандай ақын, қандай адам? Бұл
сұрақтарға бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Жырымен жұртын
оятқан, әдебиет көгінде жарқырай жанған жарық
жұлдыздардың бірі ақын Мағжан сөз қасиетін бойына мол сіңіріп,
маңдайы жарқырап туған бірегей тұлға бола тұра тағдыры тым қысқа
әрі ащы, халқының маңдайына сыймай кеткен ақиығы
еді. Ол қазақ халқының асыл мұраларын келешек
ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажет деп санап, артында мол мұра қалдырды.
Халқының болашағына сеніп, келешектен зор үміт күткен, кейінгі
ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген Мағжан –
ұлтжанды ақын. Көзі ашық, сауатты
әкесі Бекен өз балаларын
заманына сай перзент болуын қалап, бұлақ көзін аша білді. Мағжан
өлең жазумен тым кішкентай күнінен
шұғылданды.
Сөз құдіретінің сырын ашып, ой
саптау шеберлігін танытқан ақын Мағжан «Жастар! Алда жүрген Алаш
жолына аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі, өрнек
алыңдар. Елдіктен, ерліктен айрылып, екі жүз жылдай еңсесі түскен
елді ойлаңдар! Күнді - түн, жақынды - жат, пайданы – зиян деп
жүрген, толық саяси құқықтарын іздеп алуға ер жетіп, есі кірген
елді ойлаңдар!» дей келе «Мен жастарға сенемін» деген әйгілі өлеңін
жазды. Өлең сол кездегі қазақ жастарының ел-жұрты алдындағы тарихи
міндетін, болашаққа бағдарын көрсетіп берген миссиясы секілді
болды. Осындай бағыт берген Мағжан өзі не бәрі 25-ақ жаста е
ді.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға
ар,
Мен жастарға сенмін!-деп
жастарды намыстылыққа, қыздарымызды атақ-абыройларына дақ
түсірмеуге шақырады. Жастарды ақиқаттың ауылынан алшақтатпай,
ар-намысын бірінші орынға қоюға үндейді. Мағжан да әділетсіздікке
қарсы шығып, ар-намысын алға қойып өмірден ерте озбады ма...?!
Сондықтан Мағжан салып кеткен осындай дара жолға жастарды бағыттау
үшін тәрбие керек. Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, рухты
болса, тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болары сөзсіз. Әрбір қазақ
жастары ұлтжандылықты бойына сіңіріп, ұлттық намысты жоғары қоюы
керек. Тәуелсіз елімізді көркейтіп, дамытып, ұлттық құндылықтарды
бойына сіңіріп, тек қана алға ұмтылуы, ел үмітін ақтауы
қажет.
Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай
қайратты.
Қырандай күшті
қанатты,
Мен жастарға сенемін! – деп
сенім артқан бүгінгі жастардың келбеті қандай? Жастар ақын сенімін
ақтап жүр ме? деген сұрақтар көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық,
рух-жігер, табандылық, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады.
Тәрбиелілікті көрсетеді. Әрине, ондай тәрбиені жастар ата-анадан,
өскен ортасынан және рухани – адамгершілік құндылықтардан алады.
«Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір», – дейді дана халқымыз.
Десек те, жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын жасырып, қоғам
өмірі үшін аса маңызды бұл мәселеге атүсті қарап, жалған намыспен
мақтанға бой алдырмауымыз керек. Соңғы кезде үміт артар
жастарымыздың бойындағы теріс қылықтарды, қазақи болмысқа мұлдем
ұқсамайтын жат бейнелерді көріп, қынжыламын. Жастар – еліктегіш,
қоғамда болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой елегінен
өткізбей жатып, бойға сіңіріп үлгереді. Тіпті, өзінің қазақ екеніне
арланып, өз тілінде емес өзге тілде сайрайтын, діни адасушылықтар,
терроризм, жастар арасында есірткінің таралуы,
ғаламтор желілеріне
тәуелділігі, мәдени деңгейдің құлдырауы
қоғамымыздың өзекті мәселесі болып отыр.
Өзекті мәселені шешудегі басты
бағдар – Алаш зиялылары секілді
алыптардың, Мағжан Жұмабаевтың өмірдеректері мен шығармашылық
жолдарын қазіргі ұрпаққа жақсылап танытып, жіті талдап, сөз
байлығын тайға таңба басқандай етіп, миына
сіңіріп, ұлттық құндылық пен рухани
ізгілікті жүректеріне жеткізіп оқыту
керек.
Дегенмен, «Жастар жалын
жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік
болады» -деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінгі жастар
бұрынғылармен салыстырғанда өзгешелеу. Олардың ой-өрісі, білімге
талпынысы, былай айтқанда адами құндылықтары
бөлектеу.
Бостандығымызды баянды етер
болашақтың барыс жүректі, қырандай күшті, арыстандай айбаты,
жолбарыстай қайраты бар жастарымыздың еліміздің көркейуі үшін
атқарылып жатқан игі істердің басы-қасында жүргені, Елбасы
бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің
түкпір-түкпірінде білім алып, әрқашан ізденіп, ғылым үйренуге
құлшыныс танытқан жастарымыздың бары көңіл қуантады. Бірқатар
болашақ түлектері қазіргі таңда еліміздің дамуына өз үлестерін
қосуда. Еліміздің көк байрағын биіктетіп, әлем алдында танытатын
да, Алаш атын аспанға шығаратын да – жастар! Сол жастарға дұрыс
бағыт-бағдар беру, ұлттық намысты жоғары қоюға жол көрсету,
заманына сай тұлға болуға тәрбиелеу – біздердің парызымыз. Ешкімге
ұқсамайтын қолтаңбасы бар Мағжан атамыздың өлеңдері, шығармалары
арқылы болашақ ұрпақтың отансүйгіш, елжанды, адал азамат болатынына
сенемін!