400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала "Менің сыныбым - менің мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің сыныбым – менің мақтанышым!

Өмірдегі көп мамандықтардың ішіндегі икемділікті, білімділікті, шеберлікті, мейірімділікті, шәкіртжандылықты қажет ететін мамандық – ұстаз деп білемін. Бұл мамандық адамнан аса жоғары білімді ғана емес, рухани күш пен табандылықты және батылдықты да талап етеді. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өміріндегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатыны анық. Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Мұғалім, оның ішінде сынып жетекшісі баламен, ата – анамен ынтымақтаса байланыс жасап жұмыс жасайтын адамның бірі. Сынып жетекшісі болу – бұл өз оқушыларыңның арасындағы керемет қарым – қатынас қуанышына куә болу, оқушыларыңның махаббатына бөлену.

Менің сыныбым...... Осы тақырыптың төңірегінде ойланғанда, менің ойымда оқушыларыммен бірге өткізген мектептегі күндерім елестейді. Ең алғаш оларды көруім, олардың мектеп табалдырығын аттаған күндері, ең алғашқы бірге өткізген сынып сағатымыз, бәрі көз алдымда. Оларды оқыта жүріп, өзімнің де үйренерім көп болды. Менің жетекшілік ететін сыныбым 4 «В» сыныбы. Менің сыныбым – үлкен бақытты отбасы. Мен өз сыныбыммен үнемі бірге жүріп, олардың әрқайсысының мінез – құлықтарын, әдеттерін жақсы тани алдым. Мен өз сыныбымды мақтанышпен айта аламын. Әр оқушым мен үшін дара тұлға. Сыныбымдағы 11 ер бала, 17 қыз баланың әрқайсысы да өнерлі жандар. Менің оқушыларым көптеген Республикалық, қалалық, аудандық, мектепішілік байқаулардың, ғылыми жобалардың, олимпиадалардың, спорттық сайыстардың жеңімпаздары. Мектепішілік рейтинг бойынша 3 жыл қатарынан бастауыш сыныптар бойынша сыныбым «Үздік сынып» кубогімен марапатталды. «Эрудит» Республикалық білім сайтының ұйымдастыруымен өткен «Үздік сынып» байқауында ұйымшылдығымен ерекше көзге түсіп, ұжымдық белсенділік танытқанымыз үшін I орынмен марапатталдық. Әрбір жеткен жетістіктерімізді оқушыларым ғана емес, олардың ата – аналары да мақтан тұтады. Олардың марапаттары отбасылық құндылықтарының қатарына қосылып, оқушыларымның жаңа белестерге жетуіне көп күш – қуат береді.

Сыныбым мақтанышым, ұландарым!

Иесі болашақтың қырандарым

Болса да сәл тентектеу, әрі ерке

Жайқалған жас қайың ғой шынарларым!





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
2923
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі