Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: "Мен заманауи педагогпын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы мақала техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқытушыларға арналған. "Мен заманауи педагогпын" деп әрбір оқытушы өзіне есеп беріп отырса, еліміздегі білім беру жүйесінің сапасы артар еді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен заманауи педагогпын

Арнайы пән оқытушысы:

Азубаева Гульназ Ермухановна


Менің ойтолғауым осы дүниеге келгендегі мақсатым туралы болмақ. Әрқашан ұстаздық ету, бала оқыту мен үшін мамандық емес, бар ықыласыммен беріле атқаратын өмірлік таңдауым.

Ежелгі Римде мұғалім ретінде түрлі тілдер мен тарихты және тағы да басқа ілімдерді жетік білетін адамдар таңдалған. Ғұмырлар бойы білім беру, оқыту, жаңа өскелең ұрпақты тәрбиелеуге септігін тигізу, жаңа буынды ілім-ғылыммен сусындату қадірлі іс болып саналған. Кез келген педагог өз өмірін ұрпақ тәрбиелеу мен оқытуға арнайды.

Мен оқытушы мамандығын таңдаған сәтім әлі есімде. Болашаққа зер салып, толыққанды өмірдің өлшемін түсініп, шешім қабылдайтын сәтте осы шешімге зерделі түрде келдім. Әрине, осы мамандықты таңдауыма, өзіме ұстаздық еткен жандардың ықпалы зор болды. Ұлы ағартушы, педагог, этнограф, ақын, прозашы және де алғашқы мектеп ашушы Ыбырай Алтынсарин айтпақшы: «Ұстаз болу – қызмет емес, ұстаз болу – Жаратқанның берген сыйы. Ол үшін өзгеге ішіңдегі бар жалыныңды бере тұрып, орнына ештеңке сұрамайтындай үлкен жүрек керек». Келіспеске болмас, бере тұра сұрамайтын мамамдық екені рас.

Оқытушы болу дегеніміз, мен үшін білім беріп қана қоймай, біліммен қатар тәрбиені де бала бойына сіңіру деп түсінемін. Ал, тәрбиелеу қиын шаруа. Мейірімділікке, жақсылыққа ішкі дүниесін тазалыққа тәрбиелеу, әр оқушының қабілетін ояту, тура жолға түсіп, адаспауын қадағалап, қалыптастыру бұл менің жұмысым ғана емес, міндетім болып табылады. Түсінемін, менің алдымда орасан жұмыс пен эмоцианалды тұрғыдан жүгі ауыр міндет тұр. Алайда, еңбегіңнің жемісін көрген сәттерде, басқа мамандық туралы ойламайды да екенсің.

Жақында мындай сөздерді оқыдым: «Ұстаздарымен ел даңқты, ал оған даңты сыйлайтын шәкірттері». Әр бір сөздің мағынасы терең және адамға ой салады. Елбасы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біз шәкірттерімізге тұлға болып қалыптасып, адамгершілік тұрпатын сақтап қалуға көмектессек, олар өздерінің тараптарынан біздің еліміздің игілігі үшін жұмыс жасайды.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқытушысы болу – мамамандық қана емес, ол өмірлік бейнең. Cтуденттерімнің қызығушылығымен, олардың өмірімен өмір сүру мен үшін өте қызық. Сол сәтте шәкірттерімнің қажеттіліктерін толықтай түсіне бастаймын. Дәл техникалық және кәсіптік білім беретін оқытушының арқасында болашақта мамандық алумен қатар, тұлғалық қабілеттерін дамыту арқылы өзінің елінің дамуына орасан үлесін қоса алады. Кәсіптік қызмет атқару арқылы адам толығымен өз қабілеттерін ашып, өз мүмкіндіктерін көрсету арқылы толықтай бейімделеді.

Мен үшін ең үлкен мадақ, ол менің оқушыларымның осы өмірден өз орындарын тауып, шын мәнінде адалдық пен мейірімділік қасиеттеріне ие болуы. Оларды мақтан тұтқым келеді. Өндіріске келгенде олар туралы жақсы сөз айтылып жатса, олардың жетістіктерін көру арқылы марқайып қаламын. Тек мақтанып қана қоймай, менің де осы шәкіртерді тәрбиелеп, әлеуметтік өмірге бейімдеп, жоғарғы кәсіптік маман болуы үшін білім беру арқылы өз елімнің ғылыми-техникалық, әлеуметтік дамуына үлес қосып жатқанымды түсінемін. Ұстаз үшін бұдан асқан мадақ пен марапаттың шыңы жоқ деп білемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
438
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12