400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Мақала "Мұғалім - ұлы тұлға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз деген сөзде қаншама мән мағына бар. Ұстаздардың балаларға берер білімі тәрбиесі өте мол. Сондықтан мен осы мақаланы жариялауды қаладым.Әрбір ұстаз балаларға білім нәрін сусындатып отырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Мұғалім – ұлы тұлға Өмір теңіз болса гаухары мұғалім,Өмір алтын болса зергері мұғалім.Өмір ақын болса сөзі мұғалім,Өмір жүзік болса көзі мұғалім. Мен бұл тақырыпты қою мақсатым білім мен ұстаз арасындағы ажырамас,тығыз байланыс «Мұғалім –ұлы тұлға» деуімнің үлкен себебі бар. Саралап қарасам, даналық сөздер легі анадан кейін ұстазға арналады екен. «Кел балалар оқылық» деп сахара төсінде шәкірттерін оқуға шақырған дала педагогы Ыбырай Алтынсарин, «Өнер білім бар жұрттар, тастан сарай салғызған» деп жастайымыздан білім, өнер ғана алға жетелейтінін зердемізге салған Абай атамыз, қазақ әліпбиінің негізін салған Ахмет Байтұрсынов аталарымыздың жолын болашаққа жалғаған мұғалімдерімізді қалай мадақтасақ та жарасымды.Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.Ұстаз болу – сенімнің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы- деп өлең жолдарында айтылғандай ... Ұстаз білікті маман, тәрбиелі тұлға ретінде шәкірт жүрегіне білім теңізінің нәрін құя білуі керек. «Ұстаз шәкіртке білім жолын үйретеді, білімді жан тас қамалды күйретеді» деген нақыл сөздің түпкі мағынасына үңілсек. Егер мұғалімнің кәсіби білімі қаншалықты жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген оқушы соншалықты сауатты. Осыған байланысты білім берудің негізгі мақсаты: алған білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру. «Мектеп жаны - мұғалім» деп тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ұрпаққа білім беретін мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен дайындалуы тиіс. Көп іздену, дайындалу, көрнекіліктер, қосымша әдебиеттерді, тиімді әдіс – тәсілдерді орынды қолдана білу негізгі мақсат. Қазіргі білім мамандарының іскерлігі, білімі мен біліктілігі , ой ұшқырлығы өте қажет. Қазіргі кезеңде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты оқушылардың дербестігін байқамау мүмкін емес. Оқушыларды шығармашылықпен байланыстыра оқыту оқушылардың жеке – дара қасиетін кеңейтеді. «Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов айтқандай , азаттық пен егемендікті ту етіп отырған жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім қажет. Сондықтан оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісін жаңа талап тұрғысынан енгізуіміз керек. Алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін-өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір орынды білетін Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеуіміз үшін, оқушының ықыласын оятып, өзінің ғана емес, өзгенің өсуіне де ықпал ететіндей деңгейге жеткізуге тиіспіз. Сондықтан білімді, нағыз азаматты оқытып, тәрбиелеп шығару үшін, ұстаздар қауымы қажымай, талмай, Абай атамыз айтқандай : «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп көптен көп еңбек етуіміз қажет.

Мамлют қазақ мектеп-интернатыныңбастауыш сынып мұғалімі:Мухаметжанова Нургул Шегеевна
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
2979
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі