400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала. Мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімнің өз міндеті жайлы ой тұжырымдамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мен- елімнің патриотымын!

Сабақтың мақсаты: Шәкірттерді елімізді сүюге баулу. Халқымыздың ең қымбат ұлттық құндылықтарын дәріптеу.Әрі оларды елжандылыққа ,отансүйгіштікке баулу.Отанымызды сүюге, бағалауға, қорғауға шақыру.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Сынып ахуалын қалыптастыру үшін М.Шахановтың «.Төрт ана» өлеңін жатқа оқу

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Жебеп тұрар,демеп тұрар арқада,

Болу керек қасиетті Төрт Ана.

Туған жері - түп қазығы ,айбыны,

Туған тілі - сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр,салт санасы,тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама,

Ауыр әрі қасіретті болса да,

Төрт Анасын сыйламаған халықтың

Бақ жұлдызы ешқашанда жанбаған,

Бұл қасиетті Төрт Ана - тағдырыңның тынысы.

Төрт Ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.

2.-Иә, балалар, біз мемлекет болып қалуымыз үшін, халық боп сақталып қалуымыз үшін, осы төрт асыл дүниені төбемізге көтермесек, онда құрдымға кетеріміз анық. Ата-бабамыздың қанымен қорғалған жеріміз, тарихымыз, салт-дәстүріміз және ең қымбат тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғауымыз, бағалауымыз, сүюіміз керек.

3.Оқушыларды «Туған жер», «Туған тілі», «Тарих» және «Салт-дәстүр» атты 4 топқа бөлу.

4. Мұғалім :

-Әр топ өз топ атауларыңның біздің халықтығымыз үшін қандай маңыздылығы барын дәлелдеңдер!

Әр топ өздерінің топ аттарының ел үшін, халық үшін маңыздылығын айтып, зерттеушілік әңгіме құрады.

5. «Туған жер» тобына туған жерге байланысты мақал-мәтелдер , қанатты сөздер тауып жазды. Сол берілген сөздерден постер қорғау.

«Туған тіл» тобына тілге байланысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздерді тауып жазу тапсырылады. Сол берілген сөздермен постер қорғайды.

«Салт –дәстүр» тобына салт-дәстүрімізге байланысты мақал-мәтел, қанатты сөздер беріліп, сол сөздерді пайдаланып, оқушылар постер қорғау тапсырылады.

-Қазақ халқының өзіне тән асыл қасиеттерін санамалаңдар!

-Қандай жақсы салт-дәстүрлері бар?

-Ұлттық болмысымыздың қандай асыл қасиеттері бар?

Осы топтың оқушылары қазақ халқының асыл қасиеттерін санамалап, постер қорғайды

Shape2 Shape1

Халқымның асыл қасиеттері

«Тарих» тобына қазақтың соңғы ханы Кенесары жайлы постер қорғау тапсырылады.

Shape3 5. Әр топ постер қорғап болған соң, бейнетаспадан Кенесары жайлы деректі фильмнен үзінді көрсету.

Қорытынды:

6. Сынып оқушылары хормен «Көк тудың желбірегені» атты өлеңді хормен орындайды.

Үйге тапсырма: «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты эссе жа

Эпитет, теңеулерді мәтіннен таба алады.Шығармада н кейіпкердің психологиясын білдіретін үзінділерді таба алады. Бірақ үзінділерді талдауда, өз ойын жеткізуде шашыраңқылық бар. Мақал-мәтелдерд і қолдануға талпыныс бар

Шығарманың көркемдік ерекшеліктерін таба алады. Мәтіннен кейіпкердің психологиялық портретін көрсететін үзінділерді табуда қиналады.Мәтінн ен алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдануда кедергілер көп.

Шығармадан троп түрлерін қатесіз табады.Әрі Шығармадағы психологизмді табу үшін мәтіннен үзінділерді дәл таба алады.Берілген үзіндіні шығармашылық жұмыста еркін қолдана алады.Мәтіннен алынған үзіндіден кейіпкердің психологиялық портретін нақты жаза алады.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.06.2021
459
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі